Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Куәлігіңді көрсет!

Куәлігіңді көрсет!

Куәлігіңді көрсет!

Маңғаз, тәкәппар кейбір бойжеткендердің мынадай қылықтарын мейлі пойызда болсын, басқа жерде болсын, үнемі кездестіріп жатамыз. Маңыздысы ол емес. Тағдыр жазымышымен мүгедек болған жандарды айтсайшы. Мүгедектігі тәніне батса, "Сен мүгедексің" деп қорлағандай-ақ берілетін "Мүгедек" куәлігі жанына батады-ау. 

***

Пойыз іші. Мереке қарсаңы болғандықтан, қайшыласқан адамнан аяқ алып жүргісіз. Бір-біріне сығылысқан адамдар арасынан қажыған, шаршаған жанарларды жиі кездестіресің.

– Жолаушылар! Қазір билет тексереміз. Орындарыңа жайғасып, билеттеріңізді дайындаңыздар, – деген әйелдің ащы дауысы жолаушыларды ұйқысынан сергіткендей болды. Барлығы күйбеңдеп билеттерін дайындай бастады. Орындық арасында елудің жуан ішіне келген шаш-сақалы ағарып, жүзінен жүдеуліктің белгісі бірден байқалатын қария қалтасын қағып жүріп, билетін зорға тапты.

– Мынау жарты бағадағы билет екен. Осыған қатысты куәліктеріңізді көрсетіңіз!

Мынау бір отызға әлі іліне қоймаған тексеруші қыздың әкесіндей адамға бұлай тіл қатуы шынында өрескелдік еді. Оның бұл қылығын жақтыра қоймаған жұрт еріндерін жыбырлатып, күбірлесіп жатты.

– Не дейсің, қарағым, жарты бағадағы билеті несі?

– Оқушылар, мүгедектер және мемлекеттік заңда белгіленген адамдардан тыс, кез келген адамның заңды куәлігі жоқ жағдайда, жартылай бағадағы билетпен жолға шығуына қатаң тыйым салынады. Тезірек куәлігіңізді көрсетіңіз!

– Қандай куәлік? 

Қарияның қаперімде сасып қалған бейнесі шынында да адамның аяушылығын қозғайтын еді.

– Әлде сіз оқушы ма едіңіз?

Оның бұл мысқылды сөзі шынымен-ақ жолаушылардың зығырданын қайнатты.

– Жоқ...

– Не мүгедек болмасаңыз. Онда бұл билетті қалай алдыңыз?! Мүмкін жалған билет сатып жүрген адам шығарсыз! Мен қайдан білейін?

– Жоқ, олай дей көрме, қарағым. Осы жасқа келгенше, заңға титтей де қайшылық жасап көрген адам емеспін. Бұл билетті жолға шығарда қызым алып беріп еді. Ондай тексеруді мен расында білмейді екенмін. Әлгінде сен «мүгедек» дедің бе? Мен расында мүгедекпін!

Қыз миығынан мырс етіп, қарияға алая қарады.

– Сенбей тұрсың ба, қарғам? Осы жасқа келгенде, өтірік айту менің қай теңім? – деп қария аяғындағы ескі мәсісін шешті. Шұлығын шешкенде, жұрт тіксініп қалды. Аяқ башпайларының біреуі де жоқ. Домаланып, домбығып тұр. Арт жақтан біреулердің «Обал-ай! Мына қарияның жаны қай жерінде жүр екен!» деген мүсіркеу сөздері де естіліп жатыр.

Бастапқыда шошынып қалған қыз, есін тез жиды.

– Бұларды маған көрсетпеңіз! Менің танитыным үкіметтің «Мүгедек» деп берген қағазы. Бұларды көрсеткеніңізбен, мен сізді жарылқайтын қайыр-сахабат орны емеспін. Маған куәлік керек! Болмаса, тиісті жазаға тартыласыз!

– Қарғам-ау, саған осыдан артық қандай куәлік керек? Өз көзіңмен көргенге де сенбесең, бұл дүниеде әділдік деген қайда қалады?!

Қария шынымен-ақ шырылдап қалды.

– Көз сөзді қойыңыз! Куәлік?

Қыз безірейген қалпы тұра берді.

– Сен естімей тұрсың ба?! Жоқ әдейі істеп отырмысың?! Ақсақал жаңадан бері не айтып тұр саған?! Сенде адамгершілік деген бар ма өзі?! – деді ашуға булыққан бір жас жігіт.

Жолаушылардың дабырлаған дауысын естіп, бұл вагонға пойыз бастығы да жетті. Билетші қыз істің мән-жайын еркелей, күліп жеткізді. Соңында «Бұл кісіде не мүгедектік куәлік, не айыппұл төлейтін ақшасы жоқ. Жүк вагонындағы жігіттер жетісе алмай жатқан сияқты. Мынау сол араға барып, тегін қызмет атқарсын. Жолдан түсіріп тастамайық» дегенді қосып қойды, тап бір қарияны жарылқап жатқан кісідей.

Пойыз бастығы қызға «дәл таптың» дегендей, жымиып бір қарап алып: «Ақсақал, осылай істемеске шара жоқ. Маған ілесіп жүріңіз» деп бұрыла бергенде, жолаушылар ішінен тағы бір жігіт атып тұрды:

– Сен еркекпісің өзі?!

– Көрмей тұрсың ба, бауырым?

Жігіт маңғаздана күлді.

– Онда куәлігіңді көрсет. Менің танитыным куәлік қана! «Еркек» деген куәлігің болмаса, мына ақсақал секілді дәлелдеп көрсетуіңе де болады!

Жұрт қыран-топан күлкіге батты. Сөз таба алмай қалған бастық билетші қызға жалтақтай берді. Ол бірден шаптыға сөйлеп:

– Мен әйелмін ал! Маған не айтасың! Мен де көрсетейін бе?!

– Сенде тіпті «Адам» деген куәлік те жоқ. Оны сұрап қайтемін? Бар болса көрсет, бәріміз көрейік.

Жұрт дүрліге жөнелді. «Көрсет! Қане көрсетсін! Көрейік!»

Пойыз бастығы мен билетші қыз бетімен жер басып, мына топтан зорға құтылды. Жолаушылар ішек-сілесі қатқанша күліп, бір жырғап қалысты.

Билетші қыз жігіттің артынан әлденелерді айтып, күңкілдеп бара жатты. Шамасы, «Куәлігіңді неге жаныңа салып жүрмейсің?!» десе керек...

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

2092 7
Рейтинг: +6

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 19 сәуір 2013, 22:30
Пікірлер
+0
20 сәуір 2013, 00:23

Аллам бәрінің жүрегіне мейірім ұялатсын! ешбір адам титтей де болса қатыгездікке бармаса екен...амин!

+0
20 сәуір 2013, 17:14

:cry: :cry:

+0
21 сәуір 2013, 15:30

Мейірімділік пен ізеттіліктен алыстап бара жатқандаймыз ғой...

+0
21 сәуір 2013, 18:44

Қайран қазағымда,кесіп түсетін жігіттер әлі де бар-ау, сойып салған екен.

+0
22 сәуір 2013, 11:54

:( :( :(

+0
22 сәуір 2013, 19:28

"Сөз тапқанға қолқа жоқ" деген, әй, бір разы болып қалдым ана жігітке! Әттең, сондай сөз тапқыштар сирек кездеседі-ау қазір. Есесіне ана қыз секілді сөз қадірін білмес ақымақтар жетіп-артылады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...