Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Студенттің ұлттық тағамы

Студенттің ұлттық тағамы

Студенттің ұлттық тағамы

Санаулы күндерден соң, күллі студент қауымы «Студенттер мерекесін» тойлайтын болады. Мереке қарсаңында студенттер, студенттік өмір хақында біршама әңгіме өрбіткеніміз жөн болар.  Әрбір ұлтың ұлттық тағамы болатындығы секілді, әр қауымның да өзіне тән асы болады. Осы орайда әңгімеміздің басын «Студенттердің ұлттық тағамы» аталып кеткен «Роллтоннан» бастағанды жөн көрдік. Өйткені, ХХІ ғасыр студенттерінің, әсіресе, жатақахана тұрғындарының арасында «Роллтон» дәмін татпаған, «Роллтонмен» дос болмаған студент жоқ болар...

«Роллтонды» тек студенттің тағамы деуге де болмайды. Өйткені, бүгінде мұндай тез дайындалатын тағамдар барлық жастағы, кез келген қызметтегі адамдар арасында да кең танымалдылыққа ие. Әсіресе, «Роллтонның» күні мен түні алма-кезек ауысып, зымырап өтіп жатқан аласапыран, қарбалас өмірде алтындай уақытты үнемдеуде тигізер пайдасы жоқ емес.

Ендеше, өзіңіз күнделікті қорек етіп жүрген тағамның шығу тарихынан хабардар бола жүріңіз.

Е-фу атты тез дайындалатын кеспе алғаш рет ХVІ ғасырда Қытай жерінде пайда болған. Ел аузындағы аңыз-деректерге сенер болсақ, Янчжоу атты қаланың беделді аспазы қатты қуырылған кеспені сақтап қойып, қонақ келгенде түрлі дәмдеуіштер қосып, суға салып берген екен. Ал заманауи кеспенің атасы – жапондық Момофуку Андо. Ол Chikin Ramen атты әлемдегі тұңғыш кеспе өндіретін орталықтың негізін қалаған. Өндіріс орнының бүгінде біз пайдаланатын кеспеге ұқсас түрі 1958 жылдың 25 тамызында шыққан болатын.

Ал Қазақстанда кең сұранысқа ие «Роллтон» брендінің тарихы 1999 жылы қапшықтағы тез дайындалатын вермишельдің сатылымға шығарылуынан басталады. 2000 жылы «Роллтон» өнімдерінің дәмді әрі тойымды сұрыптарының қатарын дайындауға ыңғайлы ыдыстағы картоп езбесі толықтырды. Шығарылғанына көп уақыт өтпей жатып, ерекше дәмі бар және ыңғайлы орамдағы «Роллтон» үлкен танымалдыққа, сұранысқа ие бола бастады. Мәселен, аталған кеспелерді ең көп қолданатын Индонезияға жылына адам басына 50 бума, екінші орындағы Жапонияға – 42 бума, үшінші орындағы Қытайға – 21 бума керек екен.

Бүгінде «Роллтон» өндіруден алдыңғы қатарда тұрған мемлекеттер - Корея және Ресей

2011 жылдың көктемінде «Роллтонның» «Ыстық сыбаға» атты жаңа өнімі сатылымға шығарылды. Бұл өнім – уақыты аз, белсенді өмір сүретін адамдардың қалауын қанағаттандыратын «ең сенімді» тағам деген мәртебеге ие болды. Оның: «Мексикандық тауық», «Цезарь тауық», «Карри тауық» атты бірнеше түрлері бар (дәміне қарай).

Көптеген адамдар «Роллтонның» зияндылығын айтып, өзгелердің үрейін ұшырып жүреді. Рас, тағамның мынадай пайдасы бар деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Өйткені,  тез дайындалатын тағамдардың құрамында микроэлементтер өте аз болады. Олардың энергетикалық құндылығының басым бөлігін көмірсулар құрайды. Табиғи өнімдер тым аз, ал ет мүлде жоқ.

Сондықтан, мүмкіндік болса, тез дайындалатын кеспелерге әуес болмаған жөн.

Суреттер:russiafaq.ru,news.unipack.ru,foodmarkets.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

8138 16
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 14 қараша 2012, 15:53
Пікірлер
+0
14 қараша 2012, 15:52

Э шіркін) Студент болғанда жедік қой, жедік.

+0
14 қараша 2012, 15:53

талайын жеп едім :lol:

+0
14 қараша 2012, 15:56

Қазіргі тамақ донер болып кетті ғой :lol: Роллтон жемеген студенттің бірі мен едім, қарақтар))

+0
14 қараша 2012, 16:01

әрине, квартирада тұрғандар мықты еді ғой))

+0
14 қараша 2012, 15:58

жүрек жалғау

+0
14 қараша 2012, 16:01

жегім кеп кетті әнееее бір BIG BONды :)

+0
14 қараша 2012, 19:14

жикта :lol:

+0
14 қараша 2012, 16:05

Студенттік кездер-ай... Бір кесе, бес қасық қағидасымен төрешісіз Хоккей ойнаушы едік...)

+0
14 қараша 2012, 16:10

Роллтон талай жерде құтқарды ғой, жатақханада студент дастарханының сәні де осы роллтон болатын. Сосын пойызда да, студент кезімізде роллтонды толтырып алып алатын ек :) Қазір роллтонды сағынған кезімде жеп алам, студенттік күндерімнің дәмі шығып тұрады :roll:

+0
14 қараша 2012, 16:16

Шыны керек, кейде Ролтонга да зар болып калатын кездер болады

+0
14 қараша 2012, 16:21

әлі жеп жүрмін ;)

+0
14 қараша 2012, 18:25

осында жүріп жегім келмесе де, үйге барсам, роллтонды сағынып келемін)

+0
14 қараша 2012, 20:31

роллтон жемеген студентпін 8-)

+0
14 қараша 2012, 20:59

роллтонның дәмі жаман ғой, биг бон! вот осы тамақ нағыз тамақ. Айтпақшы, эксперт ретінде айтайын, анау бірінші суреттегі лапша роллтон емес, ол италияның спагеттиі! :ugeek:

+0
19 тамыз 2013, 22:34

коринип тургои роллтон емес екени)..майга пискен

+0
19 тамыз 2013, 23:56

Түуу, көргім келмид, шыққам әбден))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...