Жаңашыл басшы болудың құпиялары

Жаңашыл басшы болудың құпиялары

Saatchi & Saatchi жарнама агенттігінің жетекшісі Кевин Робертстен 7 кеңесті құлағыңызға құйып алыңыз!

1. Мақсат қоя білу. Сізде арман болуы шарт, біршама уақыттан кейін кім болатыныңызды анықтап беретін мақсат.

2. Көптеген ұсақ ой-идеялардың болуы. Үлкен идеяларды ойлаймын деп уақыт жұмсамаңыз. Жаңашыл басшылар кішкентай идеялар арқылы жұмыс жасайды, ал тұтынушылар оны дамыта берсін.

3. Ракурстарды өзгерту шеберлігінің болуы. Стив Джобс қарапайым мүмкіндіктерсіз-ақ жаңа тауар ұсына алды: ол өз өнімінің барлық артық заттарын алып тастап, құнын өсіре салды. Жаңашыл басшылар күрделі мәселелерді мүмкіндікке айналдыра біледі.

4. Қарапайым заттармен-ақ таңдандыру. Стив Джобс Apple тауарын көп уақыт бойы даналап сатпады. Дүкен ашып, қарапайым затпен-ақ таңғалдырды. Ал қазір оның дүкені әлемнің ең көп пайда табатын орнына айналды.

5. Мінсіз зат құрастыру. Біз болашақ туралы айтып отырмыз, қазіргі брендтерден бөлек. Брендтер тез өзгеріп кетеді. Өзгермейтін дүние жасау емес, оны көріп тұрып, теріс айналып кетпейтін зат жасау керек. Оған жету үшін бірқатар аспектіні ойлап алу қажет:

а) Құпия, сыр. Адамдар белгілі бір зат туралы қаншалықты көп білсе, соншалықты қызығушылығы тез тарап кетеді. Оларды ақпараттан гөрі тарихы қаттырақ қызықтырады. Сіздің жұмысыңыз ертегішінің жұмысындай болуы шарт. Ертегі айтушылар ғана болашақта көп пайда таба алмақ.

ә) Сезімталдық. Біз әлемді бес түрлі сезіміміз арқылы бір уақытта танимыз. Көпшілік бренд тек екеуімен-ақ пайда табады. Осы бес түрлі сезім арқылы танитындай жол қарастырыңыз.

б) Жақындықты сезіну. Қаншалықты сырлы болсақ та, тұтынушыларымызбен бір деңгейде жүруіміз керек, тең болуымыз керек. Біз ендігіде тұтынушыларымызға тұжырым айтпаймыз, тек көмектесіп, кеңес береміз.

6. Өзгелерді шабыттандыру. Жаңашыл бастықтар жауапкершілікті сезінетін, оқуға ұмтылатын, шын қуанышты сезінетін әрі мойындалған қоғамды тудыруы керек. Дәл осындай қоғамда жаңа идеялар тумақ.

7. Ойдағыны іске асыру. Айлап-жылдап ойша жоспарлау мен әңгіме-дау құрудың орнына жаңашыл басшылар нақты іске көшеді. Біздің агенттікте жылдық жоспарлар жоқ. Біз жоспарды тек 100 күнге қоямыз, сосын әрекетке көшеміз. Қателікті мойындап, оларды тез арада түзеп үйренуіміз керек.

Суретте: William James Adams, (will.i.am) The Black Eyed Peas солисі. 2011 жылдан бастап Intel компаниясының басшысы.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vk.com

А. Құлтай