Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қағидалар қақтығысы

Қағидалар қақтығысы

Қағидалар қақтығысы

Айна қағидасы: біреу жайлы пікір айтқың келсе, алдымен өзіңнің қандай екеніңді бір еске ал.

Ауру қағидасы: Өзі өкпелі адам өзгеге өкпе артқыш болады.

Үстіңгі жол қағидасы: Біреудің сізге қарым-қатынасы нашарлап, сіздің басқалармен қарым-қатынасыңыз жөнделе берсе, сіздің жоғарылай бастағаныңыз.

Бумеранг қағидасы: Біз біреуге жәрдем беру арқылы өзімізге өзіміз көмектесеміз.

Көпір қағидасы: Адамдар өздерінің өзендегі көпірмен не үшін жүру керектігін түсінбейді: арғы бетке өту үшін бе, әлде су кешкісі келмегендіктен бе?

Орындық қағидасы: Біз біреуді өз орнына қою үшін ол адамды алдымен өз орнымызға қойып көруіміз керек.

Үйрену қағидасы: Көлденең көзді кез келген адамның бізге бір нәрсені үйрете алатын қабілеті болады.

Харизма қағидасы: Адамдар өздеріне қызығушылығы артып жүрген жан жайлы бәрін білгісі келіп тұрады.

Адалдық қағидасы: Адамдар өзгеден адал болуды күтеді, бірақ өздері бұл сөздің не екенін де білмейді.

10 баллдың кағидасы: Сенім адамдардың өз-өздерін түзеуіне жол сілтейді.

Тайталастық қағидасы: Біз ең алдымен біреудің қамын жасағандай болып жүреміз де, уақыт өте бірден сонымен тайталасып шыға келеміз.

Іргетас қағидасы: Сенім – кез келген қарым-қатынастың іргетасы.

Лифт қағидасы: Біз адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы оларды жоғары көтеріп те, төменге түсіріп те жібере аламыз.

Жағдай қағидасы: Ешқашан сіз үшін қарым-қатынастан жағдайдың маңызды болып кетуіне жол бермеңіз.

Қарапайымдылық қағидасы: Біреумен қарым-қатынастың жеңіл өтуі оның өзін еркін сезінуіне жол ашады.

Окоп қағидасы: Егер біреумен соғысқалы жатсаң, алдымен өзіңе досың екеуің сыятындай етіп окоп қазып қой.

Егіншілік қағидасы: Барлық қарым-қатынастарды тек қана өсіре беру керек.

Төзім қағидасы: Жалғыз шыққаннан гөрі, екеу болып саяхатқа шыққанда үнемі жайырақ жүруге тура келеді.

Әріптестік қағидасы: Бірігіп пішкен тон келте болмас.

Қуаныш қағидасы: Берекелі ортадан бір рет қана бас сұққанның өзінде-ақ өмірлік ләззат алуға болады.

Безіну қағидасы: Біз көп жағдайда өзімізден безінетін адамның артынан қуа береміз.

Баспалдақ қағидасы: Адамдардың көбі жоғары көтеріліп бара жатқан жанның аяғынан тартады, өзінің соңынан келе жатқан адамды теуіп құлатқысы келеді. Бірақ баспалдақтың жоғарыға түсіп-шығу үшін салынатынын ұмытпау керек.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: mail.ru

2028 4
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 13 мамыр 2013, 16:06
Пікірлер
+0
13 мамыр 2013, 16:49

Қызық қағидалар екен. Маған мынау ұнады: Адамдар өздерінің өзендегі көпірмен не үшін жүру керектігін түсінбейді: арғы бетке өту үшін бе, әлде су кешкісі келмегендіктен бе?

+0
13 мамыр 2013, 18:43

Міне, нағыз қағида деп осыны айту керек :!: Әсіресе, адалдық қағидасы мен іргетас қағидасы көпшілік адамдарға аса қажетті және рухани мұқтаждықты қажет ететін қағида-ау,деймін шамасы.

+0
14 мамыр 2013, 14:36

:lol: :lol: :lol:

+0
15 мамыр 2013, 19:05

біреу жайлы пікір айтқың келсе, алдымен өзіңнің қандай екеніңді бір еске ал. :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...