Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Әлем мойындаған ең ерекше шоколадтар

Әлем мойындаған ең ерекше шоколадтар

Әлем мойындаған ең ерекше шоколадтар

Адамзат баласының асқазанын осыдан екі мың жыл бұрын жаулап алып үлгерген шоколадтар күні бүгінге дейін өз мәртбесін жоғалтқан емес. Оларды жеуден де, олар туралы әңгіме өрбітуден де шаршамайтынымыз тағы бар. Шокалад күні, шоколадттың пайдасы мен зияны, шоколадқа қарап мінез анықтау тақырыптарында ұсынылған материалдарымызбен танысып үлгерген болсаңыздар, әлем мойындаған ең таңдаулы шоколадтарды біле жүріңіз.

Түйе сүтінен жасалған шоколад

БАӘ-де түйе сүті – өте танымал өнім. Мұндай ерекше тәттіні Al Nassma атты компания шығарады екен. Олардың айтуынша, түйе сүтінен әзірленген шоколад өте пайдалы және құрамында май аз болып келетіндіктен, қант диабетімен ауыратын адамдарға да жеуге рұқсат етіледі. Al Nassma-ның өнімдеріне бал, жаңғақ және түрлі дәмдеуіштер қосылады. Аталған шоколадты қолға түсіру қиынның-қиыны екен. Оны мемлекеттің негізгі әуежайлары мен қонақ үйлерінен ғана таба аласыз.

Шоколад жеп мас болыңыз...

Атақты Villars компаниясы ұсынған бұл шоколадтың ерекшелігі – дәмінің ащы болып келетіндігінде жатыр. Шоколад ауызға түсіп, ери бастаған кезде бұрын-соңды ешбір жерден татып көрмеген ащы дәмді сезінесіз. Қорықпаңыз, бұдан мас болып қалмайсыз! Өйткені абсенттің құрамы бар болғаны 8,5 пайызды ғана құрайды.

Қара жерқұлақ дәмі бар шоколад

Қара жерқұлақ – өте қымбат әрі сирек өнім. Ал жерқұлақтың өзі қосылған шоколад одан да сирек кездесетіндігін ішіңіз сезіп отырған болар.

Карри мен кокос қосылған шоколад

Ащы бұрыш қосылған шоколадтармен бүгінде ешкімді таңғалдыра алмаймыз, ал үнді дәмдеуіштерінен даярланған шоколадтардың таңдайыңызды қақтыратындығына сенімдіміз. Мұндай ерекше тәттіні шығарған американдық Theo Chocolate компаниясы болып табылады.

Гүл күлтелерінен жасалған шоколад

Француздық Bovettі компаниясы өндіретін раушан, жасмин, шегіргүл, лаванда күлтелері қосылған шоколадтарды жеген де арманда, жемеген де арманда! Күлтелердің дәмі айтарлықтай сезілмесе де, олардың хош иісі мұрыныңызды жарады.

Салмақты азайтатын шоколад

Көпшілігіміз салмақты көбейтеді деген қорқынышпен шоколад атаулыдан бас тартып жатамыз. Біз секілді үрейшіл жандар үшін Cocoa Bio компаниясы баға жетпес сыйлық жасады. Енді тәттіні еш уайымсыз жей беруіңізге әбден болады. Бұлай дейтініміз, 2009 жылы  жасап шығарылған бұл Lola шоколады артық салмақтан арылуыңызға жәрдем береді.

Суреттер:otolife-me.livejournal.com, listphobia.com,merkur-online.de,kovinov.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

6716 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 06 қараша 2012, 12:40
Пікірлер
+0
06 қараша 2012, 17:46

шоколодты өте көп жеймін мен. Алпен Голд, Сникерс деген сияктылар гой. Мына шоколодтарды сатып алу қайдааааааааааа

+0
07 қараша 2012, 08:44

иәәәә, ол үшін қалтаң томпааақ болу керек сияқты ғой))

+0
07 қараша 2012, 19:27

КАЗАКСТАН мойындайтын шоколад СНИКЕРС шыгар :?:

+0
22 желтоқсан 2012, 11:25

шоколадтааааааааааааар менің сүйікті асым!!!!! "Казахстанский" шоколадын жақсы кореем!! :D

+0
03 сәуір 2013, 18:01

Рахатовски Казахстан шоколадына жетпейди гооой, ширкин, жумыстан шаршаганда, бас ауырганда жесен :) , Альпен гольдтын белый шоколады да жаксы кейиннен шыккан ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...