Стақандағы таңғы ас

Стақандағы таңғы ас
Фото: notefood.ru

Таңғы ас – тамақ қабылдаулар ішіндегі ең маңыздысы екенін бәріміз білеміз. Таңертеңмен міндетті түрде жылы тойымды тамақ ішу керек. Алайда таңертең адамдардың көпшілігі асығып жүретіндіктен, шала тамақтанады. Аз уақыт кететін таңғы ас түрлерінің мәзірін ұсынамыз.

Қысқа толқынды пеште дайындалатын бәліш

Бұл тағамның дайындалуына 3 минут кетеді. 

1 бөлікке қажетті ингредиенттер:

- 1 жұмыртқа;
- 1,5 ас қасық сүт;
- 1 шай қасық кілегей майы;
- тұз, қара бұрыш;
- 4 черри қызанағы;
- аздап нан бөлігі;
- 1 ас қасық үккіштен өткізілген ірімшік;
- көк жуа немесе ақжелкен

Дайындалу жолы:

Қысқа толқынды пешке салуға жарамды ыдысқа жұмыртқаны жарып, оған кілегей майы, тұз және қара бұрыш саламыз. Содан соң екіге бөлінген қызанақты, нан бөліктерін, ірімшік және көк жуа салып, барлығын жақсылап араластырамыз. Бәлішті қысқа толқынды пешке 1 минутқа қоямыз. Жұмыртқа омлетке айналуын бақылап тұрыңыз. Ақжелкенмен безендірсеңіз болады. 

Ірімшікті омлет

1 бөлікке қажетті ингредиенттер:

- 2 жұмыртқа;
- 2 ас қасық сүт;
- 2 ас қасық үккіштен өткізілген ірімшік;
- тұз, қара бұрыш;

Дайындалу жолы:

Стақанның ішін майлаймыз. Жұмыртқа мен сүтті стақанға құйып, шанышқымен араластырамыз. Қысқа толқынды пеште 45 секунд ұстаймыз. Қайтадан алып стақандағы тағамды араластырамыз. Содан соң қысқа толқынды пеште тағы 35-40 секунд ұстаймыз. Омлеттің үстіне үккіштен өткізілген ірімшік салып, тұз бен бұрышын себеміз. 

А. Жапатова