Айран бәліші

Айран бәліші

Қазіргі арулардың өмірі жарыс сияқты. Сабақ, жұмыс, үй, бала-шаға... Үй жинау, тамақ әзірлеу... Осының арасында отбасыңызды қуантып, шайға тіскебасар ретінде бәліш істеуге уақыт табу арманға айналды. Бірақ, МАССАГЕТ сізге керемет бәліш мәзірін ұсынғалы отыр. Құрамында әр ас үйде табылатын азықтар, дайындалуы оңай, тіпті тамақ әзірлей алмайтындар да оны оңайлықпен дайындай алады. Ендеше, кеттік!

Құрамы:

  • 3 жұмыртқа;
  • 2 стақан ұн;
  • 1/3 стақан сұйық май;
  • 1 стақан айран;
  • 10 г қамыр қопсытқышы;
  • 1 стақан қант.

Жұмыртқаны қантпен араластырып, миксердің көмегімен шайқаймыз. 

Оған айран, сұйық май қосамыз. Үстінен ұн сеуіп, қамыр қопсытқышымен араластырамыз.

Қамырды жақсылап араластырып, бәліш дайындайтын пішінге құямыз. 

Пісіру пешіне 170-200 С-қа 40-50 минутқа қоямыз.

Айран бәліші дайын! Асыңыз дәмді болсын!

Бәлішті істеп, мына жерге жазып кетуді ұмытпаңыз!

С. А