Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Ас үй гаджеттері

Ас үй гаджеттері

Ас үй гаджеттері

Ас үй гаджеті (gadgetаспап, құрал) — ас үй жағдайында белгілі бір қызметті орындауға арналған құрылғы. Гаджеттер шағын көлемімен ерекшеленеді, уақытты үнемді пайдалануға да мүмкіндік береді. Стандартқа сай құрал-сайман болып табылады. Термин алғашқы кезде тек электронды құрылғыларға ғана қатыстырылып айтылатын. Кейінірек, сөздің ыңғайлылығына байланысты пайдалану аясы кеңейді.

 Анықтама:

  • Ыңғайлылығы. Гаджеттердің басты ерекшелігі салмағының аздығында. Ол 300 грамнан артық салмақты тартпайды, тіптен киім қалтасына сыйғызуға болады.
  • Функционалдығы. Гаджет тек бір ғана қызметті атқара алады. 
  • Шектеулі мүмкіндіктер. Гаджеттердің көпшілігі басқа модульдермен бірігіп, басқа функцияларды атқара алмайды. Сонымен қатар, олар электрден тоқ көзін алып, зарядталатын құралдар сияқты «жанды» емес.

 Қазір ас үйге арналған гаджеттер зор сұранысқа ие. Өнетртапқыштар ас үй гаджеттерінің түр-түрін ойлап табуда. Солардың бірқатарын назарларыңызға ұсынамыз!

Сүзгіш. Ыстық сорпа ішінен  көкөністерді сүзіп алуға өте ыңғайлы гаджет. Алдымен сүзгіштің екі жібін қазанның құлақтарына тартып қоясыз. Енді ет немесе көкөністерді қазанға салып, су құя беруге болады. Белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін, газды өшіріп, қазанның құлақшаларына тартылған жіпті шешіп аласыз. Сол кезде, сүзгішпен бірге сорпаға салынған ас та бірге шығады. Тағам ыстық сорпадан оңай сүзіліп алынады, қолыңыз күймейді.

Сақина-пышақ. Көкөніс тазартуға арналған пышақ. Қолыңызға киіп аласыз да, еш қиындықсыз қабықтарын аша бересіз. Пышақ ұстағандай, қолыңыз шаршамайды, саусағыңызбен тазалап жатқандай әсер аласыз.

Тор ыдыс. Көкөніс немесе жеміс-жидектерді жуумен қатар кептіруге арналған гаджет. Ыдысқа көкөністерді салып, жууға қойсаңыз болды, су тесіктерден ағып өтіп, көкөніс ыдыстың ішінде тұрып–ақ кеуіп кетеді.

Үккіш. Бұл сиқырлы үккіш қолды жарақаттап алудан сақтайды. Арнайы жасалған қорапшасына көкөнісіңізді салып, әрі–бері жылжытсаңыз, қолыңыз зардап шекпей, көкөніс те тегіс үгуден өтеді.

Қабық тазартуға арналған құрал. Бұл зат қазір кез келгеннің үйінен табылады. Көкөніс, жемістердің қабығын алуға арналған құрал. Тиімділігі сол, пышаққа қарағанда көкөніс қабығын тегіс ашып, қолды таза күйінде сақтайды. Балалар үшін де қауіпті емес, себебі кескіш тістері арнайы темір қабаттың астында тұр.

Трафареттер. Печенье жасайтын аспаздар үшін бұл құрал өте пайдалы. Печеньеге арналған қамырды илеп болғаннан кейін, үстінен трафаретті басып жіберсеңіз болғаны, печеньелер  ерекше формаға келеді.  Ерекше үлгідегі печеньелер дастарханның сәнін келтіреді.

Жүгері тергіш құрал. Жүгері дәндерін теру көп уақытты алады. Мына гаджет уақыт үнемдеуге және бірде-бір жүгері дәнін қалдырмай теруге көмектеседі. Оны жүгерінің үстіне қойып, тетігін басып, жоғары-төмен қозғалтасыз. Құрал майда дәндердің бірін қалдырмай теріп алады.

(жалғасы бар...)

суреттер zdorovieinfo.ru сайтынан

5381 7
Рейтинг: +0

Дайындаған: АЙНАРА Байжан
Қосылған күні: 02 қаңтар 2012, 09:00
Пікірлер
+0
02 қаңтар 2012, 19:38

күшті!

+0
06 қаңтар 2012, 11:42

Бычынай формасын келтіретін құрал жынды екен))))))))))))))))

+0
07 қаңтар 2012, 00:47

күшті

+0
11 қаңтар 2012, 15:50

Тамаша. Болашақта тек саусақ қимылдатын шығармыз. Мүмкін тек қарап жататын шығармыз, орнымыздан тұрмай.

+0
11 қаңтар 2012, 15:51

Күннен күнге дамып келеді.

+0
11 қаңтар 2012, 16:21

Уау))))))

+0
16 қаңтар 2012, 20:28

Ағылшындар қазақтың "қажет" деген сөзіне тілдері келмей "гаджет" деп кеткет^_^ Бір қажетіңе жарап қалар нәрселер туралы мақаланың жалғасын күтеміз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...