Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Мәзір: Шекер бөлігі бәліші

Мәзір: Шекер бөлігі бәліші

Мәзір: Шекер бөлігі бәліші

Жігіттеріміздің мерекеге арналған сыйлықтары таусылар емес. Мына бір тәтті бәлішті Мақсат арнайы массагеттік арулар үшін өз қолымен жасап шықты. 

Бұл түріктің тәтті тағамын өте жылдам дайындауға болады. Үйге қонақтар келген болса, бар-жоғы 40 минутта асты дайындап шығуыңызға болады. Есімі айтып тұрғандай, бәлішті дайындауға көп қант кетеді. Бірақ, тәтті бәлішті шаймен қосып, жегенге не жетсін!

 

 

 

 

 

 

Құрамы:
жұмыртқа—2 дана;
қант—0,5 кг;
Маргарин—250 грамм;
ұн—500 гр;
қамыр қопсытқышы—15 гр;
ванилин - 15 гр;
қант ұнтағы - 150 гр;
Жарма ұнтағы - 3 қасық 
кешью жаңғағы 

Лимон - 1/2 

Бірінші, маргаринді жақсылап араластырып аламыз. Маргарин ішінде ірі бөлігі қалмағаны абзал. Маргарин араласып болған соң, ұнды аз-аздан араластыра отырып қосамыз. 

Ұн мен маргаринді араластырып болсаңыз, жұмыртқа, ванилин, қант ұнтағы, жарма ұнтағы, қамыр қопсытқышын қосамыз.
Дайындалып жатқан қамырыңыз қолыңызға жабыспайтындай болуы керек. Егер де жабысып жатқан болса, аз-аздан ұн қосыңыз.
Қамырыңыз дайын болған болса, қамырға дөңгелек пішін беріп, қалыпқа саламыз. Жасалған қамырларыңыздың арасы ашық болуы тиіс. Кешью жаңғағын қамыр бетіне бір-бірлеп қойып шығамыз. Жасап болсаңыз, алдын ала ысытылған пісіру пешіне 160 градусқа, шамамен 20-30 минутқа қоямыз.
Бұл мезетте тәттіге арналған лимон шырынын дайындап қоямыз. Шырын біздің тәттіміздің дәмін келтіретін ең маңызды бөлігі болып табылады.  Ол үшін отқа төзімді бір ыдысқа 4 стақан қайнаған су мен кесілген жарты лимон және қантты салып, қайнатамыз.   
Пісіру пешінен дайын болған бәлішімізді шығарып, оның үстіне шырын суынан құйыңыз. Барлық бәліштің үстіне шырыннан құйып болған болсаңыз, тез арада ыдыстан шығарып, таза ыдысқа бәлішті қойыңыз. Басқа жағдайда бәлішіңіз еріп кетуі мүмкін.

  Бәлішіміз дайын. 

 Ас болсын!

5440 11
Рейтинг: +1

Дайындаған: aaa aaa
Қосылған күні: 11 наурыз 2012, 14:00
Пікірлер
+0
11 наурыз 2012, 14:03

"әлемдегі ең мықты аспаздар - жігіттер" деп еді біреу ) керемет! )

+0
11 наурыз 2012, 14:05

Уау! Күшті!!!

+0
11 наурыз 2012, 14:06

Ер-азаматтарды кейбіреулер ас үйдің маңына жолатпайды. Мынаны оқып, сол дұрыс емес-ау деген ой келді.

+0
11 наурыз 2012, 15:07

керемет екен, жігіттер молодец!

+0
12 наурыз 2012, 15:48

Қамыр қопсытқышы деген не?

+0
12 наурыз 2012, 16:23

Разрыхлитель

+0
12 наурыз 2012, 16:52

Эх, шіркін, бес саусақты салып тұрып араластырыпсыз ғой!! Айтпақшы, жарма ұнтағы деген не?

+0
12 наурыз 2012, 16:54

Манка

+0
12 наурыз 2012, 16:56

Нағыз жігіттердің араластыруы ғой)

+0
13 наурыз 2012, 15:32

Мяя, шынымен жігіт жасаған ба?! Жарайсың!

+0
05 мамыр 2012, 16:50

ухты күшті екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?

Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...
Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...

Өмірдің симфониясы болған сыңғырлар.

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...