Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Ол үйленген!

Ол үйленген!

Біздің қоғамда үйленген еркектің қонышына жармасып, бойдақ екен деп жары бар жігітпен махаббат құрып жүрген арулар өріп жүр. Біле тұрып осы жолды дұрыс көрген жандарға аузымызды ашып керегі бар ма, жоқ па, білмедім. Бірақ бойдақ серісін күткен аруды сергелдеңге салған ер адам жайлы үндемей отыра алмайыз. Сонымен, үйленген ер адам қандай болады?

Ол демалыс күндері мен мерекелерді сізбен бірге өткізбейді

Бойдақ жігіттер үшін демалыс күндер қызбен кездесуге таптырмайтын уақыт. Тіпті мейрам күндері де сүйгенінің жанынан табылып, онымен бар қуанышты бірге бөліскісі келеді. Ал үйленген жігіт бұл күндері төбесін көрсетпейді. Өйткені оның уақытын бірге өткізетін өз жары бар. Ол демалыс күндерді бірге өткізуге келісім бергеннің өзінде, оны тыныш өткеруге тырысады. Қолынан келгенше сізді көпшілік жиналатын орынға алып барғысы келмейді.

Ол кез келген көпшілік ортадан қашады
Үйленген сері сізбен танымал орындарға (дәмхана, сауда орталығы, т.б) бірге барудан қашады. Сізбен ешқашан да бірге суретке түспеуге тырысады. Суретке бірге түскеннің өзінде ол суреттің әлеуметтік желілерге жарияланбауы мен басқа да орындарда сақталап қалмауын қатаң бақылап отырады.

Оның телефоны көбіне өшірулі болады
Кеш түсімен-ақ «ұясына» кірген серіңіз ұялы телефонның арғы жағындағы сізбен ерекше сөйлесе бастайды. Бірде дауыс бәсең, бірде ыммен сөйлеп, өзінше әлекке түседі. Ал кейде осыншама қолайсыздыққа тап болғанша телефонды өшіріп тастайды. Ал егер айласы басым ермен жүріп жүрсеңіз, ол сізге арнап бөлек телефон ұстауы да әбден мүмкін. Кейде ол сіздің қоңырауыңызға sms-хатпен жауап береді. Демек ол өзінің түн ішінде біреумен сөйлесіп жатқандығын жарына көрсеткісі келмейді.

Ол үнемі жасырынып жүреді

Сіз ол жайында бәрін біле бермейсіз. Сіздің білгендеріңіздің өзі жалған болып шығуы әбден мүмкін. Ол мейлінше сізге өзі жайлы ақпарат бергісі келмейді. Жұмысының қайда екендігін де, үйінің мекен-жайын да айтпайды. Сіз жолыңыз түсіп, сол мекенжайға соға кетсеңіз, қайтпек? Сондықтан ол мұны айтудан жасқанады.

Оның екі сөзінің бірі өтірік

Егер ол сізді тек пайдасына жаратпақ болып жүрсе, онда басыңызды шыр айналдыратын өтірікпен шырмап жүреді. Ол кейде өз өтіріктерін өзі шатастырып жатады. Әйеліне айтатын жалған сөзі мен сізге айтатын ақталуы ұқсап та жатады.

Қалтасынан артық қаражат шығармауға тырысады

Отбасы болған соң, олардың күнделікті жаратуға тиіс қаражаттары мен ортақ қордағы ақшалары санаулы болады. Оны ер адамның әйелі де бақылауда ұстайды. Сондықтан қалтасынан қосымша қаражат шығарарда қолы қалтырайды. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: vk.com

7121 4
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 24 сәуір 2013, 14:29
Пікірлер
+0
24 сәуір 2013, 16:13

"Біздің қоғамда үйленген еркектің қонышына жармасып, бойдақ екен деп жары бар жігітпен махаббат құрып жүрген арулар өріп жүр." осы сөйлемге қарасам өзіңз қарсы сияқтысыз ғой))) тым сыңаржақ пікірлер ретімен жазбаны толтырыпсыз.

+0
24 сәуір 2013, 17:17

кейде қыздар біле тұра барады, әрине өкінішті

+0
25 сәуір 2013, 00:07

менің сыныптастарым мен коллегаларымның арасында үйленсе де әлі де қыздармен жүретін жігіттер көп және оның ең өкініштісі жүретін қыздары жігіттің үйленгенін білетіндікте) соған қарағанда 2ші әйел алуға рұқсат бергендері дұрыс ау келіншектерінің)

+0
25 сәуір 2013, 09:50

Түсіне алмаймыз ғой ол қыздарды біз

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...