Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Сүтте де сансыз сыр бар - 2

Сүтте де сансыз сыр бар - 2

Сүтте де сансыз сыр бар - 2

Ықылым замандардан келе жатқан ғалымдар мен ойшылдар сүтті «денсаулықтың қайнар көзі», «өмір шырыны», «ақ қан» деп аса жоғары бағалаған. Сүт азықтық құнары жағынан кез келген тағамды алмастыра алады, ал өзге бір тағам сүттің орнын баса алмақ емес.

Аңыздарға жүгінсек, Ежелгі гректердің Абдерах қаласында тұратын атақты дәрігер бір бақуатты адамның баласын емдегенде ешбір емдік шөптің де, дәрі-дәрмектің де пайдасы тимеген. Сонда біз білетін аңыз адам Гиппократ науқасқа бір апта бойы күндіз және кешке есек сүтін, ал бір аптадан кейін сиыр сүтін іш деп кеңес береді. Нәтижесінде, әлгі науқас ауруынан біртіндеп айыға бастаған екен.

Гиппократ өз еңбектерінде сүтпен емдеудің жолдарын, сүттің шипалы болған кездерін тізіп көрсеткен. Сондай-ақ, әр түрлі мал сүтінің емдік қасиеттерінің бірдей болмайтындығын анықтаған. Оның пікірінше, ешкі мен бие сүті көкірек ауруын жазса, сиыр сүті құяң мен қан аздыққа шипа болады. Гиппократ жүйкесі тозып, ашуланшақ болған адамдардың да сүт ішкені өте дұрыс екендігін атап өтеді.

Әбу-Әли ибн Синаның «Дәрігерлік ғылым қағидасында» да сүттің емдік қасиеті жөнінде сөз болған. Ол сүт пен сүт өнімдерінің кәрі-жасқа бірдей пайдалылығын айта келіп, жасы ұлғайған адамдар үшін таптырмайтын ас деп түйген. Ғалым әсіресе, ешкі мен есек сүті өте пайдалы екендігін баса айтып, олардың сүтіне тұз бен бал қосып ішкен дұрыс деп шешкен.

Италияда біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда емдік қасиеті мол сүт алу үшін сиырға ақбас жусан, бидайық, ешкітап, куманиха сынды әртүрлі шөптерді араластырып берген. Ол кезде сиыр өріске шығатын жайылымның ботаникалық құрылымын жақсартқан адамдарды арнайы медальдармен марапаттап отыратын болған деседі.

Белгілі ғалым С.П.Боткин өзі жүргізген тәжірибелерге сүйене келе, «сүт жүрек пен бүйректі емдеуге аса бағалы зат» деген тұжырымға тоқтаған.

Егер жараны, күйікті, ит қапқан не ара шаққан жерді бөкеннің сүтін жағып емдесе, жара жайшылықтағыдан әлдеқайда тез жазылады. Сондай-ақ, бөкен сүті асқазан және он екі елі ішек жарасын, созылмалы, гастрит ауруын және өкпе дертін тез жояды.

ХХ ғасырдың басында ұлы орыс микробиологы И.И.Мечников айран ішкен кезде ішектердегі шіріткіш микробтардың ығыстырылып шығатындығын анықтаған. Оның үстіне сүт қышқылы асқазан сөлінің бөлінуіне көмектеседі, тәбетті ашып, астың қорытылуына жәрдем болады.

Ұзақ жылдар бойы ірімшік, сыр, сүт қанты, қаймақ және басқа да сүт тағамдары адамның бойында кездесетін түрлі сырқаттардың алдын алып, емдеп жазу үшін қолданылып келеді. Сүт пен сүт өнімдерінің семіздікті, бауыр, ұйқы безін және жүрек дертін емдеудегі маңызы өте ерекше.

С.Хигуши (Жапония) бірқатар дәрі-дәрмекті қоса қолданып, соның ішінде йогурт (айранның бір түрі) ішкізіп емдегенде, атом сәулесінен зақымданған 7 адамның үш айдың ішінде құлан-таза айығып кеткендігін жариялайды. С.Хигуши сүтте бар цистин мен глутатион атомның сәуле шығаруынан болатын зардаптардан ағзаны қорғайды деп тапқан.

Жалғасы бар...

Суреттер:charla.ru,fedpress.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

18390 2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 19 қыркүйек 2012, 16:34
Пікірлер
+0
19 қыркүйек 2012, 15:21

Пах, шіркін, табиғи сүтке жетер не бар дейсіз! Ауылда мамам қатығын қатырып сүт пісіреді. Ыдыстың ернеуіне қатып піскен қатықтардың дәмі бір бөлек. Оны сіңлім екеуміз асықпай қырып, рахаттана жейміз )) Қызара бөртіп піскен сүт дәрі десе, дәрі еді-ау. Нәр десе, нәр еді-ау. Дүкендерде сатылатын сүттердің ешқаысысын мейірленіп іше алмайды екем. Біртүрлі дәмдері. Бәлкім, мамам қайнатпаған соң шығар ))

+0
19 қыркүйек 2012, 16:33

Иә, табиғи сутке не жетсін. Ал сол сүтті шелекке күрп-күрп еткізіп сауғанның өзі қызық қой))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...