Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Сүтте де сансыз сыр бар

Сүтте де сансыз сыр бар

Сүтте де сансыз сыр бар

Түркі дүниесінде ағарғанды киелі сұйықтық деп санаған. Қымыз, шұбат, айран т.б. сүт тағамдарын жалпы атпен «ақ» немесе «ағарған» деп атап, қасиет тұтқан. Қазақтың мифтік әңгімелерін зерттеген С.Қондыбайұлы өз еңбектерінде Маңғыстау өңіріндегі басына құт қонған атақты байлардың түстеріне Қыдыр иесі келіп, бас жағына көнекпен ағарған іліп кететін жәйттердің көп болатындығын айтқан. Осы түстен кейін олардың шаруашылығы дөңгеленіп, байлыққа кенелетіндігін келтіреді. Бұдан дана қазақ ертеден-ақ ағарғанды береке, байлықтың нышаны ретінде танығандығын байқаймыз.

Сондай-ақ халық дәстүрінде ауылға келген көштің алдынан шығу – адамгершілік, мұсылмандық, көршілік парызы. Ал мұндайда ақ алып шығу «осы ақтай таза, дәмді болайық» деген тілекті білдірген. Тағы да шығатын қорытынды ақ түсі адалдық ұғымын білдіреді.

Халқымыз Абай ақын айтқандай көктем туа сала, «түйе боздап, қой қоздап, қорада у-шу» басталатын сәтті асыға күтумен болады. Көптен күткен ұлы тойдың сәті туысымен, Жаратқан иесі мен ата-баба аруақтарына бағыштап, көпшіліктің ризашылығы мен батасын алу үшін таратылатын «желін садақасы», яғни «уыз» немесе «уыз көже» күні бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатқан ғұрып.

Уыз көжені көбінесе бірнеше рет бұзаулаған сиыр төлдегенде береді. Қазақтар қадым замандардан бері сүт пен одан жасалған тағамдарды қасиетті санап, оны дәріптеген. Күн батқан сәтте қазақтар сүтті далаға алып шығуға, сүт құйылған ыдыстың бетін ашық қалдыруға тыйым салған. Егер алып шыққан жағдайда ай-жұлдыздардың сәулесі түспесін деп, сүт құйылған ыдыстың бетін жауып немесе сүтке ағаш шаласын салып жатады. Бұлай жасалмаған жағдайда, мал ауруға шалдығуы мүмкін деп санаған.

Ғалымдар сүттің құрамында сода, фосфор, күкірт, хлор, тұз, протеин, глюкоза сынды ағзаға қажетті тұтас азық қоры бар екендігін анықтаған. Тек қана сүт ішіп күнелткен жағдайда адамның ұзақ өмір сүріп, ауруға шалдықпайтындығы белгілі болған. Аштық пен шөлді басатын да – сүт. Себебі, сүттің тоқсан пайызы судан тұрады. Ауру, қарт адамдар үшін сүт – бірден-бір ем дәрі.

Әлемде ең көп жасайтын адамдардың ғұмырларының ұзақ болу себебін зерттей келгенде, олардың негізгі тағамдары әрқашан да піскен сүт, айран, ірімшік т.б. сүт өнімдері екені анықталған. Шығыс Африкадағы кейбір тайпалар тек қана сүт өнімдерін қорек ететіндіктен, жүрек, қан тамырлары дұрыс жұмыс істейді.

Сүтте тірі организмдердің өсуі мен дамуы үшін өте қажетті заттардың екі жүзге жуық түрі бар екен: белоктар, май, минерал тұзы, түрлі дәрумендер, сүт қанты, түрлі ферменттер т.б.

Орыс ғалымы И.П.Павлов: «Адам ішетін тамақ түрлерінің ішінде сүттің алатын орны ерекше, бұған күнделікті тәжірибеде қандай көз жеткен болса, медицина да соны қуаттап отыр. Барша жұрт әркез де сүтті ең жеңіл, жұғымды тағам деп атайды және ол әсіресе асқазанда ақауы бар адамдарға, сондай-ақ толып жатқан өзге де  науқастарға, мысалы жүрегі, бүйрегі т.б. ауыратын жандарға аса пайдалы. Табиғаттың өзі дайындап берген тағамдардың ішінде сүтке не жетсін!» деп жазды.

Жалғасы мында...

Суреттер:mamadoktor.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

15418 5
Рейтинг: +5

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 18 қыркүйек 2012, 15:22
Пікірлер
+0
18 қыркүйек 2012, 17:03

Жаңа піскен ыстық сүт ішкенді жақсы көремін. Бірден бала кез еске түседі

+0
19 қыркүйек 2012, 10:25

Газеттен сүтпен жуынатындар жайлы оқып ем. Ысырапшылдық тәрізді.

+0
19 қыркүйек 2012, 10:28

Марқұм Роза Бағлановакөзі тірісінде: "Сүтке шомыламын" деп сұхбат бергенде, шалқамнан құлағанмын

+0
19 қыркүйек 2012, 10:38

Сол ғой. Өз басым тағамның обалынан қорқамын. Қамырды пластилиннің орнына қолдану да дұрыс емес.

+0
19 қыркүйек 2012, 10:48

Иә, келісемін. Бала кезде үлкендер "Аспен ойнауға болмайды" деген еді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жайна Сламбек:
Жайна Сламбек: "Мен уақытты қадірлейтін, миды "қоқыр-соқырмен" толтырмауға тырысатын адамдардың бірімін"

Бәрінің бастауы - көркем әдебиет. Кітап оқымайтын ұлтқа айналып барамыз, кілтипан...

Отбасымен өткізген әр күніміз бір ертегі
Отбасымен өткізген әр күніміз бір ертегі

"Отбасым - ол менің бар байлығым, баға жетпес асыл қазынам! Отбасым - ол менің аяулы...

Аспазхана,дәмхана құпиялары
Аспазхана,дәмхана құпиялары

Әр мамандықтың өзіндік құпиялары мен сырлары болады. Біз бүгін аспаз болудың...

Құлтемірдің құлы болма!
Құлтемірдің құлы болма!

Телефондарға адам баласынның қызмет етуі


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...