Ең дәмді кофе дайындауға арналған кеңестер

Ең дәмді кофе дайындауға арналған кеңестер
Фото: CHEF-BLOG.COM

Нағыз дәмді кофе дайындау үшін үшеуі біреуінде түрлерін емес, түйіршек кофені таңдаған жөн. Басқа қандай кеңестерге құлақ асып жасаған кофе ерекше дәмді шығады?

Таза су. Өте дәмді кофе ішкіңіз келсе, краннан алынатын су туралы ұмытыңыз. Ең таза су қажет, сонда ғана аңқыған иісімен баурап алатын кофе жасай аласыз.

Асықпаңыз. Кофені туркада (арнайы ыдыс) қайнататын болсаңыз, отты тым баяу қойыңыз. Бір ұрттағанша асығып, кофенің дайын болуын тағатсыздана күтетініңізді білеміз, бірақ дәмдісіне жету үшін шыдам қажет.

Аузы жіңішке турка. Хош иісі аңқыған кофенің тағы бір құпиясы – аузы жіңішке туркада қайнауы.

Тұз қосыңыз. Иә, қате оқыған жоқсыз, тұз салыңыз. Бір қасық емес, әлбетте, 3-4 түйіршігін тастасаңыз жеткілікті. Кофеден тұз татып тұрмауы тиіс, бірақ белгісіз бір дәм береді.

Жанжабіл (имбирь). Майдаланған імбірден өте аз мөлшерде салыңыз. Тұзды да, жанжабілді де туркаға кофе салмай тұрып себіңіз.

Қант. Қоңыр демерара қантын қолданыңыз. Талғамыңызға қарай көптеп қосуға болады.

Тартылған ұн (помол). Мұны да байқап көріңіз. Ірі түрі мен ұсақ түрінде де айырмашылық байқалады.

Кофені тасытып алмаңыз. Бұл басты ереже. Кофе бүлкілдеп, көтеріле бастағанда, турканы бірден оттан түсіріп алыңыз. Араға бір минут салып, осылай үш рет қайталаңыз.

Суытыңыз. Кофе дайын болған бойда кесеге құюға асықпаңыз. Тым құрығанда 30 секунд тыныуына мұрша беріңіз.

Ең дәмді кофе дайын! Ас болсын!

@. @assel_assanova