Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Тропикалық жемістердің патшасы

Тропикалық жемістердің патшасы

Тропикалық жемістердің патшасы

Тропикалық жемістердің арасындағы ең тәттісі де, ең жақсысы да – манго. Манго сөзін санскрит тілінен аударғанда «ұлы жеміс» деген мағынаны білдіреді. Әлем халықтары бұл жемісті "тропикалық жемістердің патшасы" деп атайды.

Жеміс осыдан 4000 жыл бұрын  өзінше танымал, мәдениеті, дәстүрі мен аңызы бай Үнді жерінде пайда болған. Осыдан болар, манго үндістердің ұлттық жемісі саналады. 

Ақиқат бар жерде аңыз да бар. Манго жемісінің төңірегінде шертілетін аңыздарға да көз жүгіртіп көрелік. Бағзы замандарда Шива құдай өзінің сұлу сезімінің нышаны ретінде сүйікті әйеліне манго ағашын сыйға тартады. Ағаштың көз тартар көркі мен жемісінің тіл үйірер дәмін ұнатқан жер бетіндегі адамдар да оны аз уақыттың ішінде жақсы көріп кетеді.

Бүгінде азиялық континенттің өте көп бөлігінде осы бір мәңгі жасыл болып тұратын жеміс ағашы жайқалып тұр. Олардың табиғатта 1000-ға жуық түрі кездеседі. 35-ке жуық түрі Үндістаннан басқа, Филиппин, Тайланд, Африка жерлерінде өседі.

Мангоның ел арасында танымалдығының артуына оның шығу тарихы ғана әсер еткен жоқ, пайдасының шаш-етектен екендігі де ешкімді бей-жай қалдырмады. Оның құрамындағы А дәрумені адам бойындағы әлсіздікті жеңеді. Сондай-ақ көп мөлшерде кездесетін С дәрумені мен калий кез келгеніміз үшін аудай қажет. Үнділіктер халық медицинасында мангоны қатерлі ауруларды емдеу үшін қолданатын болған.

Дәрігер мамандар қазіргі таңда жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратын, ас қорыту мүшелерінде қиындықтары бар адамдарға мангоны көп жеуге кеңес береді. Ол пектинге, жасұныққа бай болғандықтан, иммунитетті күшейте алады. Сондай-ақ, мангоның шырыны тамақ ауруына таптырмас ем.

Дегенмен, пайдасы бар екен деп, беталды жей берудің қажеті жоқ. Күніне 2-3 дана жеп тұрсаңыз, жеткілікті.

 Суреттер:nmedik.org,1001facts.info,yougoto.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

4953 3
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 13 желтоқсан 2012, 18:56
Пікірлер
+0
13 желтоқсан 2012, 23:12

Ммммммм, менің ең сүйікті жемістерімнің бірі)))) Мажарстанда мангоға әбден тойып қайтып едім)

+0
14 желтоқсан 2012, 08:50

Онша қатты ұнамайды (

+0
14 желтоқсан 2012, 10:10

ОМ ном ном

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Менен сізге 7 кеңес
Менен сізге 7 кеңес

...есімнен адасатын шығармын...

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын

Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы...


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...