Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Мәзір: Құймақтар

Мәзір: Құймақтар

Мәзір: Құймақтар

Келе жатқан Масленица мейрамының ажырамас бөлігі -  құймақтар. Бұл мейрамды атамайтын болсаңыз да, отбасыңызды, не достарыңызды дастарханға жинап, неге отырыс істемеске? Құймақтың ең оңай және тез жасалу жолымен танысып өтіңіз.

Құрамы:

  • 2 жұмыртқа;
  • 2 стақан сүт;
  • 1,5-2 стақан ұн;
  • 2 ас қасық қант;
  • 0,5 шай қасық тұз;
  • 0,5 шай қасық ас содасы;
  • 2 ас қасық сұйық май. 

 Миксердің көмегімен жұмыртқа мен қантты араластырамыз.

\

Тұз, сүт, сұйық май, ас содасын қосамыз. 

Ұнды біртіндеп қоса отырып, жақсылап араластырамыз.

Құймақтың қамыры қою да, сұйық та болмауы керек. Керек болса ұнды көрсетілген мөлшерден аз, не көп қосыңыз.

Құймақ пісіретін табаға кішкене май тамызамыз.

Майды қағаз майлығымен таба бетіне жағамыз.

Бір кішкентай ожау көлемінде құймақтың қамырын құямыз.

Оған дөңгелек пішінін беруге тырысамыз.

Екінші бетіне аударамыз.

Құймақтар дайын! Асыңыз дәмді болсын!

Форумда талқылау.

50469 43
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 17 ақпан 2012, 13:41
Пікірлер
+0
17 ақпан 2012, 15:12

менде құймақ жасағанды өте жақсы көремін!!

+0
17 ақпан 2012, 16:25

2 жұмыртқа -Жұмыртқа сарыуызбен бе, әлде сарыуызссыз ба?
2 стақан сүт; - Қанша миллилитр? Шамамен? Сүттін майлылығы қанша?
1,5-2 стақан ұн - Ұнның сорты қандай? Қанша грамм?
2 ас қасық қант - Қанттың қандай түрі?
0,5 шай қасық тұз - Тұздың қандай түрі?
0,5 шай қасық ас содасы - Сода бүйрекке зиян емес пе?
2 ас қасық сұйық май - Сұйық май деген не? Майдың қандай түрі? Майды қанша рет қолдануға болады?
Табаны қанша уақыт қыздыру керек? От жалыны қандай болу керек? Температурасы қандай?

+0
17 ақпан 2012, 18:38

мәссаған.....

+0
17 ақпан 2012, 20:59

Не болды? Мәссаған демей-ақ сұраққа жауап беруге болар ма еді?

+0
19 ақпан 2012, 01:24

Маратенок мырза, кешіріңіз есіміңізде орысша е (йо) жазғым келмейді, сіз қазақ тілінің жанашырысыз ғой! (Есіміңізде неге бұндай әріп кетіп қалған екен?) Бұл сұрақтарға жауап тек сіз массагет.кз сайтының айран бәліші атты мәзірін істеп, суреттерін түсіріп, бізге жіберсеңіз жауап беріледі. (Ол мәзірдің де ұсақ-түйегін сұрап, істемей қалдыңыз ба деп уайымдаймын) Сонымен, күтеміз!

+0
19 ақпан 2012, 01:39

Ол есім емес, және орысша да емес, лақап ат қой, және мен қазақ тілінің жанашыры емеспін, негізінде, бар болғаны әділдікті тілеймін.

+0
19 ақпан 2012, 01:42

-енок, -онок жалғаулары орыс тілінде қолданылады.

+0
19 ақпан 2012, 01:46

Мен сізге түсіндіріп жатырмын ғой, ол орыс тілі емес, ол лақап ат, не болсада біздің әліппеміз де орысша ғой? Оған не айтасыз? Қалай болсада өзіңіз білесіз.

+0
19 ақпан 2012, 01:49

Білгеніңіз жөн дегенім ғой. Бұл орыс тілінің жалғаулары. Біздің әліппе, "орыс әліппесі" емес, кириллица деп аталады.

+0
19 ақпан 2012, 01:52

Ал кирилицаны кім шығарды? Керіл мен Мепөди, иә? Олар кімдер?

+0
19 ақпан 2012, 01:55

Маратенок мырза әдеттегідей сұрақ қояды.)))

+0
19 ақпан 2012, 01:40

Жақсы, жасап көрейін, тек уақытын айтпаймын қашан екенін.

+0
19 ақпан 2012, 01:45

Соның ешқашан болып кете ме деп қорқамын...Ал Маратенок, уәдеңізге қаншалықты берік екеніңізді көрейік.

+0
19 ақпан 2012, 01:47

Уәде? Жо-жоқ, ондай болған емес

+0
19 ақпан 2012, 01:52

"Жақсы, жасап көрейін, тек уақытын айтпаймын қашан екенін." Айтылған сөз - атылған оқ...

+0
19 ақпан 2012, 01:54

арасында "көрейін" деген сөзге назар аударған жоқсыз

+0
19 ақпан 2012, 01:54

Мүмкін жасаймын дегенді білдіреді.

+0
19 ақпан 2012, 01:58

Анық жазбайсыз ба солай. Жақсы? Не жақсы? Жасап көрейін? Жасап қарайсыз ба соған? Әлде, жасай бастап, тастайсыз ба? Уақытың? Пісірілу уақытын ба? Неше уақыт алатынын ба? Таңмен не кешке жасайтыңызды ма? Неге айтпайсыз? Бұл неткен құпия? Және де бұның бәрі КІМГЕ ҚЫЗЫҚ?))

+0
19 ақпан 2012, 02:05

Анық жазамыз бір кездері, оған уақыт келген жоқ әлі

+0
19 ақпан 2012, 02:06

Қашан? Қандай уақыт? Ол қайдан келеді?

+0
19 ақпан 2012, 02:09

Сайтыңыз тамаша болған кезде келеді

+0
19 ақпан 2012, 02:07

Біршама уақыт өтсін, сосын анық жазуға тырысамыз, әзірше жазған сөздер жетерлік

+0
19 ақпан 2012, 02:11

)Бір-бірімізді түсінген сияқтымыз...Қайырлы түн, біздің тұрақты қолданушы.

+0
19 ақпан 2012, 02:14

Түсінген жоқпыз, бір ғана айта кететін жәйт, сіздің және менің сұрақтарымыздың айырмашылығы, сіздікі орынсыз, тақырыптан тыс, менікі нақты осы тақырыпқа қойылған сұрақ, осыны ескеру керек.

+0
19 ақпан 2012, 02:15

Яғни, осы мақалаға деген сөз

+0
19 ақпан 2012, 02:20

"өмірге не жетсін? Әдемі өмірге" Кірпік бояу жайлы мақалаға жазылған пікір...)

+0
19 ақпан 2012, 02:24

Иә, ол кірпікке қатысты еді

+0
19 ақпан 2012, 02:27

)))

+0
15 шілде 2012, 14:30

Табаны әр құймақты дайындаған сайын майлап тұрамыз ба? Әлде, басында бір майланғаны жетеді ме?

+0
21 ақпан 2012, 12:28

Сіздің мына сұрағынызды оқып ішім пісіп кеттіғой Маратионок, менімше сіздің сұрақтарыныз артықтау болыптұр! суретке мұқият қарасаныз бәрі анық көрсетіліп тур емеспа. ххмммм тіпті оттын жалыныда көрініп турғой))))))))))))))

+0
17 ақпан 2012, 16:34

Менде бір күні құймақ жасадым, бірақ ешкім тоймай қалды. Адам қанша көп болса сонша көбірек салу керек екенғой.

+0
17 ақпан 2012, 17:10

Иә, сәл тойымсыздау тағам. Таңғы асқа болмаса... Және уақытты да көп алады. )

+0
17 ақпан 2012, 17:39

Машақаты көп болғанымен, өте дәмді!
Marationok Сәммитстаннан - жақсылап бір білекті сыбанып құймақ пісіргелі жатырсызба? Тәптіштеп тұрып сұрап жатырсыз, ауыз тигізерсіз, шедеврыңыздан

+0
17 ақпан 2012, 21:00

Бірге жасайық Лорик ханым? Қалай? Екі рет қайталамаймын

+0
17 ақпан 2012, 19:16

куймак жасау менин суйикти исим десе де болады ....)))

+0
17 ақпан 2012, 20:46

Күшті көпіріпті ғой,мәәә, қызығып кеттім! Менікі неге көпірмейді солай?

+0
18 ақпан 2012, 16:58

әдеміііі

+0
20 ақпан 2012, 11:24

Мен өткен демалыста берілген рецепт бойынша құймақ пісірдім. Дәл суреттегідей болып шықпаса да өзіме ұнады. Енді жиірек пісіріп тұрамын. Әдемі шоколад ала келем десеңіздер, құймақпен сүт қатқан шайға шақырамын)))

+0
23 ақпан 2012, 18:43

Жаңа осы құймақты дайындап көрдім!:) Рахмет, өте тамаша шықты!:) Алғысым шексіз!:)

+0
23 ақпан 2012, 18:46

Керемет, қыздар! Бізбен бірге керемет келін болып шығасыздар деген үміттемін! ))

+0
13 мамыр 2012, 17:02

Керемет екен :D :D !!!

+0
18 ақпан 2014, 18:50

Құймақ жегіп кеп отыр )

+0
24 ақпан 2015, 00:10

Сүттің орнына айран қосуға боладыма?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...