Салат құрамындағы үйлесімділік

Салат құрамындағы үйлесімділік
Фото: wallpapercave.com

 

Диетологтар дұрыс тамақтану жүйесінде салаттарды басты орынға қояды. Себебі, қарны ашқан адам бірден ыстық тамақты емес, салат жесе, асқазағанға әлдеқайда жеңіл болады дейді. Төмен калориялы, дәрумені көп салат ағзаға пайдалы. Бірақ аспаздар әртүрлі көкөніс пен жемістерді қосып, жаңа дәм ойлап табуға шебер. 

 

Салат – көпқұрамды тағамдардың бірі. Оның құрамындағы барлық ингредиенттерге мән беру керек. Барлық көкөністі араластырып, салат жасау үшін ерекше үйлесімділік керек. Салат құрамындағы заттардың түсі, дәмі, түрі де сәйкес келуі тиіс.

- Балғын көкөніс пен көк: дәрумендер мен минералдардың табиғи қоры, оған қоса, ерекше дәмі мен түрі тәбет ашады. Маусымдық салаттарға қызанақ, қияр, баклажан, цукуни, тәтті болгар бұрышы мен аскөк, күнзе секілді көктер.

- Жаңғақ пен бұршақ тұқымдастар: тойымды салаттардың басты ингредиенттің бірі. Бұршақтар еттің орнын алмастыра алады. Себебі, оның құрамындағы ақуыздың мөлшері көп.

- Жарма. Жармалардың құрамында жасұнық (клетчатка) көп. Жүрек соғынысын реттеп, ағзадағы токсиндерді шығарады, жармалардың ішіндегі салаттарға жиі қосылатыны – күріш.

- Зәйтүн майы. Салаттардың ағзаға сіңімді болуы үшін май қосылады. Оның ішінде зәйтүн майы. Калориясы көп, сол үшін салатқа белгілі бір мөлшермен құяды. Зәйтүн майын лимон шырыны алмастыра алады.

- Балық – ақуыз қоры. Сонымен қатар, кальций мен темірге бай. Салатқа тоңазытқышта біраз сақталған балықты емес, балғын балықты пайдаланған жөн. Салаттарға көбіне буға пісірілген, пеште өз сөліне піскен балықты қосады.

Асүй иелері ерекше дәмге ие салаттарды дайындау үшін құрамына түрлі өнімдер қосады. Асүйге жаңа үйрене бастағандар әдетте 3-5 ингредиенттерді араластырудан бастайды. Диетологтар азық-түлікті табиғатына қарай араластыруды ұсынады. Олай болса, бір-біріне ұқсайтын немесе құрамдас азық-түліктерді тізіп көрейік.

Крахмал

Қарақұмық, асқабақ, акокадо, піскен жүгері

Ақуыз

Балық, майсыз ет, жұмыртқа, ірімшік және теңіз өнімдері

Балғын көкөністер

Қырыққабат, қияр, қызанақ, сәбіз, Капуста, огурцы, томаты, морковь, свекла, шпинат, редька

Жаңғақ, кепкен жеміс

Бадам, грек жаңғағы, кепкен жүзім, құрма, кепкен қара өрік, кепкен алма

Жеміс

Грейпфрут, апельсин, шие, манго, киви, құрма, алма, алмұрт

Өз қиялыңыздан салат жасағыңыз келсе, бірге араластыруға болмайтын тағамдарды да біле жүріңіздер.

- Ақуыз бен крахмалды көкөністерді араластыруға болмайды.
- Жаңғақ пен кепкен жемістерді балғын көкөністермен араластыруға болады. Ал піскендерімен аралстырмаған жөн.
- Крахмалды көкөністер жемістермен үйлесе бермейді. Себебі, екеуі біріксе, жай қорытылады.
- Екі немесе одан да көп крахмалды көкөністі аралстырмаған жөн. крахмалды ингредиенттерді көп шайнау керек болады.
- Тәтті және қышқыл жемістер бір-бірінің дәмін кетіреді.
- Ақуыздар бір-бірін толықтыра алады, сол себепті, бір салатқа құрамында ақуызы бар ингредиенттерді қоса бермеген дұрыс. Мысалы, балық, жұмыртқа және ірімшіктен жасалған салат асқазанға ауыр болады.
- Құрамында ақуызы бар салаттарды балмен, жемістерден жасалған соуспен дәмін келтіруге болмайды. Себебі қант асқазан сөлінің қызметін тежеп, ақуыздың жай қорытуына себеп болады. Сонымен қатар, сүт не қаймақпен араластыруға болмайды.
- Кепкен нанды жармамен беру де артық. Кепкен нанды негізінде балғын көкөністермен, жемістермен береді.
- Жемістерді барлық ингредиенттерден бөлек жеген жақсы. Салат жасағанда жаңғақтармен берген дұрыс.

Салат құрамындағы ингредиенттердің үйлесімі тек дәмге ғана емес, тез қорытылуға себепші.

Г. Берік