Әр күніңді қадірлей біл

Әр күніңді қадірлей біл

Осыдан біраз жыл бұрын Сиднейде тұратын бір кластасыммен әңгімелескенім бар. Ол әйелінің таяуда ғана өмірден озғанын айтып, жұбайының керек-жарағын реттеп жүріп, бір жібек шарфты көз шалып қалғанын сөз етті. Олар осынау қымбат бағалы, көркем шарфты Нью-Йоркке саяхаттай барғанда, бір әйгілі сауда дүкенінен сатып алыпты. Бірақ пайдалануға қимаған әйелі ерекше күндердің бірінде тағамын деп шарфты қалпын бұзбаған күйі, қастерлеп, сақтап қойған екен. Осы араға келгенде, ол сөзін клт тоқтатып, әлден уақыттан соң: «Қолыңдағы қымбат бағалы бұйымдарды, ендігәрі, салтанатты күнге арнап сақтай көрме, әр күніңді қадірлей біл!» деді.

Кейін осы сөз есіме түссе болғаны, қолымдағы ұсақ-түйек істерді қайырып қойып, кітап оқимын, ән тыңдаймын немесе креслоға жантайып өмір туралы қиял кешіп, уақыт өткіземін. Шаң басқан терезе әйнектерімен санаспай, тыстағы өзеннің көркем көрінісіне көз тастаймын. Үйдегі дайын асқа қарамай, әйелімді ертіп сырттан тамақтанамын. Міне, осылайша, тұрмыстан ләззаттана білетін болдым.

Мен осы істі бір досыма әңгімелеп бердім. Арада көп уақыт өткен соң онымен жолғасып қалдым. Ол үйіндегі әдемі фарфор ыдыстарын қабырға шкафқа тізіп қоймайтынын айтты. Ол бұрын қымбат заттарды бір салтанатты күнде пайдаланармын деп сақтап қояды екен. Алайда, сарыла күткен сағым күндердің әдіра қалғанын ол кейін сезіпті. Сонан, «келешекте», «күндердің күнінде» деген сөздерді ол қайтып ауызға алмайтын, қуанышты, қызықты іс болса, табанда тыңдағысы, көргісі келетін болыпты.

Біз көне достармен бас қосуды ойлаймыз, бірақ, орай күтумен боламыз.

Ер жеткен баламызды емірене құшағымызға алғымыз келеді, бірақ, лайықты сәтті күтіп жүреміз.

Құдай қосқан қосағымызға хат жазып, көңіл-күйімізді білдіріп, оған деген еміренген сезімімізді бүкпесіз айтқымыз келеді. Алайда, қашан да түйткілси қаламыз.

Шындығына келсек, әр күні таңертең оянғанда, сол күннің мағыналы екенін ескеріп, қадірлей білуіміз керек.

Әр күн, әр минутыңды қадірлей біл! Қолыңдағы қымбат бағалы бұйымдарды, ендігәрі салтанатты күнге арнап сақтай көрме!

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: win4000.com

M. Auelkhan