Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Пияздың пайдасы

Пияздың пайдасы

Пияздың пайдасы

Көзден жас ағызатын пияздың тағам дәмін кіргізумен қатар емдік қасиеті де бар екенін көпшілік біле бермейді. Пияздың шыққан жері – Қиыр Шығыс. Бірте-бірте Мысыр, Греция елдеріне жетіп, басқа елдерге тарай бастаған. Қай жерде болмасын, кез келген заманда пиязды ғажайып пайдалы өсімдік ретінде қабылдаған.

Ертеде римдіктер мен гректер пиязды жауынгерлерге күш және батылдық беретін әрі жарақатты жазатын шипалы, қасиеті күшті өсімдік деп есептеген. Олар пияздың бір түріне жеңімпаз деп ат берген. Қиыр Шығыс пен Сібір елдерін аралаған жиһанкездер пиязбен қырқұлақ (цинга) ауруын емдеген.

Пияз құрамында түрлі дәруменге бай минералды тұз, органикалық қышқыл, зиянды микробтарға қарсы төтеп беретін көзді ашытатын ұшпалы фитонцид деген зат бар. Ол ауадағы ауру тарататын микроб-бактерияларды жояды. Пияздың сөлі емге пайдалы. Мәселен, пиязды спиртке қосып жасаған аллачеп деген дәрі асқазан, ішек науқасына, сондай-ақ атеросклерозға да ем.

Пияздың қанның құрамындағы қантты азайтатын қасиеті де бар. Қант диабетімен ауыратындарға пияздан әзірленген сорпалы тамақ пайдалы. Бүйрегінде тасы бар сырқаттарға пияздың 1 ас қасық сөлін күніне екі-үш рет ішкен пайдалы.

Бәзбіреулер мұрнынан су ағып, тамағы қызарып ауырған кезде пияз сөлін тамызады. Бұл дұрыс емес. Себебі, қызарып, бөртіп тұрған сілекей қабығын пияз сөлі одан әрі асқындырып жібереді. Оның орнына пияз сөлін шәйнектегі ыстық суға қосып, булап емдеген пайдалы. Пияздың емдік қасиеті 15-20 минут сақталаиындықтан тезірек пайдаланған абзал.

Езілген пиязды сүтке қосып, дәкеге орап, аяқтың мүйізденіп кеткен жеріне басса, қатқан тері, нәрленіп, жұмсарады. Іріңдеген жараға, үсіген жерге басуға да болады.

Пияздың шаштың түсуін тоқтататын да қасиеті бар. Пияз сөлін мақтаға тигізіп, бастың құйқасына жағу керек. Сондай-ақ, пияды үккіштен өткізіп, оны басқа жағып, сыртынан таңып қою керек. 1,5-2 сағаттан соң, жылы сумен шайып жібереді.

Үккіштен өткізілген пиязға сұйық май, жұмыртқаның сары уызы, бал (1 шәй қасық) қосып, құрғақ шашқа жақса, шаш түсуі мен ұштануын тоқтатып, тез өседі.

Апельсин мен лимонға қарағанда, пияздың құрамында аскорбин қышқылы көбірек. Қазіргі таңда жер жүзінде пияздың төрт жүзден аса түрі белгілі. Пиязды жылдың кез келген маусымында пайдалануға болады.

Ескерту!

Пияздың емдік қасиетінің шипасын көру үшін алдымен дәрігердің ақыл-кеңесіне жүгініңіз. Себебі, бірқатар ауруларға пияздың пайдасынан гөрі зияны мол.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: mosfoodnews.ru, indexmed.net

21770 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 02 тамыз 2012, 09:43
Тегтер: пияз, денсаулық, ем,
Пікірлер
+0
02 тамыз 2012, 10:19

жақсы кеңес!

+0
11 тамыз 2014, 20:29

пияздың іші түгіл, сыртқы қабығы да өте пайдалы. оны кептіріп,үгітіп, қайнаған суға салып, астына баяу от жағып, қыздырған соң, бөлме температурасында 3-4 сағат суытсаңыз, қоңыр түсті сусын болып шығады. кәдімгі үйде ішетін қара шайымызға ұқсайды. қорықпаңыздар)) пияздың дәмі мүлде шықпайды, бул сусынды су сиякты дамсиз десек болады. бирак пайдасы шаш етектен, рактың алдын алады, аллергия емдейді, бетке әжім түсірмейді, т.с.с . 2-ші курсымда ғылыми конференцияда осы тақырыпты зерттеп, қорғаған болатынмын. 1-ші орын алып, 1 айлық стипендия ұтып алдым. сіздерге мақтанайын деп жазғам жоқ, айтқанымның шынымен өте пайдалы нәрсе екеніне көздеріңізді жеткізгім келгені))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...