Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Ең зиянды тағамдар

Ең зиянды тағамдар

Ең зиянды тағамдар

Қазіргі заманда танымал, кең жайылған тағамдардың арасындағы ең зияны қандай? 

  1. Өңделген ет. Қатерлі ісік ауруларын зерттейтін институты сүрленген, мұздатылған, тұздалған, химиялық консерванттар қосылған ет ас қорыту жолдарының қатерлі ісігіне алып келуі мүмкін деп тұжырымдады. Консервіленген, құрамында өте көп тұз, май, холестерин бар бұл етте пайдалы заттар да қалмайды.
  2. Мұздатылған тағамдар. Мұздатылған астар қазірде әлем бойынша танымалдыққа ие бола бастауда. Дайын тамақты жемес бұрын жылытады. Бұндай тамақта калориялар шамадан көп, натрий мөлшері тым көп болады.
  3. Бәліш сияқты ұн өнімдері. Ішіне калориялы салындысы бар, қуырылған бәліштерде трансгенді майлар, қант, ақ ұн сияқты пайдасыз заттар бар. 10-20 грамм майға қоса 250-300 "бос калориялар" бар.
  4. Картоп қытырлақтары. Мәселе оның ішінде салмақ жинайтын зиян көмірсулардың болуында ғана емес екен. Картоп қытырлақтары мен фри картобында акриламид есімді канцероген бар. Ол тамақты жоғары температурада дайындағанда пайда болады. Бұл жыл сайын бірнеше мың қатерлі ісік ауруының туындауының себебі.
  5. Майсыз тамақтар. Қорабында "майсыз", "май үлесі 0" деген жазуларға алданбаңыз. Майдың аздығынан дәмін жоғалтқан тағамның дәмін келтіру мақсатында өндірушілер құрамына тұз, қант, басқа да қоспалар қосады. Диетолог мамандардың айтуынша, ондай тамақтан гөрі, кәдімгі (майлы болса да) тағамдарды таңдаған дұрыс.
  6. Маргарин. Маргарин құрамында холестерині жоқ, сары майға жақсы балама деп саналады. Алайда оның құрамында сол холестеринді көбейтіп, қан жолдарын зақымдайтын трансгенді майлар өте көп. Оны мәңгілікке рационыңыздан алып тастап, табиғи майлармен ауыстырыңыз.
  7. Газдалған су. Газдалған сусындарға құмар болу - артық салмақ, ұйқы безінің қатерлі ісігі сияқты нәтижеге алып келе алады. Бір бөтелке газдалған суда 10 қасық қант бар. Газдалған сусынды күнделікті емес, анда-санда ішетіндердің өзі ауыр ауруларға шалдығу мүмкіндігін бірнеше есе арттырады. Жүрек-тамыр аурулары, диабет - міне, газдалған сусындарды сүйгіш жандардың болашағы.

Аурулардың бәрі ауыздан кіреді демекші, не жеп-ішкенімізді қадағалап, мән берсек, мүмкін ұзақ, бақытты, сау ғұмыр кешерміз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: foto.rambler.ru

41972 7
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 20 қараша 2012, 17:25
Пікірлер
+0
20 қараша 2012, 21:15

қалай болғанда да жеп қоямыз осыларды...

+0
20 қараша 2012, 21:22

Неге газды су мұнда жүр? Мен ана сарының ағашын зат алмасуды жақсартады деп ішіп жүрсем...

+0
20 қараша 2012, 21:26

Жарнама бокетпесін деп жазған түрім ғой...

+0
20 қараша 2012, 21:51

газдалған тәтті сусындар жайлы айтылған

+0
20 қараша 2012, 21:36

ештеме жеп өмір сүретін болсақ қой иа

+0
22 қараша 2012, 23:29

winina kelgende:keminde bul tamaktardn bireuin kundelikti as mazirine kosip otramz goi :|

+0
22 қараша 2012, 23:56

Қарындарыңыз ашса тамақ жеңіздер, шаршашаңыздар ұйқтап алыңыздар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...