Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Теңіз орамжапырағының пайдасы

Теңіз орамжапырағының пайдасы

Теңіз орамжапырағының пайдасы

Теңіз тағамдарының ішіндегі ең пайдалысы әрі қол жетімдісі – теңіз орамжапырағы. Бұл көкөніс танымал болғанменен, оны көпшілік аса ұната бермейді. Біркелкі дәмі бар, түрі өзгеше, иісі жағымсыз көкөністің ламинария деген атауы да бар.

Дүкен сөрелерінен ламинарияның неше түрлі нұсқасына табуға болады. Ол құрғақ, ұнтақ, кептірілген, мұздатылған күйінде сатылады. Қандай күйінде болмасын оның пайдалы құрамы өз қасиетін жоғалтпайды. Теңіз орамжапырағын күнделікті өмірде қияр, сәбіз, болгар бұрышы, саңырауқұлақ, баклажан, пияз, көк шөп, кәді т.с.с. көкөністермен пайдалануға болады.

Ламинария балдыр күйінде кез келген теңіз тұзды тереңінде өседі. Оның жапырақтарының ұзындығы 20-30 метрге дейін жетеді. Иісі бір түрлі өсімдіктің пайдасы ертеден-ақ белгілі болған. Ирландия мен Үндістан елдерінде ламинарияның көмегімен туберкулез, пневмания т.с.с өкпе ауруларын емдеген. Ежелгі Қытайда ламинарияны буын ауруларына қарсы пайдаланған. Ламинарияны йод жетіспеушілігі, артық салмақ, анемия т.б аурулардың алдын алу мақсатында қолданады.

Кептірілген ламинария

Теңіз орамжапырағының құрамында А,В,С,Д,Е тобындағы он бір дәрумен бар. Ол тұзды суда өскендіктен ол натрий, хлор, магний, калий, кальций, йод т.с.с. минералды элементтерге бай. Бұл көкөніс диеталық тамақ болып саналады. Ол асқазанда тез қорытылып, ағзадағы зиянды қалдықтарды сыртқа шығарады. Сондай-ақ, ламинария ағзадағы қан айналымын жақсартып, жүрек көк тамырларының бір қалыпты соғуына әсер етеді.

Аминқышқылдарына бай көкөніс ет жемейтін, кейбір тағамдарға аллергиясы бар жандарға өте пайдалы. Бұл көкөніс ағзаға жетіспейтін дәрумендердің орнын толтырады. Әсіресе, ламинария қарт кісілерге, аяғы ауыр келіншектерге, кішкентай және мектеп жасындағы балаларға өте пайдалы.

Көкөністің құрамындағы стерин ағзадағы зиянды қалдықтармен қатар, артық холестеринді шығарады. Сол себепте Жапония, Корей, Қытай т.с.с. теңізге жақын орналасқан елдерде ламинарияны күнделікті ас мәзіріне қосады.

Теңіз орамжапырағын ас үйде ғана емес, косметология мен фармацевтикада қолдануға болады. Ламинарияның ұнтағын иммунитетті күшейтетін дәрілерге, жарақатқа қарсы төтеп беретін майларға, биологиялық белсенді қоспаларға қосады. Ал майын әжімге қарсы кремдерде, қайызғақ жоятын сусабындарда, тырнақ, шаш өсімін тездететін бальзамдарда пайдланылады.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: cyanida.com, se.spvclub.com

3389 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 03 тамыз 2012, 15:17
Пікірлер
+0
03 тамыз 2012, 15:00

Осыншама пайдасы бар ма? :o

+0
03 тамыз 2012, 15:11

шынымен иісі жаман деп тыжырынып жүрсек,пайдасы көп екенғой :roll:

+0
03 тамыз 2012, 15:21

дәмді әрі пайдалы!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...