Мәзір: Картоп ұялары

Мәзір: Картоп ұялары

Тамаққа не жасаймын деп күнде ойланасыз ба? Әрине, отбасыңызға ерекше тамақ істеп бергіңіз-ақ келеді, алайда, мейрамхананың асына ұқсайтын ерекше тағамдарға уақыт пен шеберліктің керек екені рас. Қапаланбаңыз! Әр асханада табылатын азық-түліктерден жасалынатын мына ас мәзірі әркімнің қолынан келеді.

Дайындалу уақыты: 35 мин;

Құрамы:

  • Картоп - 600гр;
  • Жұмыртқа - 4 дана;
  • Сұйық май;
  • Тұз;
  • Басқа да дәмдеуіштер;

Картопты тазалаймыз. Оны ұзын жіңішке текшелерге турап, суға салып бірнеше рет жуып аламыз. 

Суын ағызып, орамалға жайып кептіреміз.  

Кепкен картопқа тұз бен дәмдеуіштер қосып араластырамыз. 

Туралған картопты майға 7 минут араластырмай қуырамыз. Қуырылған картопты оттан алып, қасықтың көмегімен кері аударамыз. 

Картоп бәлішінде симметриялы болатындай жұмыртқа құятын 4 жер дайындаймыз.

Пісіру пешін 200С градусқа дейін қыздырып, картоп бәлішін саламыз. 6 минуттан соң жұмыртқаларды құйып, пісіру пешіне қайта 5 минутқа қоямыз. Осы кезде картоптың бетін қақпақпен жапқан абзал.

Картоп ұялары дайын! Асыңыз дәмді болсын! Қосарыңызды форумға жазыңыз.

С. А