Креативті болудың жеңіл жолдары

Креативті болудың жеңіл жолдары

Егер сіздің жұмысыңыз шығармашылықпен байланысты болып,  сізге жаңа нәрсе ойлап табу керек болса, мына кеңестер қажетіңізге жарауы мүмкін.

Креативтілік немесе жай ғана қиялдау күші – образдарды, елестерді, идеяларды тауып, оларды өз қажетіңе байланысты басқару. Жаңа нәрсе адамға бұрыннан белгілі образдардың, елестердің, идеялардың бірігуінен келеді. Комбинация оқыс болған сайын, нәтиже де соғұрлым жақсы болады.

Креативтілікке не кедергі? Факторлар жеткілікті, дегенмен негізгілеріне тоқтала кетсек.

Біріншіден, жұмыс есі – компьютердегі оперативті жадтың аналогы. Ол мезеттік ойлау қызметі үшін қолданылады және өте шағын көлемді келеді. Жұмыс жадында мәліметтерді сұрыптап, қажетті фрагменттерді таңдау процесі жүреді.

Екіншіден, ұзақ уақыттық естегі білімдер: идеялар, образдар, деректер, тәжірибе және тағысын тағылар. Білім ауқымды да алуан-түрлі болған сайын соғұрлым көп вариант ойлап табуға болады.

Үшіншіден, мидың «молекулалық торы». Химия пәнін еске түсіріңіздерші. Металл мен алмастарда молекулалар бір-біріне тығыз орналасқан және берік байланысқа ие. Ал газ бен сұйықтықта молекулалар сирек орналасқан, құрылымы анағұрлым, байланыс та әлсіз. Сондықтан газ бен сұйықтық өз формасын оңай өзгерте алады. Адам басында да дәл осындай тордың бар екенін елестетіңіздерші, бірақ молекула орнына нейрондар болсын (бұл ми құрылысының суреттемесі емес, бар болғаны метафора). Креативті адамның миы сұйықтықтағы тор тәрізді. Ал қатаң тәртіппен өмір сүруге дағдыланған адамның миы – металдікі секілді.

Әдемілік үшін тұрақты психикамен төлеуге тура келеді. Шығармашылық адамдар өмірге бейімсіз адамдай әсер қалдырады: кенеттен көңіл-күйінің түсуі, аса жоғары эмоционалды сезімталдылық, әлеуметтенуге байланысты проблемалары, психикалық бұзылуға бейімділік. Дегенмен, шошудың қажеті жоқ. Егер сіз жаңа Тесло, Байрон, Ницше бола қалсаңыз, осындай болмашы нәрселер үшін уайымдаудың қажеті бар ма?

Енді креативтілікті қалай дамыту және оны қажетті уақытта күшейту білу жайлы сөз қозғасақ. 

Босаңсу

Негізі, босаңсыған жағдайда ми анағұрлым креативті болады (тұрақтылықтың төмендеуінен шығар).

Душ қабылдаңыз. Ең жақсы әдіс. Душ қабылдау кезінде сіз тек босаңсып қана қоймай, «байланыс аясынан тыс жерде боласыз». Өзіңіз де байқаған боларсыз – ең сәтті идеялар көбіне душта келеді.

Саябаққа барыңыз. Табиғатты сырттай бақылау адамды тыныштандырады. Испандық архитектуралық бюро дәл осы мақсатпен тіпті орманда кеңсе ашыпты. Ескере кететіні, жасанды табиғаттың көрінісі қажетті әсер бермейді.

Ұйқыны қандырыңыз. Әр адамға керекті ұйқы мөлшері әртүрлі. Оны азайту мүмкін емес сияқты. Сондықтан көп фазалық ұйқы (тәулік ішінде ұйқы уақыты бірнеше периодқа бөлінеді) немесе сегменттік ұйқыны (яғни екі фазалық) қолданып көріңіз, бірақ, қалай болғанда да ұйқы ұзақтығын қысқарта алу екіталай.

Физикалық салмақ түсіру

Спортпен шұғылданыңыз. Ми огранизмнің 25 пайыз энергиясын жеп қояды. Сондықтан сізге көп энергия қажет. Шындап айналысыңыз. Күніне 1-2 сағат. Спорт көңілсіздіктің алдын алып, энергия береді. Өз-өзіңізді алдамаңыз, жаттығу жасауға қашан да уақыт табылады: физикалық формаңыз жақсы болған жағдайда мәселелер тез шешіледі.

Компьютер алдында тұрып жұмыс істеңіз. Тұрып тұрған кезде дене азырақ шаршайды, ал бас жақсырақ жұмыс істейді. Күні бойы тұрып тұру маңызды емес. Кезектестіруге болады: бір-екі сағат отырып, бір-екі сағат тұрып тұрыңыз.

Орта

Ойланатын заттан қашық болыңыз. Қашықтық ұлғайған сайын абстракті түрде ойлану оңай.

Оппозициядан қорықпаңыз. Идеяға деген күрес нәтиженің одан да жақсы болуына әкеледі.

Бас тартудан қорықпаңыз. Ол сізді одан әрі еңбектенуге итермелейді.

Ереженің көп болмауы. Ережеге сай жүруге итермелейтін заң аз болған сайын орта да креативті болады.

Үлкен қалаға көшіңіз. Қала үлкен болған сайын, оның тұрғындары салыстырмалы түрде креативтірек келеді. Егер қала сан алуандылығымен (сырттан келгендер көп болса), жергілікті халықтың білімі деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленсе, тіпті жақсы.

Командаңызға тек танып-білген адамдарды ғана емес, мүлдем танымайтындарды да алыңыз. Ең үздік көрсеткішке бірін-бірі білетін таныстардан ғана емес, жаңа адамдардан құралған аралас коллективтер ғана жетеді.

Түрлі мамандықты бітірген адамдар бір-бірімен әрдайым кездесе алатындай офис тауып алыңыз. Мысалы, атақты Стив Джобс Pixar офисін жасау кезінде түрлі бөлімдердің қызметкерлері бір-бірімен жиірек байланысып тұра алатын етіп жобалаған.

Өз-өзіңізбен жиі бетпе-бет қалуға тырысыңыз. Жалғыз қалу креативті паузаның пайда болуына қажетті.

Өмір ережелері

Күнделік жазуды бастаңыз. Қай күні, қай сағатта, қандай жағдайда сізде шарықтау кезі болғанын және қашан өзіңізді нашар сезінгеніңізді бақылаңыз.

Әзілдеңіз. Әзіл креативтіліктің жаттығу құрылғысы секілді.

Танысыңыз. Жаңа танысқа ие болу креативті болуға септігін тигізеді. Адам өзара байланыспайтын әлеуметтік топтардың арасында жүргенде, бірінен жаңа идея тауып, екіншісінде оны іске асыра алады.

Зеріккендікті өз пайдаңызға шешіңіз. Аспанда ұшудың өзі өз жемісін беруі мүмкін.  

Көп және түрлі нәрсеге қызығыңыз. Twitter мен Square-ді жасап шыққан Джек Дорси стартап, бейсбол, Вирджиния Вулф романдары, ақша тарихы, географиялық карта және басқа да жүздеген заттар жайлы қиналмай әңгіме-дүкен құра алады.

Әрдайым әлеуметтік желілердегі достарыңыз бен оқырмандарыңыздың тізімін өзгертіп тұрыңыз (айына 5-10 пайызын). Бірін жойып, басқа бірін достар қатарына қосыңыз.

Кітапты тиімді түрде оқып үйреніңіз. Ең жақсысын таңдап, кез келген форматта тез оқып бітіріп, мазмұнын ұзақ уақытқа есте сақтауға дағдыланыңыз.

Шет тілдерін меңгеріңіз және (егер қолыңыздан келсе) математикамен шұғылданыңыз. Математика мен тілдер  қиын болғанымен, миды тонуста ұстап тұрудың тиімді әдісі. Мысалы, Тесла 8 тіл білетін болған. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: rustudent.com

Ж. FM