Әлі күнге қолданылатын ас үй жабдықтары

Әлі күнге қолданылатын ас үй жабдықтары
Фото: novate.ru

Ас үй ханшайымдарына қажетті ас үй жабдықтары компьютерлер мен басқа да инновациялық технологиялардың дамуымен ғана келген жоқ. Біздің әжелеріміз бен аналарымызда да пайдалы ас үй жабдықтары көп болды. Солардың кей түрлері әлі күнге дейін қолданыста бар.

Вафель қалыбы. Шойыннан жасалған көлемді вафель қалыбына ең дәмді вафли пісіруге болады. 

Сарымсақ сыққыш. Мұндай сарымсақ сыққышты барлығыңыз көрген боларсыздар және әлі күнге дейін қолданып жүргендер де бар. Оның жұмыс істеу принципі қарапайым: сыққыштың сабын біріктіру арқылы сарымсақ салынған жерде орнатылған тақтайшаға қысым түсіп, шырынымен бірге сарымсақ сығылып шығады.

Миксер. Қарапайым әйнек құтыға бұралатын механикалық миксер. Миксерді қосып, қолмен бұлғап көмектесу арқылы ыдыстағы кремді араластыруға болады. 

Еттартқыш. "Урал" еттартқышы 13 құрауыштан тұрды: корпус, бұрама, қыспа сақина, тұтқа, тор, пышақ, қысқыш винт, тұтқа бекітетін винт, қысқыш тығырық, бұрама тығырығы, бұрама шетмойыны, ағаш тұтқа және түйреуіш.

Тұшпара жасайтын құрал. Бұл құралдың көмегімен тұшпара дайындауға кететін уақытты қысқартуға болады.

Печеньеге арналған формалар. Мұндай ұстағышы бар формаларды сұйық қамырға салып алып, одан соң оны қызып тұрған майға салады. Нәтижесінде дәмді әрі қытырлақ печеньелер алуға болады. 

Жаңғақ пісіргіш. Арасына қойытылған сүт салынатын, жаңғақ түрінде пісірілетін печенье дайындауға арналған алюмин форма. 

Көкөніс кескіш. Мұндай құралдың көмегімен қызанақты және басқа да жұмсақ көкөністерді жылдам әрі ұқыпты кесуге болады. 

Контейнерлер. Мұндай ашық түсті ыдыстарға қант, тұз, шай және басқа да тағамдарды сақтауға болады. Бұл ыдыстар да әлі күнге қолданыста бар.

Шырын сыққыш. Жемісті шырын сыққыштың торлы ыдысына салып, қолмен сығылады. Нәтижесінде жемістің шырыны тордан шығып, сыртқы ыдысқа жиналады.

Ашқыш. Оның көмегімен құтылардың қақпағын ашу жеңілге түседі. 

Сіздің ас үйіңізде осы құралдардың қайсысы бар?

А. Жапатова