Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Балмұздақтың қыр-сыры

Балмұздақтың қыр-сыры

Балмұздақтың қыр-сыры

Балмұздақ - жылдың кез келген маусымында кез келген жастағы адамның жалықпастан жеуіне болатын дәмді тағам. Балмұздақтың пайдасы мен зиянын көңілге тоқып алған болсаңыз, бүгін осы тәтті тағам жайындағы сіз естімеген ең қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамыз.

• Тарихшылардың айтуынша, балмұздақ осыдан 5000 жыл бұрын пайда болған. Б.з.д 3000 жылдары Қытайда дастарханға апельсин, лимон, анар кесінділері араластырылған қар мен мұз қойылатын болған екен. 

• Ресейде сүтті мұздатып дастарханға қою – ежелден келе жатқан дәстүр. Олардың сүзбені, қаймақты мұз қылып қатырып, жүзім мен қант қосатын тағамдары кең сұранысқа ие болып келеді.

• Жаз мезгілінде әлем бойынша әрбір үш секунд сайын балмұздақ сатылады екен. АҚШ-та жыл сайын әрбір азамат орташа есеппен 20 келі балмұздақ сатып алады.

• Әлем халықтарының ең сүйіп жейтіні – кілегей балмұздағы, одан кейінгі орында шоколад және жеміс балмұздағы тұр.

• Бәрімізге жақсы танымал «Эскимо» алғашында «эскимо-пай» (эскимос бәліші) деп аталған. Бұл - шоколадпен глазурленген әлемдегі тұңғыш балмұздақ. Оны жасап шығарушы – Кристиан Нельсон есімді америкалық еді. Ол өз балмұздақтарын қала аралап сатып, эскимостар туралы фильм көрсетіп жүрген екен.

• Венесуэллалық Coromoto атты балмұздақ-кафесі өз келушілеріне 709-ға жуық балмұздақ түрін ұсынады. Бұл әлемде ешбір жерде жоқ көрсеткіш. Ол жерден пияз, шошқа шыжығы, сәбіз, қызанақ, сыра, майшабақ, спагетти, сарымсақ, тіпті ащы бұрыш қосылған балмұздақтарды жеуге болады.

• Балмұздақтан жасалған әлемдегі ең үлкен тортты Пекинде жасап шығарған. Торттың ұзындығы 3 метр ғана болғандығымен, салмағы 8 тоннаны құрайды. Балмұздақ торты – балалардың «Балмұздақ тауы» атты қойылымдарының құрметіне әзірленген болатын.

• Ең қылмысты балмұздақ 2002 жылы Чилиде тіркелген. Полиция қызметкерлері шоколад балмұздағының ішіне кокаин тығып жасырып жүрген көше саудагерін әшкерелеген.

• Әлемдегі ең қымбат балмұздақ нью-йорктық Serendipity мейрамханасында сатылады. Бұл мадагаскарлық ваниль толтырылып, жеуге жарамды алтын жапырарқтармен және әлемдегі ең қымбат шоколадпен жабылған таитяндық балмұздақты жеу кім-кімнің болсын арманы. Балмұздаққа қоса гарнир ретінде Парижден әкелінген экзотикалық жемістер беріледі. Ең бастысы, өзіңізбен бірге алып кетуге болатын алтын жалатылып, бриллинатпен безендірілген қасық ұсынылады.

Суреттер:allrecords.ru,lady-help.ru, imdiet.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

28380 9
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 12 қараша 2012, 17:44
Пікірлер
+0
12 қараша 2012, 18:03

Балмұздақ жегім кеп ттұр.......

+0
13 қараша 2012, 10:31

Анда-санда ғана дәм тататыным болмаса, аса балмұздақ құмар емес екенмін

+0
13 қараша 2012, 11:36

Жегім кеп кетті ғой)

+0
13 қараша 2012, 12:26

Құлпынай қосылған балмұздақ.

+0
13 қараша 2012, 16:44

балмұздақты жақсы көремін!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! :D

+0
14 сәуір 2013, 20:43

УАУ менде балмуздакты катты жаксы корем...асиресе шоколадный турин :P

+0
13 қараша 2012, 18:05

жегім кеп кетті ))) әттең жаз емес

+0
14 қараша 2012, 12:46

студент кезімізде құрбым екеуіміз балмұздақ жегіміз келсе түнгі сағат 11, 12ге қарамай супермаркетке тартып кететін едік, далада үскірік аяз болып тұрса да :mrgreen:

+0
12 сәуір 2013, 13:01

оооо каз балмұздақ алып жеймін! :o

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?

Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...
Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...

Өмірдің симфониясы болған сыңғырлар.

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...