Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Қызылшаның құпиясы

Қызылшаның құпиясы

Қызылшаның құпиясы

Жер-жаһанды өзінің қанық түсімен бүлдіріп жүретін біріміздің сүйікті, енді біріміздің ауызға ала алмайтын көкөністеріміздің бірі қызылшаның құпиясын бірге ашайық.

Тарих беттеріне көз жүгіртсек, жабайы қызылшалар ежелден бері адамзаттың сенімді серігінің рөлін атқарып келеді екен. Б.з.д. 2000-1000 жылдары қызылшаның жапырақтары көкөніс ретінде және әр түрлі ауруларға шипа болатын дәрі ретінде пайдаланылған.

Қызылша аты аталатын ежелгі құжат ретінде Вавилон патшасы Меродах-Баладананың (б.з.д. 722-711 ж.ж) бақшасында егілетін өсімдіктердің тізімін атауға болады. Көп ғалымдар қызылшаның отаны – Вавилон дген қорытынды жасап жатады. Аталаған жазбада қызылша – жергілікті көкөніс емес, Сириядан әкелінген деп айтылады.

Бертін келе қызылша Азия халықтары мен Жерорта теңіздеріне таралып кетеді. Халық медицинасында дәрі-дәрмек ретінде қызылшаның жапырақтарын ғана емес, тамырларын да пайдаланылғандығы Гиппократ және Аристофан, Феофраст еңбектерінде дәлелденген.

Қызылшаны Апполон құдайына құрбандыққа шалған ежелгі гректер оны өте жоғары бағалаған. Алғашқыда асқа тек қызылша жапырақтарын қолданған, қызылшаның өзі улы көкөніс саналған көрінеді. XIV ғасырда қызылшаны солтүстік Еуропада да өсіре бастады.

Қызылшаның құрамында көмірсулар, жасұнық, калий, фосфор, кальций, магний,темір, мырыш, А дәрумендерінің негізі, С, В1, В6,РР, Е дәрумендері, фолий қышқылы бар.

Жинап алған бойда пісірген қызылшаның емдік қасиеті бар. Ол жасы ұлғайған, гипертониямен және бауыры ауыратын, іші қатқан адамдарға пайдалы. Қызылша көп қайнатуды қажет етеді. (2—3 сағат), оны тез пісіру үшін 1 сағат қайнатылған оттан алып, суын төгеді де, 10 минут үстіне суық су ағызып қояды.

Ал салат немесе винегрет жасау үшін, оны щеткамен тазартып, суық сумен жуып, қабығымен қайнатады. Қайнатқан кезде қызыл түсін жоймас үшін суға құмшекер салуға болады (2 л суға 0,5 шай қасық).

Қызылшаны асқа пайдалану біздің сүйектеріміз бен тістерімізге пайдалы әсер етеді. Бұл оның құрамындағы кальцийдің арқасында болады, оның жетіспеушілігі тісжегіге, мешел ауруына, сүйек кеуектенуіне және балалар бойы өсуінің бұзылуына әкеліп соғады.

Сондай-ақ, қызылша ағзаны тазалайды, шаршағанды басады, қаназдықтың алдын алады, қатерлі ісіктен қорғайды.

Әсіресе, қызылша шырынының пайдасы ұлан асыр.

Қызылша шырынымен бәріміздің күрделі мәселеміз саналатын баспа ауруын (ангина) емдеуге болады. Ол үшін бір стақан қызылша шырынына бір ас қасық балды қосыңыз да, дайын болған қоспамен күніне алты рет тамағыңызды шайыңыз.

Қызылша шырыны өт жолдары мен ішектерді тазартып, асқазанды емдейді. Асқынып кеткен жаралар мен өзге де қабынған теріні таңып тастауға болады.

Суреттер:well4life.ru,supersadovnik.ru,votevk.ru,niquet.ru,narodnaiamedicina.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

33369 1
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 23 тамыз 2012, 08:40
Пікірлер
+0
23 тамыз 2012, 18:43

Қызылшаны қатты жақсы көрем. Әсіресе, алма, грек жаңғағы, мейізбен қосып жасалатын салаттағы қызылшаның дәмі ерекше...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз тұратын Еуразия сыры
Біз тұратын Еуразия сыры

оқып көріңіз бәлкім білмейтін шығарсыз

"ДенсаулықKZ" арнасы

Елімізге десаулық жайлы арна керек пе?

Автор: Ұлжан Лайық
Аспанға қараңызшы...
Аспанға қараңызшы...

Мен аспанға қарап отырмын. Сіз де қараңызшы...


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...