Мәзір: Бананнан жасалған десерт

Мәзір: Бананнан жасалған десерт
Фото: esh-doma.ru

Бір қарағанда банан мен шоколадтың дәмі үйлеспейтіндей көрінуі мүмкін. Бірақ бұл ойыңыз қате. Екеуінің қосындысынан жасалған десерт тіл үйіріп қана қоймай, дастарханның көркін ашады. Әсіресе үйдегі балапандар сүйіп жейді. Оны әзірлеу үшін бізге төмендегідей азық-түліктер қажет:

- 3 банан;

- қара шоколад;

- 1 стақан грек жаңғағы;

- 3 ас қасық қаймақ;

- 1 киви (сәндік үшін).

1. Шоколадты бөліп, ыдысқа саламыз. 

2. Жаңғақты майдалаймыз. 

3. Бананды суреттегідей етіп кесеміз. 

4. Ішін оямыз. 

5. Шоколадты ерітіп, үстіне қаймақты құямыз. 

6. Бананның қалғанын бір ыдысқа саламыз. 

7. Үстіне үгітілген жаңғақты қосамыз. 

8. Барлығын жақсылап араластырамыз. 

9. Жоғарыдағы банандардың ішіне саламыз. 

10. Шоколад пен қаймақты жақсылап араластырып, ерітеміз. 

11. Қасықпен құйып шығамыз. 

12. Бетіне жаңғақ себеміз. 

13. Қалауымызша кивимен безендіреміз. 

Қ. Бүйенбай