Сіздің ең жақтырмайтыныңыз

Сіздің ең жақтырмайтыныңыз

Жүзден аса қыз-жігіт қатысқан сауалнамада қыздарға: «Сіз ең жақтырмайтын жігіттердің қандай кемшіліктері бар?», жігіттерге: «Сіз ең жақтырмайтын бойжеткендердің қандай кемшіліктері бар?» деген сұрақтарға жауап берілді.

Бұл сұрақтарға қыздар былай жауап берді:

  1. Махаббатқа пейілсіздігі, әрі тұрақсыздығы; басқаға, жас иіске үзіліп тұратындығы;
  2. Білімінің мардымсыздығы; қолынан келерінің жоқтығы; сөзінің добалдығы; кісіге жылы шырай бермейтіні; бірер істі бастарда езіп-қыртып дереу кірісе қоймайтындығы; әр кезде өз мүддесімен ғана санасатындығы;
  3. Озбырлық істеп сыңарезулікке басатындығы; әйел затын кісі санатына қоспай, құл орнында көретіндігі; қожайынсып қожаңдайтындығы;
  4. Тапқан ақшасын табанда тауысып, ішімдікке өлердей салынып, абыройын айрандай төгетіні.

Жігіттер бұл сұраққа қалай жауап берді екен, назар аударсақ:

  1. Келбетті, ақшалы жігіт көрсе, көз сүзіп, тұрлаусыздық істейтіндігі; малына киініп, бой түзеп, өзін-өзі көз қылатыны;
  2. Өзін кіршіксіз санап астамситындығы; кісіге қадала қарап, мұрнын шүйіретіндігі; сәнқойлыққа, атаққұмарлыққа салынып, кісі баласын бойына тоғытпай, өзін айна көлдегі ай суретіне балайтыны;
  3. Салдыр-салақтыққа басып, тұрмыста тым бейпіл жүретіндігі; ұмытшақ, әрі жаңғалақтығы, орнықты ойының жоқтығы;
  4. Көрінген кісіге шапшып немесе сыпсың сөзді сықпыртып, ел-жұрттың шырқын бұзатындығы; дос-жаран, қызметтестерімен екі ауыз сөзге келмей, тайталаса кететіндігі.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: nipic.com

M. Auelkhan