Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Кәмпиттердің қыры мен сыры

Кәмпиттердің қыры мен сыры

Кәмпиттердің қыры мен сыры

Бала кезімізде сіздің де, біздің де сүйіп жеген ортақ тағамымыз бар. Әрине, ол – кәмпиттер. Ата-анамыз кәмпит жеуге тыйым салып, сандықтардың түбіне жасырып қойғанда, көзімізден сорамыз ағып жатып, «шіркіііін, есейгенде көп ақша тауып, бай боламын да, кәмпиттің көкесін сатып аламын» деп армандамағанымыз жоқ болар. Ал, қазір ес білдік, есейдік, ал кәмпит туралы армандарымыз жайында қалды. Дегенмен, бала кездегі тәтті құмарлығын қартайғанша әдетке айналдырғандар да бар екен.

Мәселен, Наполеон Бонапарт нағыз тәттіқұмардың өзі болыпты. Әсіресе, шығыстың тәттілеріне есі кетеді екен. Өзіміз сүйіп жейтін «Наполеон» атты тортты ойлап табушылар сол Наполеонның тәттілерді бірінің үстіне бірін қойып, арасына крем жағып жіберіп, аузына бір-ақ салатын әдетін негізге алған деседі. Ал, дәл осындай атақты қолбасшылардың бірі Адольф Гитлер түрлі тәтті тоқаштар мен кәмпиттер тұрса, күллі шаруасын ысырып қойып (Мәскеуді басып алуды да), алдындағысына бас салатын болыпты. Аты шулы тәттісүйер тұлғалардың тізіміне Арнольд Шварценеггерді, Фидель Кастроны да қосып қойсаңыз, қателеспейсіз.

                             
Жас демей, кәрі демей бәрімізді өзінің айналасына үйіріп қойған «құдіретті» кәмпиттер қашан, қалай пайда болғандығын, кімнің ойлап тапқандығын білесіз бе? Бұл сауалға жауап іздеу үшін 2-3 ғасырдың маңайын шарлап, әуреге түсудің қажеті жоқ, өйткені осыдан 3 мың жыл бұрынғы ата-бабаларымыздың өзі тәттіқұмарлардың қатарында болған екен. Ежелгі египеттіктер бал мен инжирді, жаңғақты араластырып жегенді ұнатса керек. Ал ғалымдар тәттінің қалай жасалатындығын Египетте жүргізгенде табылған суреттер мен жазбаларға қарап анықтаған.

Көпті көрген қариялар шығыста әрбір тайпаның кәмпит даярлау құпиясы болғандығын айтады. Ал, араб халқы қантты қайнатып, түрлі пішіндегі кәмпиттер жасауды ойлап тапқан.

1857 жылы Брюссель тұрғыны Джон Нойхауз атты дәріханашы жөтелге қарсы дәрі даярлауға тәжірибе жасап жүріп шоколад кәмпит жасаудың әдісін ойлап табады.

«Конфета» деген сөздің мағынасы латын тілінен аударғанда «әзірлеу» дегенді білдіреді. Соған қарағанды сүйікті тіске басарымызға осы атауды берген Джон болу керек.

Кәмпит туралы болжамдар түс жорушыларымыздың да назарынан тыс қалмапты. Олардың айтуынша:

Түсіңізде кәмпит жасап жатсаңыз, сіздің еңбегіңіздің арқасында тұрмыс жағдайыңыз жақсарады.

Егер үгітіліп жатқан кәмпит көрсеңіз, айналаңыздағы адамдардың ыстық ықыласына бөленесіз.

Қышқыл кәмпит жеп жүрсеңіз, ол – аурудың белгісі.

Танысыңыз сізге қораптағы кәмпит сыйға тартса, жақсылықтың нышаны.

Егер ол кәмпитті сіз сыйға тартсаңыз, онда таяуды біреуге іскерлік қарым-қатынас туралы ұсыныс жасайды екенсіз.

Өміріміз кәмпиттердей тәтті болсын!

 

Суреттер:1001fact.ru,azbukavkusa.ru,foodclub.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

6780 17
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 22 тамыз 2012, 10:14
Пікірлер
+0
22 тамыз 2012, 11:11

Мұз кәмпит, ирис кәмпиттерді жеп өстік ))

+0
22 тамыз 2012, 11:18

ирис тісіме жабысып калып, жылайтыным әлі есімде, бірақ бәрібір бас тартпайтынмын :lol:

+0
22 тамыз 2012, 11:26

НАУАТ жеп өстім ғой құдай-ай, апам жарықтық бөліп беріп отыратын. өмір-ай...

+0
22 тамыз 2012, 11:57

Науат жемеппін, оны беретін әжем де болмапты :(

+0
22 тамыз 2012, 12:37

:lol: :lol: :lol:

+0
22 тамыз 2012, 11:40

нағыз түсі суық,қатал адамдар тәттіні жақсы көреді екенго :roll:

+0
22 тамыз 2012, 11:54

Айына бир рет жынды Раффаэллога тартатын адети бар.... :lol:

+0
22 тамыз 2012, 12:43

Тусингениниз кандай жаксы..... :lol:

+0
22 тамыз 2012, 12:38

мен де жақсы көрем кәмииииииииииииттерді

+0
22 тамыз 2012, 12:44

Бар таттини жинап жиберип, шай кайнату процессин бастау керек секилди.... :roll:

+0
22 тамыз 2012, 15:00

Науатты жақсы көрем

+0
22 тамыз 2012, 15:23

арсында болмаса,тәттіге құмар емеспін

+0
22 тамыз 2012, 15:39

науат деген не

+0
22 тамыз 2012, 15:54

сіз қатырдыңыз! келесі жолы науат туралы материал дайындайын, сонда біліп аларсыз ;)

+0
22 тамыз 2012, 16:09

Мен де білмейді екем :?

+0
29 тамыз 2012, 11:24

менің білуімше, науат деген ерітілген қанттың кристалдары

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...