Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Мәзір: Шелпек

Мәзір: Шелпек

Мәзір: Шелпек

Шелпек - қазақ дастарханының дәстүрлі, ертеден келе жатқан кәделі ұлттық тағамы. Қазақ үстеліне алғаш осы шелпектер қойылады, оны кез келген мейрамдар мен қаралы күндері де жасайды. Жұма күні пісірілетін "жеті шелпек" те баршамызға таныс.  Назарларыңызда оларды дайындаудың оңай әдісі.

Жиі жағдайда заманауи келіншектер шелпек пен бауырсақтарды бір қамырдан илеп жасайды. Шелпектерді әрине бұлай жасаған қате емес. Алайда шелпектеріңіз жұқа, бірқалыпты піссін десеңіз, оған басқа қамыр әзірлеген дұрыс.

"Дұрыс" шелпектің қамыры ерекше құрамдас бөліктерді талап етпейді. Дайындалуы да оңай, қамырдың көтерілуі де ұзақ күттірмейді.

Құрамы: 

  • Ұн;
  • сүт - 0,5 литр;
  • ас содасы;
  • тұз, қант;
  • сұйық май - 3 ас қасық қамырға және қуыруға бөлек.
Сүтті жылытып, сұйық май, бір түйір тұз, ас қасық қант қосыңыз. Жарты шай қасық ас содасын сірке суы немесе қайнап тұрған суға ерітіп қосыңыз.
Ұн қосып, нан илей бастаңыз. Қамырды жұмсақ қылып илеп, жылы жерге 20 минутқа бетін жауып қойыңыз.
20 минут өткен соң,  қамырды бір басып, 7 бөлікке бөліңіз (одан көп шығуы мүмкін).
Дөңгелек пішінін беріп жайыңыз.
Шелпектерді қызып тұрған майға қуырыңыз.
Көп күтпей, екінші жағына аударыңыз.
Шелпектер дайын! Астарыңыз дәмді болсын.

Дайындаған: Сания Аринова

28654 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 13 желтоқсан 2012, 18:49
Пікірлер
+0
13 желтоқсан 2012, 18:07

Маған жақсы болды, шпоргалка )

+0
13 желтоқсан 2012, 19:15

Келіншегіме көрсетіп алайын. :)

+0
13 желтоқсан 2012, 19:53

Дамди болып коринеди. Жасап кору керек.

+0
14 желтоқсан 2012, 08:58

Жасап көрмесем, менің үйрену сабағыма қосып қоям

+0
14 желтоқсан 2012, 09:58

анамның шелпегін сағындым(((

+0
14 желтоқсан 2012, 10:12

қабыл болсын) мен мүлдем басқаша жасайтын екенмін

+0
14 желтоқсан 2012, 11:19

Сүтке емес суға илесе де тәтті болады)

+0
14 желтоқсан 2012, 15:54

Осындаай шелпекті Пәтір нан деп те атап журеді гой иә?

+0
16 желтоқсан 2012, 00:02

))))) біздің жақта жұқа нан дейді, шелпекті басқаша жасаймыз. бір сәті түскенде жазармын)))))

+0
18 желтоқсан 2012, 22:49

менде уйренип алмасам мынау 1 жаксы екен

+0
19 желтоқсан 2012, 20:31

Соңғы суреттің алдындағы суретте шелпектің ортасы неге ақ болғанын айтайын ба? :D Қамырды салғаннан кейін бірден екі шанышқы алып, жиектерін сәл көтеріп, қайырып тұрып пісіру керек. Сол кезде ортасы да қызарып піседі, жазғанымнан түсінікті ме білмеймін, жасап көрсете алам. :D Ошм, форумда өзімнің өткенде пісірген шелпегімнің суретін салармын. ;)

+0
23 қаңтар 2013, 15:14

Түсіндім)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...