Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Алма берсем, жейсің бе?

Алма берсем, жейсің бе?

Алма берсем, жейсің бе?

Алма жегенді ұнатамыз, алмадан жасалған тәтті бәліштер мен дәмді шырындарды пайдалануды да жақсы білеміз, бірақ оның тарихы мен зиянды, пайдалы тұстарын білуге құштарлық таныта бермейміз. Өзіңіздің сүйікті жемісіңіз туралы мәліметтерді біле жүріңіз.

Ең алғашқы алмалардың пайда болған ауылы бізден алыс емес. Алманың отаны – Орталық Азия. Кейіннен алмалар осы мекеннен Египетке және Палестинаға жеткізіледі. Біршама уақыт өткен соң Ежелгі Грекия жерінде, Римде, Еуропада пайда бола бастайды.

Алғашқы пайда болған алмалар жабайы болса, бүгінде алманың жазғы, қысқы, күзгі сорттары сынды көптеген түрлері бар. 

Алма пайдалы ма, зиян ба?

Тым қарапайым сұрақ. Сіздердің бірауыздан алманың пайдалы екендігін айтатындықтарыңызға сенімдіміз. Алайда, диетолог мамандар алманың зиянды тұстарының бар екендігін естен шығармауға кеңес береді.

Алманың құрамында С, В1, В2, Р, Е дәрумендері мен марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, цинк, барий микроэлементтері бар. Алмадағы темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Сондай-ақ онда жасұнықтың өте көп бөлігі бар. Алма бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бет терісінің түсін жақсартып жас әрі күтімді етіп көрсетеді. Холестерин мөлшерін азайтып, іш қатудың алдын алады, диареяны емдеп, иммундық жүйені нығайтады.

Алдыңыздағы тізімді көріп, ешқандай жаман қырын байқамағаныңызды айтарсыз. Асықпаңыз, диетологтар алманың құрамындағы жасұнықтың көп болуы колит (тоқішектің талаурап, қабынып ауруы) ауруының пайда болуына әкеліп соқтыруы және асқазан-ішек жолдарының жұмысына зиянын тигізуі әбден мүмкін екендігін айтады. Екіншіден, құрамындағы жеміс қышқылының шамадан тыс көптігі язваны ұлғайтып жіберу қаупі бар. Үшіншіден, алманың қышқылы тістің эмалына қатты әсер етеді, яғни оны жұқартып, тісті сезімтал етіп шығарады. Алма жапырағынан демделген шайды көп ішпегеніңіз абзал, мұның қант диабеті ауруына шалдықтыратындығы дәлелденген.

Алманың құнарлылығы

Алма құрамындағы құнарлылық оның сортына байланысты. Көп адамдар көк алманың құнары аз, ал қызыл алмада көп деп айтып жатады. Бұл жансақ пікір. Алма түсінің еш қатысы жоқ. Кейде, оның құнарлылығы көлеміне де байланысты болып келеді. Ең дұрысы - жаңа піскен алма. Тап қазір күздік алмалардың нағыз пісіп жетіліп жатқан кезі. Сондықтан, көлікке отырыңыз да, ата-әжеңіздің бақшасына барыңыз! «Алма піс, аузыма түс» деп айтсаңыз, ағзаңыздың сізге айтар алғысында шек болмасына кепілдік береміз.

Алманы қалай таңдаймын?

Өкінішке орай, көпшілігіміздің бақшамызда алма ағаштары өсіп тұрған жоқ. Сондықтан сатып алуымызға тура келеді. Алманы таңдауда ең алдымен тазалығына көңіл бөліңіз, ешқандай сұйықтықпен бүркеулі болмауы керек. Екінші, алманың хош иісі болсын, олай болмағанда алманың дәмі де жақсы болмайды. Сондай-ақ, алманың өсірілген жеріне назар аударыңыз. Өз ауданыңызда өсірілген, жергілікті алмаларды сатып алсаңыз өкінбейсіз.

Суреттер: publicdomainpictures.net,fatburningfurnace.comғhqoboi.com,fitness4beauty.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

5531 0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 12 қыркүйек 2012, 12:55
Пікірлер
+0
12 қыркүйек 2012, 11:20

Көк алмаға қарағанда, қызыл алма дәмді деп жатады, бұның да жаңсақ пікір болғаны ғой ;)

+0
12 қыркүйек 2012, 11:21

жақсы алма өзі белгі беріп тұрады...бірақ, атауы жаман

+0
12 қыркүйек 2012, 11:23

Қандай алма болса да жеуге әзірмін

+0
12 қыркүйек 2012, 11:38

Жеймін :)

+0
12 қыркүйек 2012, 12:10

ОЙ, ЖЕГІМ КЕП КЕТТІ ҒОЙ

+0
12 қыркүйек 2012, 13:22

алманы алма деседе,ала берем,жей берем. :)

+0
12 қыркүйек 2012, 23:53

Бәрібір қызыл алма тәтті сияқты болып көрінеді :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...