"Президент болу үшін..."

"Президент болу үшін..."

Осыдан қырық жыл бұрын он неше жастардағы бір ұл бала болды. Ол кішкентайынан кедейлер лашығында өсті, дене тұлғасы нәзік болғанымен, Болашақта АҚШ елінің президенті боламын деген арманынан ешқашан баз кешкен жоқ. Мұндай асқақ арманды қалай ғана орындауға болады?

Ол ақыры арманына жетудің «желілес нысаналарын» жоспарлайды.

АҚШ президенті болу үшін алдымен Штат бастығы болу керек; Штат бастығы бәсекесіне түсу үшін көптеген қаржы болу керек; Қаржы топтарының қолдауына ие болу үшін оларға мүше болу керек; Ірі қаржы топтарына мүше болу үшін қалай да бір шонжардың қызына үйлену керек; Ал әйгілі шонжарлардың қызына үйлену үшін өзің де әйгілі адамға үйленуің керек; Әлемге әйгілі болу үшін кино жұлдызы атану керек; Ал тұлғалы кино жұлдызына айналу үшін қалай да мықты денсаулық керек, қайтпас қажырлылық керек.

Осы ой желісі бойынша ол қадам сайын қамал соқты. Бір күні әйгілі көркем гимнастика шебері Куртты көрген соң, сымбат гимнастикасы дене шынықтырудың табылмас жолы әрі бұл арқылы кино саласына да қабылдануға болады деп өзіне берік сенім орнатады.

Ол сонымен осы жолды талдайды. Жапа-машақатқа төзе білді. Әлемдегі ең мықты еркек болу оның ең алғашқы арманына айналды. Үш жылдан соң жетілген бұлшық еттері мен шымыр дене тұлғасының арқасында біртіндеп «сымбатты мырзаға» айналды.

Кейінгі бірнеше жылда ол Европа, тәпті, бүкіл әлемнің «Сымбатты мырзасына» айналды. 22 жасында толысқан дене сымбатымен Голивудқа талданады. Онда он жыл бар зейінін, қажырын жұмсап, сәтсіздікке мойымайтын батырлар бейнесі өте сәтті сомдап шығады. Ақыры актерлік саласында атақ-даңқы аспандады. Оның кино саласындағы атағы жер жарған тұста, махаббаттасқанына тоғыз жыл болған қалыңдығының отбасы ақыры «қаратабан ауыл жігітін» әулеттерінің қатарына қосты. Оның қалыңдығы әлем халқына мәлім Кеннеди президенттің немере қызы болатын.

Некелік тұрмыстың он неше жылы жылыстап, сүйікті ханымынан төрт бірдей бала сүйді. Бақытты да, берекелі отбасы болды. 2003 жылы 57 жасқа шыққан ол кино саласына біржола қош айтып, саясатқа қадам тастады. Әрі Калифорния штатының бастығы болып бірден сайланды.

Ол – Арнольд Шварценеггер еді. Оның кешірмесі мен табысы өзгелерге «қиялың қаншалық шығандай алса, сен де соншалық самғай аласың» деген сөзді ұмытпауды ескертеді.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек