Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Түс көруге әсер ететін жағдайлар

Түс көруге әсер ететін жағдайлар

Түс көруге әсер ететін жағдайлар

Ұйықтаған кездегі айналада болып жатқан кез келген құбылыс сіздің түс көруіңізге әсер етеді екен. Бұл жайлы АҚШ елінде шығатын «Түс көру» атты журналда айтылады.

Иіс

Адам ұйықтаған кезде иістің әсерінен оянбаса, иістің тітіркендіруі ұйқыдағы адамды түс шеңберіне алып кіреді. Адам ұйықтағанда, гүлдің хош иісі мұрнына барса, онда шырын түс көреді екен. Егер бір заттың шіріген немесе көмір газы секілді жағымсыз иістер барса, онда үрейлі түстен арылмайсыз.

Дауыс

Ұйқыдағы адам кез келген дауысқа сезімтал келеді. Сағаттың шықылдаған дауысы адамды от теңізінің ортасында жүргендей әсерімен мазасыздандырады. Ал теңіз толқынының жеңіл дауысы түсіңізге ләззат сыйлайды. Оянған соң, мойныңызға түскен бар салмақтан жеңілдеп қалғандай болады екенсіз. Сондықтан да, ғалымдар теңіз жағасына саяхаттауды демалыстың ең өнімді тәсілі деп қарайды.

Ащы тағамдар

Ащы тағамдар ұйқыға орасан зор әсер етеді. Асқазан ащы тағамдарды тым баяу қорытатындықтан, оның қызметі ұйқыдағы кезде де жалғасады. Мұндай сәттерде сіз үрейлі түстен айыға алмай, әуреге түседі екенсіз. Сондықтан ұйықтаудан бір-екі сағат бұрын ащы тағамдар тұтынбағаныңыз жөн.

Екбетінен ұйықтау

Екбетінен ұйықтайтын адамдар түсінде қысымға көп жолығады екен. Содан барып, қара басу көбейеді. Мысалы, үлкен ми ояу болса да, жатқан орнынан қозғала алмау, әлденеге қамалып қалғандай әсерде болу сияқтылардың көбі осы екбеттеп ұйықтаудан туындайды. Зерттеушілер екбеттеп ұйықтауға әдеттенген адамдардың көпшілігінде есте сақтау қабілетінің нашар болуы кездеседі деп қарайды. Себебі, екбеттеп ұйықтаған кезде, үлкен ми оттегімен толық қамтамасыз етілмейді. Қазақ халқында да «Екбеттеп ұйықтама» дейтін тыйым сөз бар.

B топтағы дәрумендерді тұтыну

Ұйықтар алдында B6 дәруменін тұтынсаңыз, ұйқы құшағына ғана емес, түс шеңберіне де тез енесіз. Тіпті, көрген түсіңіздің есте қалуына да көп септігін тигізеді дейді. Алайда, көптеген ғалымдар ұйықтар алдында B топтағы дәрумендерді тұтынбау керек деп қарайды. Себебі, түс әлетіне тез енетіндіктен оянған кезде шаршау, қалжырау секілді жағдайлар туындайды. Демек, көп түс көру де үлкен миды шаршатады.

Тыныштандыру дәрілері

Бұл түрдегі дәрілер психологиялық ауытқулыққа жолыққан, мазасызданған, қатты қалжыраған сәттерде пайдаланылады. Алайда, олардың түске әсері айтарлықтай. Бұл көбінде адамға үрейлі түстер көрсетеді екен.

Аш қарынмен ұйықтау

Қарныңыз аш күйі ұйықтасаңыз, қандағы қант құрамы айтарлықтай төмендейді де, адам түсіне азық-түлік, тағам секілді заттар кіреді екен. Бірақ шошып ояну жағдайы көбейеді дейді.

Ұйықтаудан бұрын, үрейлі фильмдер көру

Ұйықтар алдындағы ең соңғы іс түске тез әсер етеді. Мысалы, кино, музыка, кітап т.б. Егер үрейлі немесе психологиялық фильмдер көрсеңіз, онда түсіңізде де табиғи түрде үрейлі жағдайлар көп орын алады. Мұның бәрі есте қала бермейді. Алайда, оның денсаулыққа тигізер зияны орасан. Сондықтан ұйықтар алдында мүлде үрейлі филмдер көрмеу керек.

Егер сіз ұйықтар алдында шырын қиял, ләззатты кездер, бақытты балалық шақтарыңызды қиялдап ұйқы құшағына енсеңіз, шырын түс көреді екенсіз. Оянған соң да, бойыңыз жеңілдеп, рухты, сергек жүресіз. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: wclass.kz

8850 7
Рейтинг: +2

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 30 сәуір 2013, 20:20
Пікірлер
+0
30 сәуір 2013, 23:42

Арықтай алмай жұрген адамдарға - ұйықтар алдында үрейлі фильмдерді жиі көру, сосын кинодағы қорқынышты эпизодтарды шын өмірде қараңғы бөлмеде елестету, кез келген есік, шкаф сықырына мән беріп, оның ішінде біреудің бар екендігіне кәдімгідей сену. :lol:

+0
01 мамыр 2013, 08:30

Мен ұйықтар алдында қорқынышты фильмдерді көөп көрем......,және аш қарынмен ұйықтайм

+0
01 мамыр 2013, 17:34

Кейде ұйықтай алмай қойсам компьютерге тесіліп отыратын әдетім бар.

+0
02 мамыр 2013, 14:07

Бір нәрсені көп ойласаң да түнде түс көресің ғой сол туралы еще

+0
02 мамыр 2013, 20:58

айтеуир озим тусти айын 1 рет корип одан аз болмаса) негизи кушти го анда санда 3д тустер карап турган))) ишинде озин журееесин ракат букил комедиялык, ужас,истикалык фильмдерде жургенди боласын)))

+0
05 мамыр 2013, 02:42

сіздерге қызық шығар, бірақ мен түсімде бір адамды (шын өмірде оны танымайм, мүлде көрмегем) жиі көрем. сол түсімдегі адамды келесі түс көргенде алдыңғы түстің жалғасындай көрем))) өзім соған таңмын. бұл ненің әсері сонда?

+0
13 мамыр 2013, 13:55

Ең дұрысы - дымға бас қатырмай, тапжылмай ұйықтау шығар. Түс көрген күннің ертеңіне мені қалжырау, мең-зеңдік басады.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...