Оқи отырыңыз

...Сауат ашумен қатар үйренуге міндетті дисциплина – ақпараттық талғам мен гигиена.

Автор: Айдос Сарым

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Көктемгі кездесулер

Көктемгі кездесулер

Көктемгі кездесулер

Көктем сөзсіз махаббат кезеңі. Бұл кезде сүйгің де, сүйікті болғың да келеді. Ғашығыңызбен күнделікті қарапайым кездесулерден жалықсаңыз, қарым-қатынасыңызды түрлендіріңіз. Ал біз сіздер үшін осы көктемде міндетті түрде өткеру керек деген кездесулер топтамасын жинадық.

1. Таңғы ас не таңғы кофе    

Көктемде қысқа қарағанда ерте ояну әлдқайда жеңіл. Сондықтан бір күні ертерек оянып, жігітіңізді не қызыңызды романтикалық кешкі асқа емес, таңғы кофеге шақырыңыз. Қала кофеханалары мен кафелері ерте ашылып, таңмен жаңа піскен бәліштер мен хош иісті кофе ұсынады. Жаңа атқан күнді сүйіктіңізбен қарсы алу сәтті күннің жақсы бастамасы болмақ.

2. Жанкүйерлер кездесуі     

Қалаңыздың стадионында болатын футбол (не басқа спорт түрінің) ойынына екі билет алып, ғашығыңызбен бірге жанкүйер болыңыз. Бұған дейін спортқа қызығушылығыңыз болмаса да, бұл бастама екеуіңіздің қарым-қатынасыңызды одан әрі берік қылады, сондай-ақ көңіл-күйіңіз көтерілері анық.

3. Ролик немесе велосипед айдау    

Осындай кездесу қызықты оқиғалар мен жаңа ашуларға толы болады. Ал велосипед не ролик тебе алмасаңыз, тіптен жақсы – жігітіңіз үйретсін!

4. Бақтағы кинотеатр      

Қалаңызда даладағы ашық кинотеатр не автокинотеатр болмаса, өзіңіз-ақ таза ауадағы киносеанс ұйымдастырыңыз. Сүйікті саябағыңызға барып, өзіңізбен бірге аккумуляторы толы ноутбук пен оған жазылған киноны, тіскебасарлар мен сусындарды және астыңызға төсейтін көрпешені алыңыз.

5. Фото серуен       

Әрине қазірдегі техниканың дамығандығы сонша, қызбен жүргендегі әр серуен фотосессияға айналады. Алайда бір күнді арнайы осыған бөліп, жақсы фотоаппарат алып, белгілі бір тақырыпқа арналған фото серуен жасаңыз. Мысалы, екеуіңіз барлық жерде бірдей тұрыспен суретке түсіңіз. Жаңа нәрсе ойлап табыңыз, ортақ тақырып екеуіңізді жақындатады. 

6. Ойын-кездесу     

Екінші жартыңызбен ойнап-ақ ол жайлы көп нәрсе: оның мінезін, жеңіске деген құлшынысын және сізге деген сезімін білуге болады. Бадминтон не фрисби, доп, теннис сияқты ойындардың көпшілігінен таңдаңыз. Таза ауамен дем алып, ойнап қайтыңыз, көңілге де жағымды, денсаулыққа да пайдалы.

7. Аспаздар     

Сүйіктіңіз ас үй – тек әйелдердің мекені деп ойлайтын "жігіттердің" қатарынан болмаса, оған аспаздық сайысын өткізуге ұсыныңыз. Сайысу ұнамаса, бірігіп, бір мәзір әзірлеңіз. Айтпақшы біздің Аспаздық бөліміндегі мәзірлерді қолдануға болады. 

8. Шоппинг     

Жазға қарай гардеробыңызды жаңарту мақсатымен дүкен аралауға құрбыларыңызбен емес, жігітіңізбен барыңыз. Бірақ шоппингті ол үшін іш пыстырар, шаршататындай емес, оған да қызықты болатындай қылыңыз. Жігітіңізге де киім таңдауда көмектесіп өз кеңестеріңізді беріңіз. 

9. Құстарға жем беру     

Кез келген құстарға: аққуларға, үйректерге, көгершін мен кептерге жем беру өте романтикалық көрінеді. Осы кезді суретке түсіруді де ұмытпаңыз.

Қандай кездесу болмасын, сүйіктіңізге жақсы көңіл-күй, махаббат пен қамқорлық көрсетіңіз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

1137 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 04 мамыр 2013, 19:34
Пікірлер
+0
04 мамыр 2013, 19:29

Бақтағы кинотеатр идеясы ұнады

+0
04 мамыр 2013, 21:45

Жазғы кинотеатрлар неге жоқ екен осы алматыда?

+0
05 мамыр 2013, 12:42

Ролик немесе велосипед айдау қызықты)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оралым, менің оралым!
Оралым, менің оралым!

Орал қаласының тарихы бай, өткені өнегелі, келешегі жарқын.

Философия қазақша пәлсапа ма?
Философия қазақша пәлсапа ма?

философияқазақша философияпәлсапа пәлсапа ғылым

Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы
Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы

Әйел затының жаратылысындағы ерік-жігердің мықтылығы

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Табысқа жетудің сыры неде?
Табысқа жетудің сыры неде?

Әрбіреуіміз өз қалаған салаларымызда табысқа жету үшін не істеуіміз керек?

Автор: Амине Қадыр

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...