Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Қамыр илеу құпиялары

Қамыр илеу құпиялары

Қамыр илеу құпиялары

Қамыр илей алу - аспаздық қасиетінің асқақтығының белгісі. Қамыр илеп үйрену үшін тәжірибе мен уақыт қажет, оған қоса осы өнердегі құпияларды біліп жүрген жөн.

Бәліштердің тәтті болып пісуінің сыры - ұнды елеп салу. Електен өткізу арқасында ұндағы артық құрамдас бөліктерден арылып, оны ауамен араластырып, қамыр жақсы көтеріледі.

Пісірген нан келесі күні қатып қалмау үшін қамырға картоп крахмалын қосыңыз. 

Нан, бәліш, құймақ қамырына ұнтақ жармасын (манка) (жарты литр қамырға бір ас қасық) қосыңыз. Наныңыз ұзаққа сақталып, қатпайды.

Сүтке қатып жасалтын қамырға жарты стақан минералды су қосып араластырыңыз. Минералды суда сірке суы не лимон шырынына қосылған шай қасық ас содасын ерітіңіз. Бұл да қамырдың жақсы көтеріліп, ұзаққа сақталуына көмектеседі.

Нан илейтін ас бөлмесіндегі терезелерді жауып қойыңыз. Солайша қамырдың беті кеппей, көтеріле алады.

Ашытылған қамырдың құрамдас бөліктерінің барлығы жылы болуы тиіс. Тоңазытқыштан алған азық-түліктерді алдын ала микротолқынды пеште жылытып алыңыз. Ал қамырдың құрамындағы сұйықтықтарды 30-35 градусқа дейін жылытқан дұрыс. Ашытқы осындай температурада белсенді болады.

Қамырды құрғақ қолмен илеңіз.

Бәлішті пісіру пешіне салмас бұрын, 15-20 минутқа қойып қойыңыз. Керісінше жағдайда бәліш ұзақ пісіп, дұрыс көтерілмейді. 

Бәліштерді орташа отта пісіріңіз, осылайша ол күймей, көтеріліп үлгереді.

Қамырдың құрамына сары май қосу керек болса, оны ерітпей, турап қосыңыз.

Қамырды суға илегенше, сүтке илеңіз. Осылайша оның иісі де, түсі де жақсырақ болады.

Нанның жақсы көтерілуі үшін жаңа ашытқы қолданыңыз. Ашытқының сапасын тексеруге болады. Суға кішкене ашытқы қосып, кішкене ғана ұн қосыңыз. Қамыр жақсы көтеріліп, бетінде жарықтары болмауы керек.

Қамырдың құрамында тым көп қант болса, бәліш тез қызарып, күйіп қалады. Қамыр қажетінше көтерілмей қалуы да мүмкін. Сондықтан қантты көп қосқанша, кемірек салыңыз.

Бәліш нәзік болып пісуі үшін, қамырға жұмыртқалардың тек сарысын қосыңыз.

Қамыры көп үлкен бәліш пен нандарды өте баяу отта пісіріңіз, осы жағдайда ортасы піспей қалмайды. 

Бәліштің асты құрғақ болып пісуі үшін крахмал ұнтағын себіңіз.

Ашытылған қамырдың 3 сағаттан артық көтерілуін күтпеңіз.

Бәліштің бетін жұмыртқаның сарысымен, сүтпен, қант қосылған сумен жақсаңыз, беті әдемі қызарады.

Бетіне қант ұнтағын себетін болсаңыз, бәлішті алдын ала маймен жаққан дұрыс.

Ал жұмыртқаның ағымен жағылған бәліштің беті жылтырап қалады.

Қамырда неғұрлым көп май және азырақ су болса, ол дәмдірек болады.

Бәлішке ас содасының шамасын тура мәзір бойынша салыңыз, керісінше жағдайда оның иісі бұзылып, күңгірт болып қалады.

Құрғақ бәліштерді суытып барып пішінінен шығарыңыз.

Тәтті бәлішке жүзім қоспас бұрын, оны ұнға аунатып алыңыз.

Тұзды ашытқы қосылып, біраз тұрған суға қосыңыз.

Қамыр ашып, көтеріліп үлгерсе, ал сіз оны пісіру пешіне қоюға уақытыңыз болмаса, бетін ылғал қағазбен жабыңыз.

Ыстық бәлішті суытып барып тураңыз. Немесе сумен жылытылған пышақпен тураңыз.

Бәліш күйіп, пішінге жабысып қалса, оны жіппен алып көріңіз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

25405 5
Рейтинг: +7

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 13 наурыз 2013, 17:30
Пікірлер
+0
13 наурыз 2013, 17:49

ОО жақсы болды ғой маған. Біраз өұпия білетін болдым

+0
13 наурыз 2013, 18:11

Көөөөөөп рахмет, Сания!!!! Мынау бір жаттап, шығарып алатын ақпараттар екен! Көбісін білмейді екенмін!

+0
13 наурыз 2013, 20:09

Мынаны шығарып, холодильникке жабыстырып қоятын екен))

+0
13 наурыз 2013, 21:15

Қамыр илеудің машақаты көп-ау деймін :(

+0
15 наурыз 2013, 21:46

Вконтактіде қаптап жүрген ақпар ғой)) :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...