Мәзір: «Шуба» салаты

Мәзір: «Шуба» салаты

Құрамы:

  • 1 құты майшабақ;
  • 4-5 дана пісірілген картоп;
  • 3-4 дана пісірілген сәбіз;
  • 1-2 дана пісірілген жұмыртқа;
  • 3-4 дана пісірілген қызылша;
  • Жасыл бұршақ пен майонез.

 

Дайындалу жолы:

Үлкен тәрелкеге майшабақты салып, ыдыс көлеміне жаямыз.

 

 

Үстіне үккіштен өткізілген картопты саламыз.

 

Шанышқының  көмегімен майшабақтың үстін картоппен тегіс көмкереміз де, майонез құямыз.


Картопты үккіштен өткізілген сәбізбен көмкереміз де, тағы майонез құямыз.

 

Соңғы қабатты үккіштен өткізілген қызылшамен көмкереміз.


 Қызылшаның үстіне өрнектеп майонез құямыз да, жұмыртқаны үккіштен өткізіп, жасыл бұршақпен сәндейміз.

 

Астарыңыз дәмді болсын!

 Авторы: массагет қолданушысы *** AKA ***

С. А