Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Дауласқан екеу де ақымақ!

Дауласқан екеу де ақымақ!

Дауласқан екеу де ақымақ!

«Қанша кәллә болса сонша ой болады» дей ме, осы сөз рас-ау. «Дауласқан адамның екеуі де ақылсыз» деген тұжырыммен келісер болсақ, өмір сүрудің өзі оңтайланар еді. Себебі дауласқан адамдар соңыра келгенде екі бөлек дүниені айтып жатқаны белгілі болады. Бірі алманы домалақ дейді, ал бірі – қызыл дейді. Мұны түсінген екеу де ойлағысы келмей, тұжырымды шеткері итереді. Ал төмендегі мысал дауласудың еш керегі жоқ іс екенін тағы бір дәлелдей түспек...

«Мен!» деген философ данагөй ақсақалға келіпті. Оның ойы ақсақалды сөзбен жеңіп, ел алдындағы даңқын аспандату еді. Данагөй шал бірінші болып тіл қатыпты:

- Амансың ба, - деді ақсақал, – Сұрағыма жауап берші.

Қонақ іштей ой қуалап тына қалды, ақсақал сөзін жалғады.

- Түтінді құбыр ішіне түскен екі адамның бірінің беті күйе де, ал екіншісінің беті тап-таза. Қайсысы жуынуға барады?

Жас философтың екі көзі шарасынан шыға жаздады.

- Бұл мені жеңіп кетудің бір амалы ма?

Ақсақал үндемеді.

- Әрине, кімнің беті күйе болса, сол жуынуға барады да!

- Дұрыс емес. Ақылмен ойлап көр: беті күйе адам екіншісіне қарайды да, өз бетін де таза деп ойлайды. Ал беті таза адам серігінің беті лас болған соң, өзінің де бетін таза емес деп шешіп, жуынады.

- Мен мұны ойламадым. Қызық екен – мен логикалық қате жібердім! Тағы бір сынақтан өткізіңіз!

- Жарайды. Түтінді құбыр ішіне түскен екі адамның бірінің беті күйе де, ал екіншісінің беті құлан таза. Қайсысы жуынуға барады?

- Енді... Екеуі де жуынуға барады.

- Дұрыс емес. Екеуі де жуынуға бармайды. Ақылмен ойлап көр: беті күйе болған адам беті таза адамға қарайды да, өзінің де беті таза деп ойлап жуынуға бармаса, ал беті таза адам беті кір адамның жуынуға бармайтынын білген соң, ол да жуынбайды.

Жас философ састы да қалды.

- Сеніңізші, мен дұрыс жауабын табамын! Тағы да бір рет сұрақ қойыңызшы!

- Жарайды. Түтінді құбыр ішіне түскен екі адам...

- Ой, құдай-ай! Олардың ешқайсысы да бармайды!

- Дұрыс емес. Айтшы, екі адам да түтін құбырға түскен соң, қалайша біреуінің ғана беті күйе болады? Қалайша түсінбейсің? Бұл ойсыз сұрақ. Егер сен өміріңді осындай ойсыз сұрақтарға арнайтын болсаң, жауаптарың да ойсыз болмақ.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

3300 11
Рейтинг: +9

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 26 сәуір 2013, 12:40
Пікірлер
+0
26 сәуір 2013, 12:37

:lol: :lol: мен де жауабын таба алмас едім

+0
26 сәуір 2013, 12:59

КЕРЕМЕТ!!! )))

+0
26 сәуір 2013, 13:46

"өміріңді осындай ойсыз сұрақтарға арнайтын болсаң, жауаптарың да ойсыз болмақ..." !

+0
26 сәуір 2013, 15:13

"Неге біреуінің беті ғана күйе болады?" деп ойлап отырғам.

+0
26 сәуір 2013, 15:28

Бұл әңгімені артық білімімен мақтанып қалушы фейсбук жұртына айту керек-ау :mrgreen:

+0
26 сәуір 2013, 19:14

:lol: :lol: :lol: :lol:

+0
26 сәуір 2013, 19:32

)

+0
26 сәуір 2013, 20:11

ехех нағыз данагөй

+0
26 сәуір 2013, 23:57

:lol: :lol: күлкілі әрі ойландырар сұрақ"

+0
27 сәуір 2013, 13:46

:lol:

+0
27 сәуір 2013, 16:23

:lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...