Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Табақ тарта білесіз бе?

Табақ тарта білесіз бе?

Табақ тарта білесіз бе?

Бүгінгі жас - ертеңгі отау иесі. Сыйлы қонақты төріне шығарар отағасы, абзал ана. Сондықтан, әрбіріміз қазақтың сыйлы кісісіне тартылар табақта қандай мүшелердің жүруін білуіміз керек.

Ең алдымен ет асқанда жіліктен бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Тойға немесе қонақасыға көбінесе қой сойылады. Қой еті жіліктегенде он үш мүшеге бөлінеді. Олар:

  • Екі жамбас;
  • Екі ортан жілік;
  • Екі асықты жілік;
  • Бір бел омыртқа;
  • Екі сүбе, сондай-ақ қабырға;
  • Төс;
  • Бір омыртқа;
  • Екі жауырын;
  • Екі тоқпан жілік;
  • Бір бұғана;
  • Бір мойын.

Әдетте, кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын, қой немесе ешкінің шекесін, қазы-қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып береді.

Бас

Басты үйітіп, жылы суға жуып, мұқият тазартады. Сонымен бірге жағын айырып, тазалап жуады. Жылқының басын бөліп асады, ал сиырдың басын көз қуысына таяу кеңсірігінен бір шауып, маңдайынан қақ жарып, үшке бөліп асады. Сондықтан әр шекесі бір бастың орнына жүреді. Сыйлы қонаққа жылқының шекесін тартпайды, ол тек етпен бірге беріледі.

Қазақ халқында мейманға тартылатын табақтың түрі көп. Дегенмен негізгі түрлерін біле жүрген дұрыс. Олар: бас табақ, қос табақ, сый табақ, күйеу табағы, келін табағы, жастар табағы, жай табақ.

Бас табақ

Жасы үлкен қарттарға, аса сыйлы қонақтарға тартылады. Оған салынатын кәделі мүшелер: бас, жамбас, ортан жілік, белдеме, сүбе қабырға, қойдың ұлтабары, жылқы етінен қазы-қарта, жал-жая.

Қос табақ

Құда-құдағиларға тартылатын арнайы табақ. Оның кәделі мүшелері бас табақпен пара-пар. Оның қос табақ деп аталатын себебі, құда-құдағиға көпшілікпен бірге ұсынылған қонақасының үстіне қосымша тартылатындығы. Қостабақтың кәделі мүшесі - тоқпан жілік.

Сый табақ

Құда-жегжаттық қатынасы болмаса да, ерекше сый құрметке ие адамдарға арнайы тартылатын табақ.

Жастар табағы

Оның ең кәделі мүшелері - асықты жілік пен төс. Асықты жілік әдетте күйеудің жолдасына немесе қыздың жеңгесіне ұсынылады. Күйеуге әлбетте төс тартылады.

Жай табақ

Ортан жілік, жауырын, тоқпан жілік пен қабырға омыртқа салынады.

Аталған табақ тарту түрлері Қазақ елінің кең-байтақ даласының әр түкпірінде әр жолмен, әр қосымшасымен тартылуы, ұқсамауы мүмкін. Тіпті, ет турау әдісі де әр өңірде әр түрлі болып келеді.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: svadebnyisalon.com

48717 16
Рейтинг: +8

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 30 қаңтар 2013, 15:21
Пікірлер
+0
30 қаңтар 2013, 15:15

керек дүние. Ер адам етті мүшелей де алмайды ғой қазіргі уақытта

+0
30 қаңтар 2013, 15:31

Бұны маған көрсетіп тұрып, үйретпесе түсіне алмайды екем :|

+0
30 қаңтар 2013, 15:52

ПРАКТИКАЛЫҚ ТҮРДЕ ҮЙРЕНУ КЕРЕК)) ТЕОРИЯ ЖҮЗІНДЕ МИҒА КІРМЕЙДІ :)

+0
30 қаңтар 2013, 15:55

маған да былай былай деп көрсетпесе ұқпаймын

+0
30 қаңтар 2013, 16:02

әдемі табақты төрге қоятынын білем

+0
30 қаңтар 2013, 17:26

жақсы болды ғой))) Болмаса қойды жіліктегенде мынау не, мынау не сұрап алам да, сосын қағазға атауын жазып, бөлектеп пакеттеп тастаймын))) Өзіндік шпаргалка) :oops:

+0
30 қаңтар 2013, 20:50

"Тіпті, ет турау әдісі де әр өңірде әр түрлі болып келеді."
Атыраудан келген қонақтарға жасым кіші болғасын, ет турап беріп болып отырмын. Ешқайсысы бастамайды. Сөйтсек оларда ет тураған кісі бастайды екен. ал бізде Маңғыстауда үлкен кісі бастайды.
Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа деген осы екен.

+0
30 қаңтар 2013, 21:51

Менің бір жездем Атыраудыкы. Бірде нағашымның үйі шақырған еді. Табақ тартқанда, етті турап болғасын үлкендерді күтпей өзі бастап кеткенго. Нағашыларымнан сөгіс естіген. Оларда жасқа қарамайды екен, Ал бізде үлкен адам бастайды.

+0
30 қаңтар 2013, 21:52

Практикасыз, шынымен қиындау болады екен ажырату :roll:

+0
30 қаңтар 2013, 23:51

төс мұжығым келеді :)

+0
31 қаңтар 2013, 18:47

ооо не толка табак табактын ишинде тамагымен турган дурыско :)

+0
01 ақпан 2013, 02:42

Auyl adamdary 5 biledi tabaktyn kandai ekenin! bizden kalgango ! :) Oral jakta birinwi jasy ulken bastaidy!

+0
04 ақпан 2013, 00:17

еттин бари бир сиякты маган :D

+0
04 ақпан 2013, 17:26

Естуім бойынша Арқалық жақта ет табакка мол салады екен.Біз жакта әйтеуір әупірімдеп бірденені салатта қояды. Сосын етті майда етіп турайды. Бірде Астанада ағам үйінде ет жеп отқанда етті мол салыпты.Әкем: мынау көп қой,- деп жеңешеме айтып жатыр. Сосын етті ұзынша етіп турайды екен. Мұндайды көрмеген біз таңғалып қалдық.

+0
17 наурыз 2013, 20:44

bizdede mangistauda ettty birinwi ulken adam bastap beret..sosin kalgandari jailap jei beredi

+0
02 сәуір 2013, 20:04

келіндерге керек!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
Би өнерінің қызықтары
Би өнерінің қызықтары

Би-менің екінші өмірім.

Автор: tansamal tolebay
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім

Жайна Сламбек:
Жайна Сламбек: "Мен уақытты қадірлейтін, миды "қоқыр-соқырмен" толтырмауға тырысатын адамдардың бірімін"

Бәрінің бастауы - көркем әдебиет. Кітап оқымайтын ұлтқа айналып барамыз, кілтипан...


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...