Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қыздардың тілі. Мені сүйесің бе?

Қыздардың тілі. Мені сүйесің бе?

Қыздардың тілі. Мені сүйесің бе?

Мына, біздер, Массагеттің жігіттері жас болсақ та, өмірден талай нәрсені көріп тастадық. Көп көргеніміз соншалық, қыздардың не туралы айтып жатқанын біле алатын дәрежеге жеттік... Кәдімгідей қыздардың тілін үйреніп алдық. Құрметті жігіттер, олардың сөзі бір басқа да, ойы бір басқа екенін бұрын білмедіңіздер ме? Ежелден бұл қауымның табиғаты сол, ойлағанын тура айтпайды ғой. Қиыннан қиыстырып сөйлегенде алғашқы ғарыш кемесін жасап миы айнала жаздаған Королевтың өзіне қызыға қарайтын боласыз. 

Кейде: "Осы қыздар неге бәрін күрделендіре береді? Неге өз қалауын тіке айтпайды? Сонда бәрі түсінікті болып, өміріміз жеңілдер еді", - деген секілді ойға батамыз...

Жарайды, көп созбаламайық. Атам қазақ: "Білгеніңді білмегенге үйрет", - демей ме? Енді осы ілімді сіздерге де үйретіп, қыздардың теріс логикасын әшкерелесек деп отырмыз.

Төменде сүйікті аруларымыздың сөздерінің шын мағынасы берілген. Яғни, әр сөзі арқылы бұлар шынығында не айтқысы келгендігін біле аласыз. Олай болса кеттік. Қыздардың сөздігі:

Иә - 

                 Жоқ

  
Жоқ -

                 Иә

  
Мүмкін... -  

                     Жоқ

Мен кінәлімін -

                     Әлі-ақ өкінерсің!

Бізге керек -

                     Маған керек 

Білгеніңді істе - 

                      Осы үшін жауап берерсің бір күні!

Біздің сөйлесуіміз керек - 

                             Менің арыз айтуым керек

Әрине, жалғастыра бер -

                               Ауызыңды жапшы! 

Мен өкпелі емеспін -

                      Әрине, өкпеледім, ақымақ!

Мына ас үй сондай ыңғайсыз - 

                      Менің жаңа үйге көшкім келеді

Терезеге жаңа шымылдақ қажет -

                      Үйге жаңа кілем, жиһаз керек. Сосын түсқағазды  

                              ауыстыру керек. 

Суретті мына жерге ілші -

                      ЖОҚ, мына жерге деймін!

Мені сүйесің бе? - 

                    Сенен қымбат бірдеңе сұрайын деп тұрмын

 
Мені қатты жақсы көресің бе? -

                                     Мен бүгін бірдеңе бүлдіріп қойдым

 
Күте тұршы, бес минуттан соң шығамын

                                      Аяқ киіміңді шеш те, теледидардан 

                                                    қызықты бірдеңе іздей тұр

P.S. Қыздар, жалғастыра берейік пе?

сурет: www.zastavki.com

4215 22
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 20 наурыз 2012, 17:00
Пікірлер
+0
20 наурыз 2012, 17:50

Атам қазақ: "Білгеніңді білмегенге үйрет", - демей ме? -деп төмендетпеңдер енді ) хехе, психологтар болып қыздардың миын зерттеген түрлеріңнен сендердің)) шындыққа аздап жанасады былай )))

+0
20 наурыз 2012, 17:51

біздің де айтар дауымыз жоқ емес )))

+0
20 наурыз 2012, 17:54

Мен ойымдағыны ашық айтады екенмін.)))ойыммен сөзім бірдей!

+0
20 наурыз 2012, 18:32

ХААА)))Аяқ киіміңді шеш те, теледидардан қызықты бірдеңе іздей тұр

+0
20 наурыз 2012, 18:56

онда киініп болсаң мені оята сал)

+0
20 наурыз 2012, 18:59

)))

+0
20 наурыз 2012, 20:20

Ия - жоқ, Жоқ - ия. ))))

+0
20 наурыз 2012, 23:36

Өлдім күлкіден! )))

+0
21 наурыз 2012, 10:30

мына сакина менын лагыма подсвет екен, немесе мына сырга менын акку мойныма кандай жарасып тур - ундемей гана амиянга кол созыныз :P

+0
21 наурыз 2012, 11:47

керемет! Әсіресе: Күте тұршы, бес минуттан соң шығамын)))

+0
21 наурыз 2012, 13:23

:mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen:

+0
22 наурыз 2012, 02:51

:lol: :lol: :lol:

+0
23 наурыз 2012, 13:08

ия, жоқ, ия, жоқ... дым түсінбедім шынымды айтсам барғой :lol:

+0
23 наурыз 2012, 13:22

:lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
24 наурыз 2012, 22:50

хи хи қызық екен, меніңше қыздардың логикасын сіздерге толықтай әшкерелеу мүмкін емес

+0
24 наурыз 2012, 23:17

Қыздардың логикасын түсіну Максвелдің формуласын шешкендей, тым қиын!

+0
01 сәуір 2012, 01:18

қиын түгіде жоқ Қайреке!!! Это просты невозможно!!! :lol:

+0
28 наурыз 2012, 11:18

да лады жигиттер)))) сендерде ангел емесиндергой))

+0
01 сәуір 2012, 00:37

Анелге толықтай қосылам!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...