Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Шәй ішу рәсімі

Шәй ішу рәсімі

Шәй ішу рәсімі

Шәйді әдемі ішу өнерін күллі әлем жұртшылығына үйреткен – Аспанасты елі, яғни Қытай саналады. Дәл осы елде шәй ішу рәсімін өткізу дәстүрі бірнеше ғасыр бұрын пайда болған еді. Қытай жұртшылығы шәйді ұлттық сусын ретінде ғана танып қоймай, «өмір оты» және «өсімдіктердің данагөйі» деп жоғарғы баға беріп, қасиет тұтады.

Біздер, яғни ХХІ ғасыр тұрғындары қалташалардағы шәйді ішуді әдетке айналдырдық. Сондықтан шәйдің әсер ету қасиетін түсіну, оны қайната білу өнерін меңгеру сіз үшін де, біз үшін түсініксіз әрі қиын болып көрінуі мүмкін. Саспаңыз, төмендегі мәліметтеріміз сізге көмектесетіндігіне кәміл сенеміз.

Қытайдағы дәстүрлі шәй ішу рәсімі – Гунфу-Ча деп аталады. Мұндағы соңғы буын «шәй» деп аударылса, алғашқы екеуі «асқан шеберлік» немесе «асқан өнер» деген мағынаны білдіреді. Әрине, соңғы уақыттары қытайлықтар да кофе, минералды сусын, кола сынды бөтен елден келген сусындарға үйренісіп жатыр, десе де, шәйді құрметтеп, көңіл бөлетіндердің қатары өзге елдерге қарағанда аса жоғары.

Қытайлық шәй ішу рәсімінің басты мақсаты – шәйдің хош иісі мен тіл үйірер дәмін паш ету болғандықтан, мұнда асығыстыққа жол жоқ. Жібектей жұмсақ мінез иелері, адам жанын рахатқа бөлер бамбук сыбызғысының дыбысы, шағын ыдыс, әсіресе, тыныштық пен татулық – рәсімнің негізгі шарттары болып табылады.

Рәсім қадамдары:

1. Рәсімге қажетті аспаптарды дайындау және «чабаньды» (шәй үстелі) безендіру.

2. Суды үлкен көпіршіктер шығып, бұрқылдағанша қайнату. 

3. Ыдысты жылыту.

4. Демдеуге арналған шәмбені (шәй қорапшасы) чахэге себеді. Содан кейін шәй иісін рахаттана жұтады.

5. Шәйнектің ішін құрғақ шәмбемен толтырады.

6. Қақпағын жапқан соң, сулықпен орап алып, ары-бері төңкеріп араластырады.

7. Шәйнекке су құйылады. Бірінші тұнбаны ішуге болмайды. Бұл - жапырақтарды жуу үшін.


8. Екінші демделген шәйді биіктеу шынылардың (вэнсябэй деп аталады) ¾-не құяды да, оның бетіне аласа шыныларды қояды (чабэй деп аталады). Екеуін бір-біріне жақсылап беттестіріп тұрып, кері аударады.

9. Вэнсянбэйді сағат тілімен айналдырып отырып, хош иісті рахаттанып жұтуға болады. Содан кейін барып алғашқы жұтымды жасауға рұқсат.

10. Шәйді тауысқан соң, рәсім қайталанады. Шәйді үш-жеті рет, яғни оның дәмі мен иісі кеткенше демдеуге болады.

Қарапайым күндерде ішкен әрбір шәйіңіз дәмді болсын!

Суреттер:pressfoto.ru,mjata.ru,blog.i.ua,artleo.com,vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

10061 10
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 06 желтоқсан 2012, 11:17
Пікірлер
+0
06 желтоқсан 2012, 12:50

қытайларша шәй ішіп көру керек екен, жалпы шәйдің дәмін онша сезе бермеймін ((

+0
06 желтоқсан 2012, 13:30

титтей кесемен ішеді, оған біз қанбаймыз ғой, өзіміздің шай ішкеніміз жақсы сорпа кесеге құйып, сораптап. :)

+0
06 желтоқсан 2012, 13:43

:lol: :lol: қатырдыңыз ғой)

+0
06 желтоқсан 2012, 15:11

олар шамасы количествоға емес качаствосына қарайтын болу керек

+0
06 желтоқсан 2012, 16:32

качествосы қандай болса да бәрібір олардың шайына біздің апаларымыздың бас ауруы жазылмайд.

+0
06 желтоқсан 2012, 16:42

ия, апаларды качество қызықырмайды, аңгіме айтып отқанда ауыздары кеуіп кетпес үшін іше беред іше беред

+0
06 желтоқсан 2012, 14:25

адам ішетін шәй емес анау "гуң фу ча"-сы. Шын айтам)

+0
06 желтоқсан 2012, 16:09

ішіп көрдіңіз бе? :)

+0
06 желтоқсан 2012, 15:13

конфуцыйдын шәй туралы сөзі есіме тусіп кетті го :D

+0
06 желтоқсан 2012, 17:52

Түріктердің шәй ішкендері бітпейді осы сериалдарда қара шәйді жұта береді, өзм қар шәй іші алмайды екенмін

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...