Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Шәй ішіп кет, мен ұсынған кеседен...

Шәй ішіп кет, мен ұсынған кеседен...

Шәй ішіп кет, мен ұсынған кеседен...

Шәй – жаныңызды жадыратып, бойыңызды сергітетін кереметтей сусын ғана емес, бейтаныс адаммен жақсырақ танысу үшін көмектесетін, құрбыңызбен болатын құпия әңгіменің майын тамызып, мәнін кіргізуде үлкен рөл атқаратын, күткенде уақытты өлтіретін пайдалы құрал да болып саналады. Кез-келген уақытта, кез-келген жағдайда «бір шыны шәй ішу» ұсынысын жасауға әбден болады. Алайда, шәй ішу салтанатын өткізу оңай шаруа емес, кейбір кезде ол нағыз өнерді талап етіп жатады. Бүгін біз сіздермен сол өнерді бірге меңгеруге тырысатын боламыз.

Жақсы қожайын үй жағдайында шәй ұсынудың қыр-сырын жақсы біледі. Ол үшін ең бастысы: таза әрі бүтін ыдыс, қыртысы жазылған дастархан, қант, лимон, сүт немесе қаймақ, тәтті бәліштер мен жылы шырай керек. Сіздің үйіңізде аталғандардың барлығы болса, кез-келгенге «шәй ішіп кет, мен ұсынған кеседен» дей беруіңізге болады.

Ал кеңседе ше? Онда бәрі де басқаша! Кеңседе шәй ұсынудың жадыңызда жүруге тиіс бірнеше ресми қағидалары бар. Ендеше, сол ережелермен таныс болыңыз.

• Қатысушылардың саны көп іскери келіссөздерде шәй ішу салтанатын арнайы үстелдерде ұйымдастырған дұрыс. Әрбір қонаққа аса өткір емес етіп(орташа) демделген классикалық қара шәй ұсыныңыз. Шәйді сол жақтан алып келесіз. Шәймен бірге туралған лимон, печенье, конфет қойғаныңыз дұрыс.

• Егер қонақтар шет елдік болса бәрі де басқаша болмақ. Олардың қалауын сұрауыңыз керек. Мүмкін, олар көк шәй немесе сүт қосылған қара шәй сұрап қалар(көк шәймен лимон апарсаңыз артық емес)...

• Өз бастығыңыз бен әріптестеріңізге шәй ұсыну бәрінен де оңай. Олардың талғамын білсеңіз жетіп жатыр. Бастысы - шын ықылас пен таза ыдыс.


• Аса көп адам жиналған іс-шараларда(семинар, конференция) шәйді швед дастарханының үлгісі бойынша ұсынуға болады. Бұл жерде арнайы шәй қалталары мен бір рет пайдаланылатын ыдыстар қойылады. Бутерброд, печенье, кәмпит, майлықтардың жеткілікті мөлшерде болуын қадағалаңыз.

• Аксесуарлардың барлық түріне шәй құюды үйрену аса қиын шаруа емес. Бастысы, асықпаңыз және ұқыптылықпен атқаруға тырысыңыз. Шәй үшін сатып алынған ыдыстарды бөлек жерде сақтау керек. Қант мен сүтті таңдауда да абай боғаныңыз жөн. Сапасына, сақталу мерзіміне назар аударыңыз.

Жаныңызға жақын адамға ыстық ықыласпен ұсынған бір шыны шәйіңіз қашанда дәмді болсын!

Суреттер:medicrf.ru,statusnew.ru,zeremonia.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

8158 7
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 10 қараша 2012, 16:39
Пікірлер
+0
10 қараша 2012, 17:23

Шаймен қаншама адаммен достастым, жаймен қанша адаммен қоштастым...

+0
10 қараша 2012, 17:51

Жаныма жақын адаммен бір шыны емес, бір ұрттам шәй ішудің өзі мен үшін бақыт!

+0
11 қараша 2012, 11:07

Жумекен акыннын балкаймак деген бир олени бар еди. курен шай бетинде балкаймак калкиды деген жолдары бар.

+0
11 қараша 2012, 13:58

Осы шетелдіктерде шақырылмаған қонаққа бір шыны кофе мен шай ұсынады да болды. Ал біз асты -үстіне түсіп жатамыз осы. Қай тұрғыда әділетті болар екен?

+0
11 қараша 2012, 22:43

қайта кофе мен шәйді ұсынады екен, маған қуып жіберетін сияқты болып көрінеді :lol:

+0
12 қараша 2012, 08:57

шәй ішкім отыр :roll:

+0
12 қараша 2012, 09:06

менің де," шәй ішіп кетіңіз, мен ұсынған кеседен" :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...