Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Дастархан жабдықтау

Дастархан жабдықтау

Дастархан жабдықтау

  Қонақ қарсы алатын әйел адам дастархан даярлауда әрбір ұсақ-түйекке үлкен мән береді. Жайылған дастархан — біріншіден, отанасының қандай екенін білдірсе, екіншіден, қонаққа көрсетілген құрмет пен ілтипат. Ертең-ақ, бір үйдің отанасына айналатын қыздар қауымы дастархан жабдықтау ережелерін біле ме екен? Бүгін біз осы сұраққа жауап іздейміз. Яғни, дастархан дайындауда ұстанатын үрдістер мен ережелерді кеңінен ашып көрсетпекпіз.

 

Дастархан

   Үстел үстіне алдымен дастархан жайылады. Қазір сауда орындарында дастархандардың түр-түрі бар. Жаялықтардың әдемі безендірілген әр түрлі матадан болғаны дұрыс. Дастарханның негізгі маталары — зығыр (лен) мен мақта-мата болып табылады. Ең дұрыс шешім – ақ матадан тігілген дастархан. Ақ түс дастарханның сәнін ашып тұрады және үстел үсті әлдеқайда кең болып көрінеді. Дастархан үтіктелген, түзу жайылған, әрі шеттері бүгілмеген болуы шарт. Әдетте, дастархан жайғанда, екі адам екі жағынан ұстап тұрып, жоғары қарай сілкіп барып жаяды. Сонда ортада әуе шары секілді төмпешік пайда болады. Төмпешік басылып, үстелге тегіс тигенде барып, дастархан түзу әрі біртегіс жайылады. Тағы да, маңызды жайт, дастархан барлық жағынан 25 см жерге түсіп тұруы керек. Егер тым қысқа болса, үстелдің аяқтары сырт көзге оттай басылып,  дөрекі көрінеді, тым ұзын болса да, қонақтарға жайсыздық тудырады.

 

Жабдықтау

      Жалпы дастарханды жабдықтау дегеніміз не? Қазір өркениет кең етек жайған заманда қонақ күту рәсімі де барынша мәдениетті. Қонақ алдына ұсынылатын тәрелке, шанышқы, қасық пен пышақ рет-ретімен, белгіленген тәртібімен орналастырылады.

   Дастархан жабдықталуына арнайы тәртіп белгіленген:

—    Алдымен фаянс ыдыс пен фарфор ыдыстар қойылады;

—    Келесі ретте ас ішу аспаптары қойылады;

—    Соңынан барып сусын ішетін шыны стақандар қойылады;

—    Майлық төселеді.

 

Есте сақтау керек: Ешқашан аяғы бар шыны ыдыстарды бел ортасынан ұстамайды, міндетті түрде аяғынан ұстайды.

Дастарханды жабдықтау әр түрлі болады. Ол күн мезгілі мен астың құрамына байланысты.

    Таңғы ас

—    Түскі ас

—    Кешкі ас.

 

Дастархан жабдықтаудың жалпы тәртібі

1-сурет бойынша орналастырылады:

  1. Майға арналған пышақ. 2.  Нанға арналған тәрелке. 3. Бірінші асқа арналған қасық. 4. Салқын дәмтатымға (закуска) арналған шанышқы. 5. Теңіз тағамдарына арналған пышақ. 6. Салат немесе ет тағамдарына арналған шанышқы. 7. Ас пышағы. 8. Негізгі тәрелке. 9. Сұйық тамаққа арналған тостаған. 10.  Десерт қасығы. 11. Десертке арналған шанышқы. 12. Су ішуге арналған стақан. 13. Аққайнарға арналған бокал. 14. Қызыл шарапқа арналған бокал. 15. Ақ шарапқа арналған бокал.

1-сурет

 

 

Енді дастархан жабдықтарының қойылу реттілігі бойынша орналастыру:

2-сурет

Дастарханды дұрыс жая білу — сіз ойлағандай қиын емес. Барлық асқа арналған саймандардың қақ ортасына көлемі үлкендеу тәрелке қойылады. Ыдыс-аяқ таңдауда түрі мен түсіне, сапасы мен көлеміне үлкен мән берген дұрыс. Дастарханға қойылған барлық ыдыстар бір-бірімен сәйкес болса, дастарханның ажары болады деген сөз. Енді, негізгі үлкен тәрелкенің үстіне көлемі кішірек немесе сорпаға арналған тостаған қойылады. Тостағанның қойылуы қонақтарға дайындаған ас мәзіріңізге байланысты болмақ. Егер мәзіріңізде сорпа тағам болса, міндетті түрде үлкен тәрелкенің үстіне тостаған қойылады.

Дәмтатымнан алдырып отыру үшін  үстіңгі жақтың сол бұрышына бөлек тәрелке қойылады. Заң бойынша,  үстіңгі бұрышқа тағы қолды шайып отыру үшін арнайы ыдыс қойылады. Қолды шаю үшін арнайы ыдысқа жылы су құйылып,  лимон салынады. Бірақ, оны арнайы мейрамханаларда болмаса, үйге қонақ келгенде көп пайдалана бермейді.

Енді ең маңызды бөлігі, ол – шанышқы, пышақ және қасықтар. Шанышқыны тәрелкенің сол жағына, ал пышақты оң жағына қояды. Тәрелкенің ең шетінде бірінші қолданатын құралдар қойылады. Мәселен, үлкен қасық ас ішу үшін немесе дәмтатым үшін шанышқы. Десертке арналған кішкентай қасық тәрелкенің үстіне орналасады.

Әр түрлі сусынға арналған бокалдар болса, оң жақтың үстіңгі бұрышына орналасады. Бұл жердегі ереже де: бірінші болып ішілетін сусындарға арналған бокалдар шетіне орналасып, ішке қарай кейін қолданылатын бокалдар қойылады.

Әрбір астан кейін шетте тұрған ыдыстар алып тасталады. Тек су ішуге арналған стақан алынбайды.

Таңғы асқа арналған дастархан ерекше дайындалады. Міндетті түрде қағаз майлықтары бар құмыра қойылады. Міндетті аспаптар болып, кішкентай қасық, пышақ пен шанышқы саналады. Бәлішке арналған тәрелке сол жақтағы үстіңгі бұрышқа қойылады. Шанышқы әдеттігідей, сол жақта, пышақ болса оң жақта орналасады. Пышақтан кейін кішкентай қасық қойылуы шарт. Дәмтатым тәрелкесі алдын ала дастарханға қойылмайды. Себебі, таңғы ас қонақ алдына жеке тәрелкеге салынған күйі беріледі.

Есте сақтаңыз: Шанышқы қойылғанда, мүйіздері жоғары қаратылады. Ал пышақтың алмас тұсы сол жаққа,  яғни тәрелкеге қарайды. (1 сурет)

Түскі немесе кешкі асқа арналған дастарханның жабдықталу реті. Көбінесе қонақтар осы мезгілге шақырылатын болғаннан кейін, кешкі немесе түскі ас дастарханын безендіруді білген жақсы. Әдеттегідей, алдымен кісі отыратын орындыққа қарсы бетке көлемді тәрелке қойылады. Тәрелке үстел шетінен 2 см асып барып орналасуы керек. Ал сол жақта үстелден 5-10 см асып бәлішке арналған тәрелке тұрады. 

Түскі немесе кешкі асқа арналған дастарханның таңғы ас дастарханына қарағанда өзгешеліктері бар. Қонақ орындығына қарама-қарсы, үстел шетінен 2 см асып тәрелке қойылады, ал 5 см асып тұратын сол бұрышында бәлішке арналған тәрелке орналасады. Тәрелкенің сол жағына шанышқы, оң жағына пышақ қойылып, үстіңгі бөлігіне қасық қойылады. Оң жақ бұрышқа бокалдар мен фужерлер қойылады. Ал оралған майлық ортадағы тәрелкенің үстіне орналасады.

 

Мына суретте үстел жабдықталуының  қарапайым көрінісі:

Жалғасы бар

Суреттер supercook.ru, danaja.ru сайттарынан алынған

25730 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 08 желтоқсан 2011, 15:57
Пікірлер
+0
20 желтоқсан 2011, 20:48

Дастархан жая білу де өнер) Қазағымның төрінен қонақ арылмасын!

+0
02 ақпан 2012, 20:38

Амин айтканыныз келсин!!!!!

+0
24 ақпан 2013, 22:40

Мақала үшін рахмет)))

+0
24 қазан 2014, 15:23

бари тамаша! Курметти акимшилик, суреттер неге ашылмайды?

+0
24 қазан 2014, 16:33

неге суреттер салынбайды менин блогыма

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...