Мен сені сүйемін! Бірақ...

Мен сені сүйемін! Бірақ...

Махаббат әлемінде «Мен сені, сен оны, ол басқаны...» дейтін азапты заңдылық бары рас. Бейне балықтың өзенді, өзеннің теңізді, теңіздің алып мұхитты аңсайтыны секілді. Балық суды өле сүйгенімен, су балық жайлы ойлап көрді ме екен деші?! Өмірде дәл сондай махаббат көп. «Өзіңді сүйген адамды ғұмыр бойы құрметте! Себебі, сен де ғашық болуға, сүюге тұрарлық адам екеніңді өзіңе сезіндірген жан сол болмақ.  Сен де біреуге жете алмай қалуың мүмкін ғой!

Балық: Сен ғажап сұлусың, сені ұнатып қалғандаймын.

Су: Ақымақ! Бұл тек сенің қиялың ғана. Мен сенбеймін.

Балық: Бұл жүрегімнен шықан сөз. Сені алдаған жоқпын.

Су: Мен бір көргеннен ғашық болу дегенген сенген емеспін.

Күндер жылжыған сайын, балықтың суға деген махаббаты асқына беріпті.

Балық: Тек сенің қасыңда болсам ғана өзімді бақытты сезінемін.

Су: Мұның жалғыз-ақ себебі бар, өйткені біз жақын доспыз ғой.

Балық: Сенің жұпар иісің маған қуат береді.

Су: Жоқ, сен тек менің қасымда жүргендіктен ғана ұнатасың. Ал шындығында, менде ешқандай да жұпар иіс жоқ.

Біраз күннен соң, су алыс сапарға аттанбақ болыпты.

Балық: Сенен айрыла алмаймын.

Су: Аз уақыттан соң-ақ мені ұмытып кететін боласың. Қамықпа.

Балық: Жоқ! Мен сенен өзге ешкімді де сүйе алмаймын.

Су: Сен менен өзге ешкімді де көрген емессің ғой.

Балық: Барым да, байлығым да сенсің.

Су: Бірақ сен менің бақытым емессің.

Балық: Сен неге мені менсінбейсің. Неге бұлай істейсің?

Су: Менің де өз сүйгенім бар ғой.

Балық: Мен ше? Мен жайлы ойланып көрдің бе, қасымда қалшы?!

Су: Жоқ. Мен мұнда қалсам, тек өлі күйдегі суға ғана айналамын. Мен теңіз-мұхитты көргім келеді.

Балық: Онда екеуміз бірге аттанайық.

Су: Жоқ, сен маған ілесе алмайсың.

Балық: Мен шаршаған кездерімде тек сабыр сақтап күте тұрсаң ғана болғаны. Соған да ризамын.

Су: Мен тоқтаусыз ағуды ұнатамын.

Балық: Мейлі, мен қалай да сенімен бірге кетемін.

Су: Ақымақ болма! Сен тұщы су балығысың.

Балық: Мен өзімнен емес, сенен алаңдаймын. Жалғыз жібергім келмейді.

Су: Бұл үшін саған рақмет айта алмаспын онда.

Балық: Менің қол жеткізгім келетіні сенің «Рақметің» емес.

Су: Сені сүймейтінімді жақсы білесің ғой.

Балық: Бірақ мен сені сүйемін. Менің кімді сүюіме кедергі болуға сенің де қақың жоқ қой!

Су: Бұл тек өз-өзіңе азап сыйлау ғана.

Сонымен олар ерекше үлкен бір теңізден өтті. Бұл кезде балықтың дәрмені құруға таяу қалған еді.

Балық: Енді қанша жүрерімді білмеймін.

Су: Қайтып кет. Бұл сен кешіруге тиісті қасірет емес.

Балық: Жоқ. Көзім жұмылғанша, сенен қалмаймын.

Су: Сен шынымен-ақ жынданайын деген екенсің.

Балық: Сен бір жындынының махаббатын елең құрлы көрмедің ғой.

Су: Менің сүйгенім – мұхит. Мен оған жеткім келеді. Мен ниетімнен қайтпаймын.

Балық: Неге?! Сен мені сүйуге бір-ақ рет болса да талпынып көрмедің бе?

Су: Менің бар махаббатым тек мұхитқа арналғанын сен жақсы білесің.

Олар тағы бір үлкен дарияны кесіп өтті. Балықтың енді жүруге дәрмені жетпей қалды. Су соңынан қалмай ерген балыққа да көндіге бастады. Одан қанша запы болса да, ешқашан қалдырып кете алмасын білетін.

Балық: Егер мен өлсем, сен не істер едің?

Су: Онда мен қатты азаптанатын шығармын. Өкінетін де болармын.

Балық: Егер Мұхитқа жете алмасаң ше?

Су: Ол жоқ болса, мен бүкіл өмірімнен айрылғаным. Онсыз өмір жоқ маған.

Балық: Біз екеуміз үнемі біргеміз. Сонда да сен оны ұмыта алмадың. Бұл тек сенің қиялдағы елес махаббатың ғана ғой?

Су: Сағындырмаған махаббат – ешқашан махаббат бола алмақ емес.

Балық: Онды Мұхит ше? Ол сені сүйе ме?

Су: Білмеймін. Мен оны сүйдіре аламын. Өйткені, мен оны қаншама жыл аңсадым. Қалай да одан бас тартпаймын.

Балық үн-түнсіз тағы да ілесті. Ең соңғы дәрменін жиып, соңғы өткелден де өтті.

Олар мұхитқа да жетті. Алайда, мұхит үшін жанын салып келген тек су ғана емес екен. Мұхит үшін қаншама өзендер мен бұлақтар жанын құрбан етті. Осында жеткендері тек санаулы ғана. Бәрінен де өкініштісі, Мұхит бұған бұрылып та қараған жоқ. Су қатты азаптанды. Ақыры бір бекімге келді. Өзінің Мұхиттың сансыз ғашықтарының ішіндегі елеусіз біреуі болғысы келмеді. Кетуге бел буды. Сол сәтте ғана үнсіз қалжырап тұрған балықты еске алды.

Балық: Мен мұхитты көрдім. Ол шынымен ақ айбатты, келісті екен. Сен ғашық болуға тұрарлық екен.

Су: Бірақ, ол тым күрделі екен. Мінезі де тым долы. Мен өзімнің ешкім емес екенімді сезіндім.

Балық: (Оның көз жасын сүртіп тұрып). Алаңдама, ол сені күндердің-күнінде ұнататын болады.

Су: Жоқ! Мен қателесіппін.

Балық: Олай деме. Сен оны сүйесің. Тек мойындата алсаң ғана ол сені сүйетін болады.

Су: Мені де біреу сүйген еді. Мен де менсінбеп ем. Өмір кезек деген осы шығар. Сен мені сүйесің ғой, қасымда болшы.

Балық: Мен сенің шынайы сүйіспеншілігіңді қалағанмын. Бәрін де өз еркіммен жасадым. Енді өз еркіммен қайтқым келеді.

Су: Сен неге мені ойламайсың?!

Балық: Жоқ, мен сені әр сәт сайын есімнен шығарған емеспін. Мәңгі солай. Сені сүю менің еркім, ал мені сүюге сені енді ешқашан да мәжбүр етпеймін.

Су: Мен сонша өзімшілдікке салып осында келдім. Ал сен бұл сапарда менің қасымда болдың. Мен неге сонша ақымақпын. Неге сен жайлы бір сәт те ойлап көрмеді екенмін?! (Ол егіліп жылай бастады)

Балық: Бұлай деме, сен бұлай жыласаң, мен алаңсыз кете алмаймын.

Су: Сен неге сонша жақсы болғансың. Сені қанша азаптасам да, әр уақыт маған жақсы мәміле жасадың. Күйіндің. Енді қалай ғана сені қиямын. Ендігі өмірімде осы қарызды қалай қайтарар екенмін.

Балық: Мені ұмыт. Мен мұның бәрін қарыз деп есептеген емеспін. Өзің сүйетін, ұнататын сүйікті жар әлі де жолығады.

Су: Жоқ! Жоқ! Тек сен ғана менің сүйікті адамым болуың керек еді. Мұны өзің айтпап па едің. Қасымда қалшы.

Балық: Ақымақ болма. Мен енді алаңсыз өмір өткізгім келеді. Бәрін де ұмытам.

Су: Мен күні бүгінге дейінгі өмірімді қателік ішінде өткізгенмін. Ендігі ғұмырымды азап пен қасірет ішінде өткізсін дейсің бе?!

Балық: ...

Су: Маған сен! Мен сені сүйемін!

Балық: Мен сенсіз өмір сүре алмайтынымды білемін. Сен Мұхиттың жанына жеткеніңде, енді менің ғұмырым біткен шығар деп ойладым...(Ол осылай судың толқынды шашынан сипады).

Су: Мен сондай ақымақпын. Өзімді өле сүйген біреудің бар екенін ескерген жоқпын. Менсіз өмір сүре алмасыңды білмеппін. Бірақ сенсіз менің де күнім қаран. Жалғыздық – өлімнен де ауыр! Мен енді ғана сезіндім, сен менің жүрегімдесің.

Олар бір-бірін құшақтаған қалпы көз жасын төкті. Бірақ бұл қуаныштан, шаттықтан төгілген көз жасы еді. Сөйтті де, қол ұстасып тағы да ұзақ сапарға аттанды. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек