Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Аңыздар сыр шертетін "алтын алма"

Аңыздар сыр шертетін "алтын алма"

Аңыздар сыр шертетін

Апельсин отаны – Оңтүстік Қытай. Ол туралы алғашқы деректер 2200 жыл бұрын хатқа түскен Қытай жазбаларында кездеседі. Онда апельсин мен мандариннің 27-ге жуық түрі көрсетілген екен. Жеміс Қытай жерінен Үндістанға, содан кейін Египетке таралады. Ғылым апельсиннің шығу тарихы туралы осылай деп сыр шертеді, ал ел аузындағы аңыз не дейді?

Ежелгі грек аңыздарына сенер болсақ, атақты Гея Гера мен Зевстің үйлену тойларына «алтын алма» бағын сыйға тартқан екен (ғалымдар алтын алманы –апельсин деп санайды). Олардың алғашқы неке түндері дәл осы апельсин бағында үш жүз жылға дейін созылады. Мұнда өмір сүрген Гераның жасы ғасыр өткен сайын жасара түседі. Аталған алтын бақты Гесперидалар мен Ладаон айдаһары күзететін болған. Тағы бір аңыздарда Еленаның сүйіктісі Парис - махаббат құдайы Афродитаға «алтын алманы» ұсына отырып, жер бетіндегі ең сұлу екендігін айтқан деседі.

Еуропаға апельсин ХV ғасырларда ғана жетті. Оны 1429 жылы Үндістаннан жеткізген - саяхатшы Васко да Гама.

Көптеген халықтарда апельсин – ырыс пен ынтымақтың нышаны. Мәселен, қытайлық тұрғындар апельсин ағашы өсіп тұрған үйде бақыт пен береке патшалық құрады деп сенеді. Сондықтан олар өздерінің ең жақын адамдарына апельсин ағаштарын сыйға тартады. «Апельсин» сөзін неміс тілінен аударатын болсақ, «Қытай алмасы» деген мағынаны білдіреді.

Апельсин құрамында А, С,В1, В2, РР дәрумендері, магний, фосфор, натрий, калий, кальций және темір сынды микроэлементтер бар. 150 грамм апельсин құрамында 80 мг аскорбин қышқылы кездеседі.

Апельсин - адам ағзасына, әсіресе жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесіне аса қажет жеміс. Апельсин шырыны ағзадағы зат алмасу процесін жақсартады. Қант диабеті ауруына шалдыққан адамдарға апельсинмен, оның шырынымен айнымас дос болуға кеңес берер едік. Авитаминоз, шаршап-шалдығу кезінде де осы жемістің көмегіне жүгінсеңіз, өкінбейсіз. Жеміс адамның тәбетін ашып, безгекке ұшырағанның ыстығын алады.

Апельсинді қалай таңдаймын?

Апельсин таңдаудың ең тиімді жолы – оны қолмен ұстап көру. Апельсин неғұрлым ауыр болса, соншалықты шырынды әрі дәмді болмақ. Сондай-ақ, орташа жемістер үлкендеріне қарағанда тәттірек болатындығын есіңізден шығарып алмаңыз. Қарашаның соңы мен желтоқсанның басында жиналған апельсиндер ең сапалы әрі ұзақ уақытқа жақсы сақталады.

Суреттер:allfons.ru,home.howstuffworks.com,veinternet.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

7552 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 24 қазан 2012, 11:34
Пікірлер
+0
24 қазан 2012, 12:23

Бұл жемістен талайдың аллергиясы қозады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...