Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Істі кейінге қалдыра бермеңіз

Істі кейінге қалдыра бермеңіз

Істі кейінге қалдыра бермеңіз

Маңызды тапсырманы уақытылы орындамай, соңғы мерзімге дейін қалдыру – өзіңізді әрдайым стрессте ұстаудың бірден-бір жолы. Осылайша сүйікті жұмысыңыз бірте-бірте шаршатарлық іске айналып, қолыңыздан келмей кетеді. Бұндай болмас үшін, мына қарпайым кеңестерді  күнделікті қолданып жүріңіз.

1. Ең ауыр тапсырмадан бастаңыз                

Жұмысты ең ауыр, орындалуы ең қиын тапсырмадан бастаңыз. Басында сол тапсырманы тындырып тастасаңыз, әрі қарай жұмыс оңайырақ жүреді. Сондықтан да таңертең жұмыс күніңізді шай ішу мен пошта тексеруден емес, қызу жұмыстан бастаңыз. Осылайша күш пен қуат бар кезде тапсырманы әдеттегіден тезірек орындайсыз. Ал майда жұмыстарды ерекше шаршайтын кездерге қалдырыңыз.

2. Үлкен тапсырмаларды бөлшектеңіз                 

Көп жағдайда бізге қойылған тапсырманың қиындылығы соншалықты, біз оны қай жерінен бастап, қалай аяқтарымызды білмейміз. Егер оны бірнеше бөлікке бөліп, бірінен кейін бірін орындап көрсеңіз, жұмыстың жүргенін байқайсыз. Тапсырманың бір бөлігін орындағаннан кейін, оны әрі қарай тезірек бітіруге ынтаңыз көбейіп, ісіңіз оңай жүреді. Тапсырманы бөлшектегеніңізді қағазға жазып алып, әр кішігірім тапсырманы орындағаннан кейін, оны сызып отырсаңыз болады.

3. Өзіңізді мақтаңыз                                                     

Жұмысқа жақсылап кіріспеудің тағы да бір себебі өзімізді жеткілікті дәрежеде мақтап, марапаттамау. Өзіңізді орындалған жұмыс үшін марапаттау тәсілін ойластырсаңыз, жұмысқа деген ынта да көбейе түседі. Арықтауға ниеттеніп жүрген арулар өздерін тәттімен ынталандырмағаны жөн. Ынтаңыз 5 минуттық демалыс, қоғамдық желілерге кіріп, жаңалықтарды қарау, сүйікті әуендерді тыңдау не аула немесе кеңсе қабаттарымен серуен болсын.

4. Еш қиыны жоқ                                  

Тапсырмаға 10 минут бөліп, артынан бір демалып аламын деп уәде беріңіз. Міне қызық, қиын тапсырмаларды орындауда ең ауыры – оған кірісу. Ал белгіленген уақыт өткеннен кейін жұмысқа соншалықты кірісіп, демалғыңыз да келмей қалады. Есіңізде болсын, ең бастысы – ниет!

Іске сәт!

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: stockinform.ru

522 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 05 маусым 2013, 11:14
Пікірлер
+0
05 маусым 2013, 11:19

еріншектің ертеңі бітпейді дейді ғой)

+0
05 маусым 2013, 12:37

:lol: мынаның бәрін қолдануға тырсады екем, бірақ кейінгі кезде тым еріншек боп барам

+0
05 маусым 2013, 15:26

Осы тәсілдердің жұмыстың тез жүруіне көмектесетінін біліп тұрсаң да, еріншектікке бой алдырып ала бересің ғой, әттең. Автобуста кетіп бара жатып, міне, қазір барған бойда интернетті ашпастан, жұмыс істеймін деп өзіңше настрой жасап барасың, қайдан компьютердің алдына отырған бойда жаңағы настройдың қайда ұшып кеткенін байқамай қаласың ғой

+0
06 маусым 2013, 22:52

дддәәлл солайй :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...