Дизайнерлік табақтың жаңа түрі

Дизайнерлік табақтың жаңа түрі

Пластикалық әрі қағаздан жасалатын табақтар қазір кең қолданыста. Қайда болса да бұл табақтар бір рет қана қызмет жасап, қайта өңдеусіз қоқысқа кетеді.

Ал дизайнерлер осыған байланысты өз ойларын ұсынып отыр. Plate-Oh – бұл ондаған тығыздалған қағаздың қосындысы. Оны пайдаланып біткен соң, беткі бір қағаз қабығын алып тастап, кейін де қызметке жаратса болады.

Мұның бір пайдалысы – егер жақын маңда жуатын таза су болмаса да, іске асыруға болатындығында. Қалада болсын, тіпті көкке шыққанда болсын, оның пайдасы мол. Көп көлемді жер де алмайды. Бір жағынан экологиялық ракурстан да пайдасы бар.

Сахар Маданат Хаддад есімді дизайнер жасаған Plate-Oh ендігі өміріміздің айнымас серігі болмақ...

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: myhome.ru

А. Құлтай