Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Мәзір: "лағман"

Мәзір: "лағман"

Мәзір:

Орта Азия халықтарының сүйікті асына айналған "лағманды" әзірлемейтін ханым кемде-кем. Олардың жасалу әдісі әр түрлі. Назарларыңызға лағманның ең қарапайым жолын ұсынамыз.

Құрамы:

Қамырына қосамыз:

Ұн — 2 кесе

Су — 4 кесе

Тұз бен қант — бір шымшымнан

Жұмыртқа — 1

Негізгі құрамы:

Сиыр еті — 1кг

Пияз — 2 бас

Қызанақ — 1

Сәбіз — 1

Болгар бұрышы — 1

Қызыл бұрыш — 1

Картоп — 1

Аскөк — 1 бума

Ақжелкен — 1 бума

Дайындалуы:

  • Етті майда етіп турап, 20 минут қазанда қуырып аламыз;
  • 20 минут уақытта сәбізді, пиязды, қызанақты, болгар бұрыштарын, картоп пен аскөктерді ұсақ текшелерге тураймыз;

  • Уақыт қалып жатса, осы жерде лағман кеспесіне қамырды илеп қоюға болады. Ол үшін су, жұмыртқа, ұн, қант пен тұзды араластырып, қарапайым қамыр илейміз. 15 минут жылы жерге қоямыз;

  • Қуырылып жатқан еттің үстіне пияз саламыз. Енді осы қазанға арасына 5 минут салып, туралған сәбізді, қызанақты, картоп, болгар бұрыштарын, ақжелкендерді саламыз. Араластырып тұруды ұмытпау керек;

  • 20 минут өткеннен кейін, қазандағы етке су құйып, отты бәсеңдетеміз;
  • Жылы жерде ұстаған қамырды алып, қайтарып илейміз. Жұқа қамырға айналған соң, пышақпен бірнеше тілімдерге кесеміз. Май жағып, қолмен ары-бері сырғанатып, қамырды созамыз;

  • Бірнеше рет созғаннан кейін, қамырды дастарханға ұру керек. Бұл тағы да ұзартуға көмек береді;

  • Газ үстіне екінші қазанға су құйып, аздап тұз салып, қайнағаннан кейін лағман қамырларын салып жібереміз. Араластыра отырып, 8-10 минут қайнатамыз. Кеспелерді дереу түсіріп алу керек;

  • Лағманның еті мен көкөністері піскеннен кейін, отты сөндіреміз;
  • Дастарханға берердің алдында,  тостағанға алдымен қамырын салып алып, содан кейін барып сорпасын құямыз;

 Лағман әзір. Астарыңыз дәмді болсын!

20243 2
Рейтинг: +2

Дайындаған: АЙНАРА Байжан
Қосылған күні: 19 желтоқсан 2011, 16:45
Пікірлер
+0
20 желтоқсан 2011, 20:00

ЕЕЕх, қарным ашып кетті ғой. Рахмет, осы лағманның қамырын созуды үйрене алмай жүрген едім. Енді пісіріп көретін болдым!

+0
20 желтоқсан 2011, 20:10

Айтпа! Мен де дәмді ғып бір пісірмесем осы...

+0
20 желтоқсан 2011, 20:43

Ас дәмді болсын!

+0
20 желтоқсан 2011, 21:26

Лағман деген керемет тағам ғой)

+1
20 желтоқсан 2011, 23:09

мен мынаның сілтемесін қызыма жібердім. ертең тіркеледі! Үйрене берсін!

+0
21 желтоқсан 2011, 15:01

дұрыс, үйрене берсін, кейін керек болады

+0
21 желтоқсан 2011, 19:52

Лағман менің де сүйікті асым. Бірақ нағыз лағманды осы Алматыға келіп біліп жатырмыз ғой.))) Қызылорда жақта қамырын кеспе етіп кесе салады.

+0
24 желтоқсан 2011, 14:42

О, лағман! мен жақсы көремін!

+0
06 қаңтар 2012, 21:17

осы ұйғыр халқының лағманы...... ммм

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Том Сойермен балалық шаққа..."

Марк Твеннің таңдаулы туындылары

Автор: Nazym Samet
Жетінші аптаның үздік блогы
Жетінші аптаның үздік блогы

Демалыс кезінде блог жазуға да уақыт тапқан оқырмандарымызға алғыс айтамыз

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...