Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қыздардың тілі. Сүйетініңді білемін

Қыздардың тілі. Сүйетініңді білемін

Қыздардың тілі. Сүйетініңді білемін

Кеше редакциямыздың жігіттері қыздардың тілін толықтай меңгеріп алдық деп мақтанып тұрып жазған мақаласын оқып шығып, олардың қателесіп тұрғанын беттеріне айтқымыз келіп тұр. Иә, мүмкін кейде біздер нәзік жандылар бір нәрсені айтып тұрып, екінші дүниені ойлап тұруымыз мүмкін.  Бірақ біздің көбінесе айтып тұрған сөзіміз ойымызбен сәйкес келеді. Келмеуі мүмкін емес. Жігіттер айтып жатады ғой, табиғатымыз сондай деп. Ойлаған нәрсені тіке айтпайды деп, иә кейде жұмбақтап та айтамыз. Неге деген сұрақ туындауы мүмкін бұл сәтте. Бәрі тым оңай. Бәрін тіке айтып тастасақ, несімен қымбат болады нәзік жан? Жігіт деген қыздың ойын - жасырылған жұмбақтың шешімін тапқандай шешуі керек емес пе? Иә, бұл пікірмен жігіттер де  іштерінен келіссе керек. Ал енді кейбір сөздерімізге түсіндірме беріп жіберсек.  Жігіттер құлақ түріңіздер.

 

Иә - 

                 Мүмкін. Сәл табандылық танытсаң "иә" деп жауап беремін.

  
Жоқ -

                 Жоқ дедім ғой.

  
Мүмкін... -  

                     Бірінші пунктті қара!

Мен кінәлімін -

                     Менің кінәлі болып тұрғаныма шынымен де сенесің бе?

Бізге керек -

                     Маған керек болса да, барлығы біз үшін ғой! 

Білгеніңді істе - 

                      Шынымен де білгеніңді істесең, расында да жауап берерсің бір күні!

Біздің сөйлесуіміз керек - 

                             Арамызда түсініспеушілік пайда болды. Арызымды тыңдашы

Әрине, жалғастыра бер -

                               Ауызыңды жапшы! Бұған келісеміз енді! Жігіттер ренжімеңдер.

Мен өкпелі емеспін -

                      Өкпелесек, өкпеледік деп айтамыз, айтпасақ та бетімізден көрініп тұр ғой!

 
Суретті мына жерге ілші -

                      Мына жерге дедім ғой, әй білгеніңді істеші!

Мені сүйесің бе? - 

                    Сүйетініңді білемін. Тағы бір рет айтсаң артық болмас. Саған қиын емес қой.

 
Мені қатты жақсы көресің бе? -

                                     Алдындағы пунктті қара.

 
Күте тұршы, бес минуттан соң шығамын - 

                                      Сәл кешігіп қалсақ, ештеңе етпес. Бір сылтау табамыз!



P.S. Жігіттер, жалғастыра берейік пе?

Сурет litcetera.net

2801 7
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 21 наурыз 2012, 14:50
Пікірлер
+0
21 наурыз 2012, 15:52

Иә -
Мүмкін. Сәл табандылық танытсаң "иә" деп жауап беремін.
сіз уже жауап беріп койдыңыз :lol:

+0
21 наурыз 2012, 18:05

Қатырыпты жауапты қыздар

+0
22 наурыз 2012, 01:28

Бұл қыздардан бәрі шығады

+0
01 сәуір 2012, 02:24

Иә.......Өз басым қыздарды сыйлаймын! қыздар деген өте жұмбақ жандар! олар сыртқа жоқ деп жауап берсе,іштей я деп тұрады) қыздардың 40 айласы бар дегендей, олар өте қу келеді! қыздарға қатты сөйлеудің де қажеті жоқ, олармен сөз таластырып қажеті жоқ, олардан тек үндемей құтыласың. бірақ кейбір қыздарда болады, жігіттің момындығын пайдаланып басына шығатын! Қыздар туралы не айтсақ та,не десекте, қыздар өміріміздің мәні, өміріміздің сәні! Анамызда қыз,әжемізде қыз,татеміз де қыз, қарындасымызда қыз! Қыздарды сыйлаймын, оларды құрметтеймін, қыздарды жақсы көремін! Құдай жандарым сол!)))) :D

+0
01 сәуір 2012, 02:45

сізді деррреу достарыма қосам кәз :lol:

+0
01 сәуір 2012, 02:58

аяғына "мен сендерді сүйееееем!" деп қосып қоймадыңба :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...