Массагеттен мәзір: Ірімшік сорпасы

Массагеттен мәзір: Ірімшік сорпасы
Фото: massaget.kz

Бүгінгі материалымызда ірімшік сорпасының дайындалу жолын ұсынамыз. Күнделікті қарапайым сорпа жалықтырса, ірімшік қосылған ерекше де дәмді сорпаны дайындап көріңіздер.

Қажетті азық-түліктер: 

- тауықтың аяғы;

- 1 пияз;

- 2 кіші сәбіз;

- 3-4 картоп;

- 2 балқытылған ірімшік;

- аскөк.

Тауықтың аяғын суға қайнатамыз. Тауық піскенше қалған қажетті азық-түліктерді турап, дайындап қоямыз.

Пиязды ұсақтап тураймыз.

Сәбізді төртбұрышты етіп тураймыз.

Картопты орташа көлемде төртбұрышты етіп тураймыз.

Ірімшікті де төртбұрышты етіп тураймыз.

Аскөкті ұсақтап тураймыз.

Тауық піскен соң, сорпадан алып, орташа етіп турап, қайтадан сорпаға салып жібереміз. Сорпаға пиязды және сәбізді салып, біраз қайнатамыз. Одан соң, картопты саламыз. Картоп піскен соң, ірімшікті салып, қайнап тұрған сорпаны ірімшіктің барлығы еріп кеткенше, 5-7 минуттай араластырып тұрамыз. Сорпаны оттан аламыз. Дайын сорпаға аскөк саламыз.

Ірімшік сорпасы дайын! Астарыңыз дәмді болсын!

А. Жапатова