Массагеттен мәзір: Қуырылған кәді

Массагеттен мәзір: Қуырылған кәді
Фото: massaget.kz

Жаз уақыты – көкөністің пісіп-жетілетін мезгілі. Осы мезгілде дәруменге толы тағамдарды жасап үлгеру керек. Мысалы, біз бүгінгі жазбамыз үшін кәдіні қуырдық. Жасалу жолы төмендегідей.

Қажетті азық-түліктер:

– 2 кәді; 
– 100 грамм ұн; 
– тұз бен бұрыш; 
– өсімдік майы.

Кәдіні таңдауда қателеспеу керек. Балғын кәді 20 сантиметр болады. 

Кәдіні 1 сантиметр мөлшеріндей етіп турап шығамыз.

Ұнға тұз бен бұрышты қосып, араластырамыз. Қажет деп тапсаңыз, жұпар (мускат) қосуға болады.

Туралған кәдіні ұнға кезек-кезек тигіземіз.

Табадағы май қызып тұрған сәтте кәдіні салып, қуырамыз. Қуыру кезінде кәдінің бетінде қоңыр түсті төмпешіктер пайда болуы керек.

Міне, қуырылған кәді. Оңай әрі тез. Дастарханға ұсынар кезде, кетчуппен немесе майонезге сарымсақ қосып, тұздық ретінде ұсынуға болады. Қызанақпен де беруге болады. Ас дәмді болсын!

Г. Берік