Мәзір: Салындысы бар бұрыш

Мәзір: Салындысы бар бұрыш

Жаз-күз мезгілінде базар мен дүкен сөрелері болгар бұрышына толы болады. Уақытты қалт жібермей осы кезде бәрі сүйсініп жейтін салындысы бар болгар бұрыштарын дайындап көріңіз. 

 

Құрамы:

  • болгар бұрышы - 8-9 дана;
  • фарш - 600-800 гр;
  • күріш - 1 кішкентай кесе;
  • сәбіз - 3-4 дана;
  • пияз - 1-2 дана;
  • қызанақ - 3 дана;
  • сұйық май;
  • тұз, бұрыш.
Күрішті жартылай піскенше суға пісіріп аламыз.
Фаршты тұздап, піскен күрішті қосамыз.
Сәбізді текшелерге тураймыз.
Пиязды майдалаймыз.
Қызанақты майда қылып тураймыз.
Бұрыштың "қалпағын" кесіп, ішін тазалаймыз.
Ішіне дайындап қойған салындыны саламыз.
Көкөністерді қызған майға 5 минут қуырып аламыз.
Су құйып, қайнатамыз. Тұздап, бұрыштарды саламыз.
Салындысы бар бұрыштар дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова

С. А